«ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ – БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ТӨНГЕН ҚАУІП»
2021 жылдың 24-қарашада «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы 19-3,5 топтарының кураторлары Қ.Н. Сарыбекова және М.Т. Абжапарованың ұйымдастыруымен «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Аталған тәрбие сағатына Дінтану орталығының бас маманы Б.Алпысбаев дінтанушы маман ретінде шақырылып, діни экстремизмнің қауіп-қатері мен олардың діни-саяси идеологиялық белгілерін түсіндіріп өтті. Студенттер тарапынан қойылған «Діни экстремизмнің алдын-алу үшін қандай шаралар қолдану керек?», «Дәстүрлі емес діни ағымның ықпалына түскен жастардың психологиялық портреті қандай болады?», «Өзге жоғары оқу орнында Дінтану орталықтар жұмыс жасайды ма?» деген сұрақтардың жауаптары еркін түрде талқыланып, студенттер арасында діни сауаттылықты қалыптастырудың қажет екендігіне тоқталды. Ұйымдастырушы тарапынан бейнеролик пен слайдтар көрсетілді.