«ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДІНТАНУ НЕГІЗДЕРІ» КУРСЫНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

2021 жылдың 26-қарашада Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі №47 орта мектебінің ұйымдастыруымен 9-сынып оқушылары арасында өтілетін «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы аясында ашық сабақ өтілді. Аталған курс жалпы орта білім жүйесіндегі әлеуметтік-гуманитарлық және қоғамтанулық білім алудың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл курстың өткізудің негізгі мақсаты:

  • білім алушыларды зайырлылық қағидатын құндылық, яғни мемлекет тұрақтылығының басты факторы ретінде қабылдауға, дінді зайырлы таным аясында тануға үйрету;
  • діни сенім бостандығы, әлемдік және дәстүрлі діндердің, жаңа діни қозғалыстардың тарихы мен қазіргі жай-күйі, теріс пиғылды діни ағымдар мен тыйым салынған діни ұйымдар туралы жан-жақты білімін қалыптастыру;
  • оқушыларды экстремизм, терроризм және діни радикализм идеологияларын қабылдамауға үйрету, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде толеранттылық қасиетке тәрбиелеу және олардың гуманистік дүниетанымын қалыптастыру.

Дулати университетінің құрамындағы Дінтану орталығы тарапынан білім беру жүйесіндегі «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқыту жүйесінің дамуына үлес қосу мақсатында орта білім беру ұйымдармен бірлесе жұмыс жасап келеді. Осыған орай, жоғарыда аталған іс-шараға Дулати университеті Дінтану орталығының бас маманы Бахтияр Алпысбаев дінтанушы маман ретінде шақырылып, ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған кешенді жоспардың бағыттарына сәйкес, оқушылардың бойында діни сауаттылықты қалыптастыру және дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалынан қорғау бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстар туралы, білім беру ұйымдарында діни іс-шаралар мен миссионерлік қызметті өткізуге жол берілмейтіндігі және оқушылардың бойында дінтанулық, құқықтық сауаттылықты қалыптастыру өзекті мәселе екендігі айтылды.

2

 

Top