СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ДІНИ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

2021 жылдың 23-желтоқсанда «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институты «Өмір тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының ұйымдастыруымен «Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтілді. Аталған кездесуге Тараз қаласының ювеналдық полиция қызметкерлері, институт директоры Шилібек Кенжеғали Қошқарбайұлы, «Әлеуметтік психология»  кафедрасының аға оқытушысы А.Т.Абдрахманова және Дінтану орталығының бас маманы Б.Алпысбаев қатысып, студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алуына байланысты құқықтық және діни сауаттылықты қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып өтті. «Тәрбие және ұлттық құндылық», «діни экстремзмнің қауіп-қатері», «құқықбұзушылық әрекеттерден сақ болу» тақырыптарға орай, еркін түрде пікірлер алмасылды.

2

3

Top