ЖАТАҚХАНА СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ

2022 жылдың 14-қантарында Дінтану орталығы тарапынан №2, 3 жатақхана студенттерімен рухани-адамгершілік тәрбие беру бағытында топтық және жеке кездесу жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында Б.Алпысбаев студенттерге алаштың ардақтысы  Мағжан Жұмабаевтың «Кімде-кім өзін сүйсе, туысқандарын сүйсе, өз елін сүйсе, әсіресе, адам баласын бауырым деп білсе, сол адамды ізгі дейміз» деп айтқандай, рухани-адамгершілік құндылықтарды ұрпақ бойына дарытып, әлеуметтік ортадағы мейірімділік, ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу, жастардың өмірге оң көзқарастарын қалыптастыру бүгінгі нақтылықтың негізгі мәселесіне айналу керектігін атап өтті. Соңында сұрақ-жауап ретінде жалғасты.

 

2

4

Top