ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША КУРАТОРЛЫҚ САҒАТ

2022 жылдың 01-ақпанында 2.5 - 427 оқу ғимаратында «Текстиль материалтану және стандарттау» кафедрасының оқытушысы Корабаева Аймерей Оралханқызының ұйымдастыруымен «Стандарттау және өнер кәсіпте сапаны бақылау» мамандығының 1,2,3 курс студенттеріне арналған дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында кураторлық сағаты өтілді. Аталған іс-шараға Дінтану орталығының бас маманы Б.Қ.Алпысбаев дінтанушы маман ретінде шақырылып, еліміздің дін саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыру бағыттарымен таныстырды. Сонымен қатар, Б.Алпысбаев өз баяндамасында: «...жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу шаралары бойынша жұмыс ең алдымен, өскелең ұрпаққа берілетін тәрбиемен ұштастырыла атқарылуы тиіс. Бүгінгі таңда қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр...» деп атап өтті. Іс-шараның соңында сұрақ-жауап ретінде жалғасты.

 2

Top