КУРАТОРЛЫҚ САҒАТТА ӨТІЛЕТІН ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

2022 жылдың 02 - ақпанында 1.3-309 оқу ғимаратында «Филология және журналистика» кафедрасының аға оқытушысы Б.Ж.Мырзаханованың ұйымдастыруымен «Конвергенттік журналистика» мамандығының 1-курс студенттеріне қоғамдағы діни экстремизм көріністерін алдын-алу бағытына байланысты кураторлық сағаты өтілді. Аталған кураторлық сағатқа Дінтану орталығының бас маманы Б.Қ.Алпысбаев дінтанушы маман ретінде шақырылып, студент жастарға қоғамдағы деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан сақ болуға, интернет желісінде шетелдік діни үгіт-насихаттарды тыңдамауға және конфессияаралық, этносаралық қатынасты сақтауға шақырды. Сонымен қатар, Б.Алпысбаев көрнекті слайд арқылы Дінтану орталықтың жұмыс барысымен таныстырып, қоғамдағы діни экстремизм көріністерін алдын-алу үшін студенттер арасында рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде толеранттылық және жауапкершілік қасиетке тәрбиелеу қажеттілігін атап өтті.

 2

3

Top