ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ
2022 жылы 08-ақпанында «Туризм және сервис» кафедрасының аға оқытушысы А.Наурызбекованың ұйымдастыруымен «Туризм» мамандығының 1-курс студенттеріне тәрбие және дін саласына байланысты кураторлық сағаты өтілді. Бұл іс-шараға Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментіне қарасты Дінтану орталығының бас маманы Б.Алпысбаев қатысып, ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі 2021 - 2023 жылдарға арналған кешенді жоспарда көрсетілгендей білім алушылардың діни сауатттылығын арттыру мәселесі ерекше екендігін атап өтті. Өйткені, жастар діни радикалдардың әсеріне ұшыраған осал топтардың бірі болып табылады. Қазіргі таңда алаңдайтын мәселе – жастардың интернет желісінде шетелдік діни уағызшылардың кесірінен өзге діни идеологияны қабылдауы. Сол үшін студенттер арасында дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу өте маңызды болып табылады. Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, оларға тұшымды жауаптар берілді.