ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ЖАСТАР
2022 жылдың 09-ақпанында «Ақпарат жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы Л.А.Абдыкеримованың бастамасымен «Ақпараттық жүйелер технологиясы» мамандығының 1-2 курс студенттеріне ұлттық тәрбие және дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына байланысты кураторлық сағаты өтілді. Аталған кезедесуге Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің бас маманы Б.Қ.Алпысбаев дінтанушы маман ретінде шақырылып, студенттердің бойында рухани тәрбие арқылы қалыптасатын ұлттық сана толыққанды қалыптасатын болса, сонда ғана жас ұрпақ радикалдық және деструктивтік діни идеологияның ықпалына ұшырамайды. Сол үшін жастардың ұлттық-рухани санасын түлету ісінде Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы т.б. қазақ ойшылдардың рухани еңбектері арқылы үлгі-өнеге бере аламыз. Сонымен қатар, студенттер ұлттық-рухани бірегейлікке байланысты өздерінің ойларын білдіріп, сұрақ-жауап ретінде жалғасын тапты.