ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ДІНИ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

2022 жылдың 17-ақпанда «Спорт және өнер» факультетінің бастамасымен 5.1-111 оқу ғимаратында «Адам өмірі бәрінен құнды» тақырыбында жастар арасында құқықбұзушылық және діни экстремизм әрекеттерін алдын-алу мақсатында кездесу ұйымдастырылды. Аталған кездесуге Тараз қалалық полиция басқармасының қызметкерлері, Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің құрамындағы Дінтану орталығы,  «Спорт және өнер» факультеттің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары және 1,2-курс студенттері қатысты. Жастардың бойында құқықтық және діни сауаттылықты қалыптастырудың маңыздылығы - олардың  қылмыстық әрекеттерге ұрынбау,  дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалына ұшырамау және өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдау болып табылады. Кездесудің соңында сұрақ-жауап ретінде жалғасты. Қатысқандар саны – 70.

 image003

Top