ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ...

Көктем мен арулардың табиғатында ұқсастықтың бар. Халықаралық әйелдер мерекесінің де осы көктемнің алғашқы айында келуі де содан болар. Осы мерекеге орай М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде өткен арулар байқауында осыны байқадық. Қалай десек те, көктемдей құлпырған қыздарға әсемдік жарасатынына талас жоқ.

«Дулати аруы – 2022» байқауында университеттің 11 үміткері бақ сынады .Арулардың сыны мен сымбаты, ақылы мен білімі сынға түскен байқауға университет проректоры Данияр Нұрмұханбет, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Меруерт Мейрамбайқызы, А.Тоқманбетов атындағы облыстық қазақ драма театрының актрисасы Назым Ақылова әділ төрелік жасады.

Байқау қорытындысында «Өнер және спорт» факультетінің 2-курс студенті Гаухар Бекмахан бас жүлдені жеңіп алды. Ал «Гуманитарлы-әлеуметтік ғылымдар» факультетінде білім алып жатқан Талшын Жаханова 1-орынды иеленді. «Ұстаз» институтының үміті Малика Бақаева 2-орынды еншіледі. үздіктер қатарын «Экономика және құқық» факультетінің 2-курс студенті Малика Арманқызы мен «Өнер және спорт» факультетінің 1-курс студенті Қарақат Мейрамбек түйіндеді.

2

3

4

5

6

7

Top