«ДУЛАТИТАНУ ЖӘНЕ ӨҢІР ТАРИХЫ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ
«Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор.
Байланыс телефоны: 87014702054
E-mail: su.bakhtorazov@dulaty.kz
Мекен-жайы: көше Сулейманова, үй № 11, корпус 1.4.302- каб.
Сұрақ қою1999 жылы Мұхаммед Хайдар Дулатидің 500 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталуына орай, универсиетте 1999 жылғы 18 қаңтарда шыққан «О создании центра по изучению творчества М.Х.Дулати» атты №10 бұйрығына байланысты орталық құрылды.
12 маусым 2023 жылы директорлар кеңесінің шешімімен орталықтарды ірілендіру мақсатында «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығы болып қайта құрылды.
Орталықтың негізгі мақсаты – көрнекті қоғам қайраткері, ғұлама ғалым: тарихшы, ақын, әрі дипломат Мұхаммед Хайдар Дулати мұраларын жан-жақты зерттеу, насихаттау болып табылады. Тараз өңірі мен Әулиеата уезінің тарихына қатысты кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қордаланған материалдардың негізінде көптомдық құжаттар жинағы мен монографиялық еңбектер даярлау.
- Ғылыми-зерттеу орталығының басты бағыттары:
- М.Х.Дулати өмірі мен атқарған қызметтері туралы зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- М.Х.Дулати шығармашылығына арналған тарихи жазба түпдеректермен ғылыми зерттеу еңбектерін саралау жұмыстарын ұйымдастыру;
- Дәстүрлі «Дулати оқулары» мен Өңір тарихына қатысты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларды дайындау және өткізу
- М.Х.Дулати және Өңір тарихы бағытындағы отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу институттарымен, орталықтармен шығармашылық-ғылыми байланыстар орнату
- « Орта ғасырлардағы Тараз және Әулиеата уезінің тарихы» сериясымен құжаттар жинақтарын жарыққа шығару
- Жамбыл облысының тарихына қатысты монографиялар мен оқу құралдарын шығару
1.Мұххамед Хайдар Дулати(Дуғлат) (1499-1551) – XVI ғасырда өмір сүрген көрнекті мемлекет қайраткері, атақты тарихшы ғалым,ақын, дипломат, әскери қлбасшы. Қазақ халқы тарих сахнасына көтерілген тұста өмір сүрген үлкен ойшыл. Өмірінің негізгі кезеңдері осы күнгі Орталық Азияның Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыстан, Ауғанстан, Пәкстан һәм Үндістан мен Шығыс Түркістан және Тибет елдерінде өтті. Ол осы жұрттар тарихына қатысты «Тарих-и Рашиди» атты тарихи-мемуарлық еңбек және «Жаһан наме» атты поэма жазған. Осы бір дарабз ірі тұлғаның өмірі мен шығармашылығына арналған өмірбаяндық-библиографмялық анықтамалыққа ұлы тұлға және оның шығармалары жайлы негізінен 1829-2018 жылдар аралығында жазылған қазақ, қырғыз, өзбек, тәжік, ұйғыр, түрік, парсы, орыс тілдерімен қатар ағылшын, неміс, француз тілдеріндегі де әдебиеттер енгізілді.
2.Жинақ көрнекті мемлекет қайраткері, тарихшы ғалым, ақын, ойшыл Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) жайлы Қазақстан ғалымдарының әр жылдары жазылған мақалаларынан құрастырылған. Онда белгілі қайраткердің өмір жолы мен шығармашылығы жан-жақты сөз етілген.
- Орталық Азия халқының ғылымы мен мәдениеті, әдебиетінің қалыптасуына зор үлес қосқан, халықымыздың тұңғыш тарихшысы, ойшыл, жазушы Мұхаммед Хайдар Дулати өмірі мен мұрасының зерттелуінде М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті үлкен ұйымдастырушылық жұмыстар атқарып келеді. Екі жылда бір рет тұрақты өткізіліп келе жатқан дәстүрлі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмыстары республика, әлем ғалымдарын Дулати тақырыбына бағыттауда елеулі орын алып келеді.Университеттің 60 жылдығы мерейтойы қарсаңында дайындалған ғылыми жинақ сондай конференция материалдары негізінде құрастырылған. Мұнда әр жылдардағы түрлі тақырыптарда жазылған ғалымдардың мақалалары іріктелініп алынған.
4.Бұл кітапта автор М.Х.Дулатидің тарихи-филологиялық, танымдық-филосоиялық тұрғыда алғаш рет жүйеленіп (1499-1551) шығармашылығы әр қырынан алынып зерттеуге арналған материалдар беріліп отыр. Дулатидің мемлекет қайраткері, қолбасшы, жазушы, суретші ғұлама ғалым ретіндегі болмысы жан-жақты ашылып қарастырылады. Ұлы ойшыл ең алдымен тарихшы, қазақ тарихының атасы ғана емес, ол, сондай-ақ қазақтың тұңғыш мемуарист жазушысы екенін зерделеген тың ойлар, жаңалыққа негізделген тұжырымдар жасалынған. Бұл еңбекте ұлы ғұламаның шығармашылығы арнайы тың тақырыптар аясында қарастырылып оқырмандарды тосын жаңалықты дүниелермен қауыштырады.
5.Оқу құралында алғашқы қазақ хандары, XV ғасырдың ІІ жартысы мен XVІ ғасырдың І жартысындағы Қазақ хандығының саяси билігі, құқықтық басқару жүйесі, саясаты мен әлеуметтік жағдайы және қазақ халқының этнографиясы мен этногенезіне, басқа да этностардың этнонимдеріне қатысты тарихи деректер қарастырылған.
- 2016 жыл- рухани мәдениетіміздің алтын белесіне айналып, ЮНЕСКО көлемінде «Қожа Ахмет Ясауи жылы» болып жарияланды. Ислам дінінің жанашыры әрі насихатшысы, сопылық ілімнің көрнекті өкілі Қ.А.ясауи мен мемлекет қайраткері, ұлы ғалым, ақын М.Х.Дулати бабаларымыздың еңбектеріндегі рухани үндестік пен тарихи сабақтастықты жан-жақты зерделеген отандық ғалымдардың ғылыми мақалалары жинаққа енгізілді.
7.Бұл кітап Мырза Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашиди» еңбегінің көп қырлы екендігіне қатысты энциклопедиялық туынды ретіндеқарастырылды. Қолжазба еңбекте осы шығарманың үш саласын қамтиды: тіл, әдебиет, тарих. Осы әр тақырыптың саласы бойынша еңбектен нақты мысалдар түпнұсқадағы түркі һәм парсы тіліндегі мәтіндер мысалға алынып, қазақ тіліндегі түсініктемесі беріліп отырады. Оқырмандарды «Тарих-и Рашиди» еңбегінің соңғы аудармалары мен зерттеулернен хабардар етеді.
- Мырза Мұхаммед Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашиди» еңбегі тарихи-әдеби шығарма бола тұра мәселен-тарих, әдебиет, психология, философия, жағрафия, тіл тағы басқа салаларды қамтиды. «Тарих-и Рашидиде» моғол хандары, Шейбани хан, Әмір Темір әулеттері, Дулат әмірлері, қазақ хандығы арасында болған саяси-тарихи қатынастарды еңбектің ізімен басқа тарихи зерттеу жұмыстарды пайдалана отырып, жеке тараулар бойынша оқырманға ұсынады. Сондай-ақ Мырза Хайдар «Тарих-и Рашиди» еңбегінде пайдаланған мәселен Әта Мәлік Жовейнидің «Тарих-е Жаһангошай», Фәзлолла Рашидеддиннің «Жами-ат-тауарих», Шәрәфәддин Әли Иәздидің «Зәфәрнаме» сынды тарихи жазба деректер туралы толығырақ мәлімет беріп, оқырман қауымды орта ғасырлық жазба деректермен таныстыруы кітаптың мәнін арттыра түседі.
- Мырза Мұхаммед Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашиди» еңбегі тарихи-әдеби шығарма бола тұра-тарих, әдебиет, психология, философия, жағрафия, тіл тағы басқа салаларды қамтиды. Сондықтан аталған шығарма энциклопедиялық сипатқа ие екендігін айта аламыз. Сол себептен жалпы оқырман үшін күрделі еңбек болып табылады.
Авторлар «Тарих-и Рашиди» еңбегін көпшілікке тиімді болу үшін оны әр салаға бөліп қарастыруды жөн көрген. Осы мақсатта шығармада сөз болған шығыс әдебиетінің поэзиясындағы түрлі жанрдың шығу тегі, тарихи себептері, түркі әдебиетіндегі орны және қазақ әдебиетімен байланыстарын заман және саяси себептер негізінде зерделеген. Кітап оқу құралы ретінде әдебиет пәнінің мұғалімдеріне, білімгерлері, ізденуші һәм көпшілігі әдебиет сүйер қауымға арналады.
- Ислам Жеменейдің бұл монографиясында халқымыздың ХV ғасырға дейінгі рухани, әдеби-мәдени дүниетанымы Мұхаммед Хайдар Дулат арқылы зерделей зерттелген. Еліміздің ежелгі көрнекті тарихшы-қаламгері М.Х.Дулаттың өмірі мен шығармашылығынан толық мағлұмат берілумен қатар оның тұстастары Атай, Сакаки, Лүтпи сынды ақын қаламгерлердің өмір жолы мен еңбектері жайлы да деректер келтіріледі. Зерттеуші өз еңбегінде әлемге, оның ішінде қазақтарға ертеден әйгілі ирандық «Шаһнаме» дастанын халқымыздың тарихына, әдебиетіне қатысты жаңа қырынан тереңірек жеткізеді.
- Бұл кітапта ұлы ғұлама, ақын, мемлекеттік қайраткер, қолбасшы Мұхаммед Хайдар Дулаттың 500 жылдығына алғаш рет ұйымдастырылған ресми делегация құрамындағы еліміздің мемлекет, қоғам қайраткерлері мен ғалымдарының Дели, Сринагар қалаларындағы университет ғалымдарымен бірлесе өткізген ғылыми жиындардағы туындаған тың пікірлер мен көзқарастар берілген.
12.Мырза Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашиди еңбегінің парсы тіліндегі текстологиясы» деп аталады. Еңбек Тәжікстан қолжазба қорындағы нұсқасын негізге ала отырып, Өзбекстан және Иранда жарық көрген Лондон, Тегеран қолжазбаларымен салыстырылып дайындалған ортақ мәтіні болып саналады. Текстологиялық еңбектің басты артықшылығы Мырза Хайдар шығармасында қолданған ондаған қазақ сөздерін анықтап парсы және қазақ тілдерінде сөздігін жазғандығы, әрі шығарманың күні бүгінге дейінгі жасалған толық мәтіні болғандығында жатыр. Екіншіден – түркі өлеңдерінің де қазақша һәм парсыша аудармаларын берген. Парсы тілінде «Тараз тарих айнасы» атты мақаласы арқылы Тараз қаласының Орталық Азиядағы тарихи-мәдени орнын айқындайды. Еңбектің тағы бір ұтымды тұсы – Мырза Мұхаммед Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашиди» еңбегінің зерттеу һәм аудармаларының жарық көрген соңғы дүниелерімен зерттеуші, ізденушілерді парсы тілінде таныстырады. Дүние жүзінде парсы тілін білетін шығыстанушы ғалымдардың Қазақстанда зерттеліп жатқан «Тарих-и Рашиди» туралы зерттеулермен танысуға мүмкіндігі бар, бұл текстологиялық жұмыс қазақ шығыстану ғылымында тұңғыш рет жазылып отырғанын атап өткен жөн.
- Кітапта ұлттық әдебиеттің тарихына, дәстүр жалғастығына, көрнекті ақын-жазушылардың шығармаларына , қазіргі әдебиеттің көркемдік ізденістері мен көкейкесті мәселелеріне қатысты әдеби зерттеулер мен сын мақалалар жинақталып берілген. XVI ғасырдың дара тұлғасы атақты тарихшы, қолбасшы, жан-жақты дарын иесі М.Х.Дулатидің «Жаһан наме» дастаны талданып, оның қазақ халық әдебиетімен танымдық сабақтастығы айтылады.
- Кеңестік кезеңде аграрлық мәселенің шешілуі жер туралы Декреттен басталып, алғашында шаруаларға жер бөлініп берілсе, кейіннен ешбір жағдай жасалынбай үжымдастыруға көшумен жалғастырылды, бұл арқылы жерге жеке меншік, кооперативтік меншікке айналдырылған еді. Зерттеу жұмысында ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Әулиеата өңіріндегі жүргізілген кәмпескелеу және күштеп ұжымдастыру науқандары барысына талдау жасалынып, оның қасіреті себеп-салдарлары фактілік материалдар негізінде айқындалады. Кітап Отан тарихын білуге мүдделі зерттеушілерге, студенттерге, магистранттар мен көпшілік қауымға арналған.
- Зерттеу жұмысында ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның оңтүстігіндегі жалпы ішкі саяси жағдайларға талдау жасалып, жазалау органдарының қатаң репрессивтік іс-шаралар арқылы орталықтың саяси бағытымен келіспеушілерді қалай тұқыртып ұстағандығының себеп- салдарлары фактілік материалдар негізінде айқындалады. Кітап Отан тарихын білуге мүдделі зерттеушілерге, студенттерге, магистранттар мен көпшілік қауымға арналған.
- Ақпан айы 2023 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Маркетинг және кәсіптік бағдарлау» департаменті және «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығы бірігіп, Жамбыл облысы мектеп оқушылары арасында «Мұхаммед Хайдар Дулати еңбектерінің тәлім-тәрбиелік маңызы» атты онлайн эссе байқауын ұйымдастырған. Байқауға көптеген оқушылар жазған эсселер келіп түсті. Сол эсселердің ішінен жақсылары деген іріктеліп, жинаққа ұсынылып отыр. Мектеп оқушыларының ұлы баба М.Х.Дулати жөніндегі ой-толғаныстары, өзіндік пікірлері мен келтірілген дәйек сөздері эссе жазуда ізденгенін, көбірек білгісі келгенін аңғартады.
- Көне түркілер дүниетанымындағы «Әлем» және «Адам» концептілері көне түркі ескерткіштерімен орта ғасыр мұралары материалдары негізінде талданды. Көне түркілер дүниетанымындағы «Адам концептісіне» қатысты тілдік бірліктердің семантикасы Абайдың «Толыққ адам» ұғымымен сабақтастырыла талданып, тұжырымдар жасалған. Тәңірлік дәуір кезеңіндегі көне түркілер дүниетанымындағы «Әлем» концептісі шумерлер мен көне түркілердегі ұғым-түсініктер аясында сараланды.Рухани мұралардағы дәстүр жалғастығы мен идеялар сабақтастығы монографияда «Адам+Әлем+ Уақыт+Еркіндік» ұғымдарының бірлігі тұрғысынан пайымдаулар жасалды.
- XVI ғасыр перзенті, атақты тарихшы, ақын-жазушы, әйгілі қолбасшы, жан-жақты дарын иесі Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің (1499-1551) өмірі күрес пен тартысқа толы болды. Ол өз басынан да талай қиын кезеңдерді өткерді. Өмірінің соңғы 11 жылында Кашмирде билік жүргізді. Алайда, осыншалықты күрделі өмір жолына қарамастан, жарқын дарын иесі «Тарих-и Рашиди», «Жаһан наме» атты тарихи маңызды, ғибратты туындыларын жазды. Шығармаларынан автордың қайраткерлік-азаматтық тұлғасы, бейбіт өмір мен жақсы тұрмысты, адамдар арасындағы бауырмалдылықты аңсаған гуманистік болмысы көрінеді.Ғалым-жазушының пәлсапалық ой-толғамдары қазіргі уақыт үшін де маңызын жойған жоқ. Кітап монографиялық –эсселік бағытта жазылған. Көрнекті тұлға өмірі мен шығармашылығын тереңірек білгісі келген зиялы қауымға, студент жастарға, жалпы оқырманға арналған.
Лауазымы: «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор.
Байланыс телефоны: 87014702054
E-mail: su.bakhtorazov@dulaty.kz
Лауазымы: «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор.
Байланыс телефоны: 87072708671
E-mail: so.kulbarak@dulaty.kz
Лауазымы: ғылыми зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының магистрі
Байланыс телефоны: 87017683957
E-mail: bk.orynbasar@dulaty.kz
Лауазымы: ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының магистрі.
Байланыс телефоны: 87053447540
E-mail: sambetova@dulaty.kz