Super User

Super User

23.09. – 24.09.2021ж. күндер аралығында «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетінің ұйымдастыруымен топ кураторлар мен 1-курс студенттерге арналған дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараға Дулати университетінің құрамындағы Дінтану орталығының бас маманы Бахтияр Алпысбаев дінтанушы маман ретінде шақырылды. Дінтану орталығының жұмыс жоспарына сай, Б.Алпысбаев өз баяндамасында ҚР Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және ҚР «Діни қызмет және діни бірлесіктер туралы» заңына сәйкес діни экстремизм мен терроризмнің қауіп-қатерінен сақтану жолдары, мемлекет пен дін арақатынасын реттейтін зайырлылық ұстанымды сақтау және университетінің ішкі тәртіп Ережесін, Корпоративтік әдеп туралы Ережесін сақтау туралы ой-пікірлерді айтып өтті.

2021 ж. 26 қарашада М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «VI Үркімбаев оқулары» Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференциясын өткізу жоспарлануда.

Конференция жұмысы келесі бағыттары бойынша жүргізіледі:

  1. Механика, машина жасау және энергетика
  2. Гидротехника, мелиорация және қоршаған ортаны қорғау
  3. Құрылыс, құрылыс материалдары және конструкциялары
  4. Ақпараттық жүйелер және робототехника
  5. Экономика және құқық
  6. Жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдары

Ұйымдастыру комитеті

Таразский региональный университет им. М. Х. Дулати 26 ноября 2021 г. планируется проведение Международной научно-практической онлайн конференции «VI Уркимбаевские чтения».

Работа конференции будет проводиться по следующим направлениям:

  1. Механика, машиностроение и энергетика
  2. Гидротехника, мелиорация и охрана окружающей среды
  3. Строительство, строительные материалы и конструкции
  4. Информационные системы и робототехника
  5. Экономика и право
  6. Естественные и социально-гуманитарные науки

Оргкомитет конференции

Жұма, 24 Қыркүйек 2021 04:37

НАУЧНО-МЕТОДИЧЕСКИЙ СЕМИНАР

23 сентября 2021 года на кафедре «Химия и химическая технология» технологического факультета Таразского регионального университета имени М. Х. Дулати прошел научно-методический семинар по совершенствованию учебно-методической работы.

В семинаре приняли участие все профессорско-преподавательский состав, магистранты и докторанты кафедры.

На научно-методическом семинаре к.т.н., доцент Жарлыкапова Роза Байкешовна выступила с докладом «Формы и методы активизации познавательной деятельности студентов при изучении химии в онлайн режиме в условиях пандемии». Своими мыслями и впечатлениями по теме поделилась заведующая кафедрой, к.х.н., профессор Масалимова Бакытгуль Кабыкеновна и ветеран педагог, к.т.н., профессор Шолак Абдигали Абильдаевич.

Целью научно-методического семинара является повышение педагогического мастерства преподавателей, организация обмена опытом и развитие профессиональных компетенций молодых учителей путем ознакомления их с различными методами повышения познавательной активности студентов при обучении химии онлайн в пандемия.

Семинар был очень информативным и полон полезной информации.

Старший преподаватель кафедры
«Химия и химическая технология»
магистр химии Мамешова Саят Алишериевна

Жұма, 24 Қыркүйек 2021 04:26

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР

2021 жылдың 23 қыркүйегінде М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасында оқу-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру бойынша ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Семинар жұмысына кафедраның барлық профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар және докторанттар қатысты.

Сәрсенбі, 22 Қыркүйек 2021 16:34

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН ҚОС КҮМІС

Дулати университетінің студентттері армрестлингтен Азия чемпионатынан қос күміспен оралды.  65 кг. салмақта білек сынасқан «Дене тәрбиесі» мамандығының 3-курс студенті Хабиев Адам екінші орын иеленсе, осы мамандықтың 2-курс студенті Джидебаев Аят 70 кг. салмақ дәрежесінде күміс алқа иегері атанды.

Алматы облысының Жанашар қаласында өткен армрестлингтен Азия чемпионатына Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Иран, Түркіменстан және Моңғолиядан 600-ден астам спортшы қатысты.

Азия біріншілігі мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өтті.

Қазіргі уақытта «Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу орталығында»  54 мүмкіндігі шектеулі студенттер бар.

Орталық мүмкіндіктері шектеулі студенттерді инклюзивті оқытумен қатар, студенттердің  әлеуметтік - мәдени оңалтуына қолдау көрсетуде. Студенттердің көпшілігі университеттің қоғамдық жұмысына белсене араласып келеді. Солардың ішінде университет атын шығарып жүрген «Дене тәрбиесі» мамандығының 3-курс студенті Хабиев Адам және «Дене тәрбиесі» мамандығының 2-курс студенті Джидебаев Аят Серікұлы. Жастар спорттың армрестлинг (қол күрес) түрімен шұғылданады. Көптеген халықаралық және республикалық жарыстарға қатысып, жүлдегер атанған.

Атап айтсақ, 2019 жылы Армрестлингтен Қырғызстанда өткен мүмкіндігі шектеулі ұлдар арасындағы Азия чемпионатында және Алматыда өткен Азияның ашық кубогында алтын медаль, Жамбыл облысының ұлдар арасындағы чемпионатта және «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында өткен ашық турнирде  бірінші орын алған. 2021 жылы Алматыда өткен Азия чемпионатында Азияның ашық кубогында алтын медальмен марапатталып  турнирде екінші орын алған.

Жеңімпаз болған қос батырымызды құттықтаймыз!!!

Дулати Университетінің
медиа-қызметі

252 бет. Барлығы: 460
Top