Super User

Super User

Ағымдағы жылдың 24-27 тамыз аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының базасында оқытушылар құрамы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-мен бірлесіп, 20 академиялық сағат көлемінде Тараз қаласы мен Жамбыл облысының 25 алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушыларымен онлайн форматта кезекті курстар өткізді.

С 24 по 27 августа текущего года на базе военной кафедры Таразского регионального университета имени М.Х.Дулати преподавательским составом совместно с АО «Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» проведены очередные курсы в онлайн формате с 25 преподавателями-организаторами начальной военной и технологической подготовки города Тараз и Жамбылской области в объеме 20 академических часов.

Бейсенбі, 02 Қыркүйек 2021 08:04

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ТІЛІ...

Сәрсенбі, 01 Қыркүйек 2021 11:40

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Құрметті ұжым, қымбатты білім алушылар және ата-аналар! 

Міне, жаңа оқу жылы да келіп жетті. Әр жаңа оқу жылынан  жаңалық күтетініміз бар. Сіздерді 1-қыркүйек Білім күнімен шын жүректен құттықтай отырып, биылғы оқу жылындағы басты жағымды жаңалықтармен бөлісуді жөн көрдім:

  • биылғы оқу жылында 5000-нан астам талапкер Дулати университетіне сенім білдіріп, білім беру бағдарламаларын таңдады;
  • бакалавриат бойынша 907 грант, магистратура бойынша 127 грант, докторантура бойынша 13 грант иегерлері оқуға түсті;
  • профессор-оқытушылар құрамының жалақысы 35%-ға артты;
  • Дулати университетінде Академиялық шеберлік орталығын құруға 4 млрд. теңге тұратын мемлекеттік инвестициялық жоба бойынша келісім-шарт жасалынды;
  • Университет 241 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар дайындайтын болады;
  • жаңа «Өнер және спорт» факультеті ашылды;
  • спорттық құрылымдарды жаңа үлгіде жаңарту жоспары еңгізілді;
  • жаңа 5 қабатты 516 орынды жатақхана қолданысқа берілуі жоспарлануда;
  • шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында алдағы оқу жылында шетелдің озық әдістері мен үлгілері бойынша дәріс беру үшін Бразилия, АҚШ, Турция, Германия елдерінің мамандарымен келісім шарттар жасалуда.

Құрметті білім алушылар, бірінші курс студенттері Дулати университетіне білдірген сенімдеріңіз үшін ұжымның атынан алғысымды білдіремін! Сіздер 60 жылдан астам тарихы бар, оқу және ғылыми тәжірибесі мол оңтүстік өңірдегі ең ірі жоғары оқу орны - Дулати Университетінің студенттері атандыңыздар. Алда қызықты әрі мазмұнды студенттік өмір күтіп тұр! Оқуда озат болыңыздар, Сіздерге ғылымда шығармашылық пен табыс тілеймін!

Біздің университетімізде өз ісіне адал, білікті де білімді мамандар жұмыс жасайды. Білім алушылардың бізге артқан сенімдерін аманат ретінде қабылдап,  сапалы білім беріп, отандық және халықаралық еңбек нарығында жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды дайындап шығады деген сенімдемін.

Баршаңызға зор денсаулық, амандық және оптимизм тілейміз. Жаңа оқу жылы барлығымыз үшін жетістіктерге, кәсіби және шығармашылық жеңістерге толы жыл болсын.

Басқарма төрағасы - Ректор
Ешенқұлов Талғат Ілиясұлы

Сәрсенбі, 01 Қыркүйек 2021 10:03

1 - ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІМЕН!

01.09.2021 ж. М.Х.Дулати атындағы тараз өңірлік унверситеті «Ұстаз» институты «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен 1-курс студенттерімен танысу жұмыстары жүргізілді. Іс-шараны өткізудегі мақсатымыз жаңа өмір бастағалы отырған жастарымызға жол көрсетіп, мамандық туралы мағұлмат бере отырып, жастарымыздың ел болашығы ретінде сапалы мамандық иелері атануларына үлес қосу.

Сәрсенбі, 01 Қыркүйек 2021 09:36

АЙБАРЫ АСҚАҚ АТА ЗАҢ

1 сентября 2021 года в онлайн-формате прошло онлайн-мероприятие, посвященное Дню Конституции и Дню знаний на тему «Айбары Асқақ Ата Заң». Организаторы мероприятия - студенты 2 курса образовательной программы  Химии- 6В05314 кафедры «Химия и химическая технология» технологического факультета Таразского регионального университета имени М. Х. Дулати и куратор группы, магистр химии Мамешова Саят Алишериевна. В торжественном собрании приняли участие заведующая кафедрой «Химия и химическая технология», кандидат химических наук, профессор Масалимова Бакытгуль Кабыкеновна, кураторы и студенты группы.

Сәрсенбі, 01 Қыркүйек 2021 09:28

АЙБАРЫ АСҚАҚ АТА ЗАҢ

2021 жылдың 1-ші қыркүйегінде  Конституция күніне және Білім күніне арналған «Айбары асқақ Ата заң» тақырыбында онлайн форматта мерекелік іс-шара өткізілді.  Іс-шараны ұйымдастырушылар – М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының 6В05314-Химия білім беру бағдарламасының  2 курс студенттері және топ кураторы химия магистрі Мамешова Саят Әлішеріқызы.  Мерекелік бас қосуға «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі х.ғ.к., профессор Масалимова Бақытгүл Қабыкенқызы, профессор-оқытушылар құрамы, топ кураторлары мен студенттер қатысты.

Құрметті әріптестер, студент жастар!

Сіздерді еліміздің Ата заңы – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Көненің көздерінен бастауын алған Ата Заңымыз мемлекеттігіміздің тұғыры, халық бірлігінің ұйытқысы, жеріміздің саяси қалқаны, егемендігіміздің кепілі десек еш артық айтқандық емес.

Өкінішке орай, еліміздегі пандемиялық ахуалға және Байзақ ауданындағы қайғылы оқиғаға байланысты Конституция күнін кең ауқымда атап өту мүмкіндігі болмай тұр. Десек те, жер бетінде тыныштық орнайтын күндердің алыс емес екеніне үлкен сеніммен қараймыз.

Қазақстан Республикасы Конституциясының мерейтойымен құттықтай отырып,  әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін! Көк туымыз көк аспанда желбіреп, Әнұранымыз шырқала берсін! Ата Заңымыз ғұмырлы, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Құрметпен, Дулати Университетінің
Басқарма Төрағасы-Ректоры
Талғат Ешенқұлов

253 бет. Барлығы: 454
Top