Super User

Super User

Қазақ күресінен «Қазақстан Барысы – 2021» турнирінде Жамбылдық жас палуан жүлделі екінші орынға табан тіреп, күміс белбеу мен 5 500 000 теңге табысқа кенелді.

Турнир Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына және палуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150-жылдығына арналды.

Биыл 10-шы рет ұйымдастырылған жарыстың ақтық кезеңінде Ғалымжан Қырықбай шығыстың палуаны Дәурен Нұралиновпен белдесті.

Негізгі уақытта студентіміз тең түсіп, белдесудің соңғы минуттарында шығыстың палуаны жеңіске жетті.
Ғалымжан Қырықбай жас та болса жігерлігі мен тынбай дайындалғанының нәтижесінде жүлделі 2-орын иеленді.

Жамбылдық палуанды әуежайдан салтанатты түрде қарсы алуға келген облыс атқа мінерлері мен тұрғындары қуанышты сәтті асыға күтті.

Дулати университетінің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры м.а Альмара Еркінқызы бастаған ару қыздар батырды гүл шоқтарымен қошеметке бөледі.
Жиын барысында Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы сөз сөйлеп, Ғалымжанның шығар белесі, бағындырар биігі көп екенін жеткізді. Сонымен қатар, облысымыздың намысын жас та болса республикалық деңгейде асқақтатқан батырды құттықтады.

Ғалымжан Қырықбайдың осы дәрежеге жетуі үшін ұзақ жылдар тер төгіп, шаршамастан жаттығулар жүргізіп, дайындаған алғашқы бапкері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Бақтияр Ақбергенов ержүрек шәкірті алдағы жарыстарда алтын белбеу алатынына нық сеніммен қарайтынын айтты.

Келесі сөз кезегін алған «Қазақстан Барысының» үш дүркін чемпионы, Еуразия барысының алтын белбеу иегері Бейбіт Ыстыбаев жүрек жарды тілегін білдіріп, облысымыздың бірқатар палуан жігіттерінің атынан жүйрік ат тарту етті

Салтанатты жиынды қорытынды сөзімен түйіндеген Жамбыл облысының Барысы – Ғалымжан Қырықбай көпшілікке алғысын білдірді.

Жамбыл облысының мақтанышы болған жас палуанымызды жемісті жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақыттарда биік белестерді бағындырарына кәміл сенеміз.

Глава вуза – Ректор Талгат Ешенкулов одним из первых получил вакцину Hayat-Vax. Вакцинация признана безопасным способом предотвращения болезни и спасения человеческих жизней. Вакцинация - единственный способ победить болезнь с которой борется весь мир. Для возвращения к полноценной жизни необходимо вакцинироваться. Каждый должен принять верное решение.
Давайте воспользуемся способом не заболеть!

Университет басшысы Талғат Ильясұлы алғашқылардың бірі болып Hayat-Vax вакцинасын алды. Вакцинация қазіргі уақытта аурудың алдын алу мен өмірді сақтап қалудың қауіпсіз әдісі болып саналады.
Әлем күресіп жатқан дертті жеңудің бірден-бір жолы — вакцина салдыру. Баз-баяғы өмірге оралу үшін карантиндік талаптарды сақтай отырып, өз жақындарымызға жанашырлық танытып вакцина салдыруымыз қажет.
Сондықтан әр адам өз өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында дұрыс шешім қабылдауы керек.
Ауырып ем іздегенше — ауырмаудың жолын іздейік!

Бейсенбі, 01 Шілде 2021 10:48

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСТІ

28-маусым журналистер күніне орай «Қазақстан журналистер одағы» Жамбыл облыстық филиалының бастамасымен «Тәуелсіздік –тұғырым» атты іс-шарасы болып өтті.

«Жамбыл» теларнасында 20 жыл маңдай терін төгіп, өңірдің ақпарат айдынының кеңеюіне еселі үлес қосқан – кино, театр сахнасында өзіндік із қалдырған оқу ордамыздағы «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұстазы, доцент – Сейілхан Асқарбек Ақылшаұлы «Қазақстанның құрметті журналисті» атанды.

Аталған төс белгіні Қазақстан журналистер одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры Дəулет Төленді табыстады.

«Ақпарат кеңістігіндегі азды - көпті еңбегімізді бағалаған азаматтарға алғысым шексіз. Сондай-ақ, басқа да ұсыныс білдіріп, ықпал еткен əріптес журналистер қауымына да ризалығымды білдіремін»,-деді Асқарбек Ақылшаұлы.

Студенттердің болашағына бағыт-бағдар беріп жүрген ұстаздың еңбегіне жеміс тілей отырып, «Қазақстанның құрметті журналисті» атануыңызбен құттықтаймыз!

Медиа-қызмет

Дулати университетінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани Жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында атқарылып жатқан өңірлік жаңалықтар мен жұмыстардың нәтижесі туралы  дөңгелек үстел өткізілді.

Кездесудің алғы сөзінде Дулати университетінің ректоры Талғат Ешенқұлов Университетте «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларын жүзеге асыру және келешегі жөнінде жаңалықтарын айтты.

Келесі сөз кезегін алған Ескерткіштерді қорғау дирекциясының директоры Қ.Дәурембеков «Ежелгі Таразды жаңғырту туралы» баяндамасын оқыды. Өткені мен бүгінді салыстырып, тарих беттеріндегі тың ақпараттармен бөлісті.

– Елімізде 2007 жылдан бастап «Рухани Жаңғыру» мақаласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік. Осы жоба негізінде Жамбыл облысы бойынша бүгінгі таңда 3448 ескерткіш бар. Біздің негізгі міндетіміз - өңірде орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау және қорғау. Сонымен қатар, оның ғылыми зерттелуі мен танымалдылығын арттыру мақсатында жұмыстар атқарамыз,-деді Қ.Дәурембеков.

Тасын түртсе тарихы сөйлейтін Тараз қаласы туралы жазба деректер мен тарихи оқиғаларға тоқтала отырып, тарих беттеріндегі көпшілік біле бермейтін ақпараттармен бөлісті. Тараз қаласы тек еліміздің ғана емес әлемдік деңгейде зерттелуі тиіс, сол себепті алдағы уақытта халықарлық деңгейде конференциялар өткізу туралы ұсыныс айтылды.

Жиын барысында облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Мамедова «Бейбітшілік пен келісім» жобасын іске асыру туралы сөз сөйледі. Облыс көлемінде атқарылып жатқан этно-мәдени бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті. Қазіргі таңда әр ауданда әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындар үшін азық-түліктер таратылып, баспана мәселесі шешілуде. Қайырымдылық жұмыстарға жастар да қамтылып отыр. Себебі, болашақтың іргетасын құраушы, ертеңімізді жалғаушы жастар болғандықтан, оларды халық жағдайын түсіне білуге үйретуіміз қажет,-деді.

Жиын соңында Дулати Университеті 1-курс магистранты Көркемжан Қанат өзінің авторлық «7 QYR» жобасын таныстырды. Жоба - мектеп оқушыларының «Ұлы даланың 7 қырын қалай оқытамыз?» деген сұрағына жауап табуға көмектеседі. Болашақта қазақ тілінде ғана емес, 3 тілде жүзеге асыру жоспарлануда екендігін айтты.

«Рухани Жаңғыру» дегеніміз - сананың сілкінісі, рухтың жаңғыруы болуы керек деген жиынға қатысушылардың бірлескен жұмысы алдағы уақытта жалғасын таппақ.

 

Дулати Университетінің
медиа-қызметі

Тараз өңірлік университетінің Басқарма Төреғасы – Ректор Ешенқұлов Талғат Ільясұлының қатысуымен мәжіліс залында алғашқы Ғылыми Кеңес мәжілісі болып өтті. Аталған мәжіліске  университет декандары мен оқытушылар қатысты.

Ғылыми кеңестің күн тәртібінде бітіруші түлектерге біліктілік беру, 2021-2022 оқу жылындағы академиялық күнтізбе мен штаттық кестені және профессор – оқытушылар құрамының оқу-әдістемелік материалдарын бекіту, жазғы сессия нәтижесі бойынша мәселелер қаралды. Ғылыми кеңесте университеттің академиялық саясаты бойынша департамент директоры Малибеков Алдаберген Қадырбекұлы мемлекеттік аттестаттау комиссиялары жұмысының қорытындысы туралы, тіркеу офисінің директоры Чернявская Наталья Петровна 2020 – 2021 оқу жылы жазғы сессия нәтижелері – студенттік ортада бәсекелестікті қамтамасыз ету бағытындағы ЖОО-да атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Ал, Ғылыми кеңес шешімдерінің орындалуы туралы Комиссия төрайымы, Кітапханалық-ақпараттық орталық директоры Иржанова Гүлжан Жеңісбекқызы анықтама жасады.Ғалым хатшы Жұмабаева Айжамал Мықтыбекқызы Ғылыми кеңес жұмысының 2021 – 2022 оқу жылына арналған жоспары туралы ойын ортаға салды.

Сонымен қатар, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің имидждік саясатын жүзеге асыру туралы Ережесі мен Жол картасын бекіту туралы ақпарат және медиакоммуникация орталығының басшысы Амалбекова Гүлмира Ержанқызының, профессор-оқытушылар құрамының монографияларын бекіту туралы ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыс жөніндегі проректор м.а. Нұрзада Әбдібекқызы Бейсеннің ұсыныстары тыңдалды және Химия мамандығы  бойынша диссертациялық кеңестің ауыспалы құрамын бекіту туралы ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыс жөніндегі проректор м.а. Н.А.Бейсен анықтама жасады.  Басқарма Төреғасы – Ректор Ешенқұлов Талғат Ільясұлы қызметкерлердің жүйелі жұмыс жасай отырып, нақты қадамдарға бару қажеттігін баса атап өтті және қаралған мәселелер бойынша жауапты қызметкерлерге тапсырмалар берді.

Медиа-қызмет

Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі ретінде Дулати Университетінің студенті Әбілхан Аманқұл Жапония астанасына барып, әлемдегі ең мықты боксшылармен рингте жұдырықтасады.

Дулати Университетінің Басқарма Төрағасы - Ректоры Талғат Ешенқұлов боксшы-студент Әбілхан Аманқұлмен және оның жаттықтырушысы Дулати Университетінің құрметті профессоры, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпековпен кездесті.

Кездесуге Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Альмара Наурызбекова, «Сұңқар» спорт клубының төрағасы Дастан Жылысбаев, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» кафедрасының профессоры Иван Кобер қатысты.

Кездесудің басты мақсаты – олимпиада алдында университетіміздің ғана емес еліміздің намысын қорғайтын Әбілхан Аманқұлға сәттілік пен ақ жол тілеу және ұжымның тілектес екенін білдіру. «Шығарып салу дәстүрі» негізінде ұйымдастырылған кездесуде университеттің қазіргі және бітірген түлектерінің спорт саласындағы жетістіктері айтылды.

Айта өтейік, 2020 жылы 24-шілде мен 9-тамыз аралығында өтеді деп жоспарланған XXXII Жазғы Олимпиада ойындары ағымдағы жылдың 23-шілде мен 8-тамыз аралығында Жапонияда өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы Олимпиада бұрын-соңды болмаған ең инновациалық Олимпиада болмақ. Спорт додасында 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 206 ҰОК-тен 11090 спортшы қатысады деп жоспарланған.

 

Медиа-қызмет

Дүйсенбі, 28 Маусым 2021 09:17

Виртуалды қабылдау комиссиясы

Виртуалды қабылдау комиссиясы

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті виртуалды қабылдау комиссиясы талапкерлерден онлайн режимде мемлекеттік білім гранты конкурсына өтініш қабылдайды. Талапкерлер виртуалды қабылдау комиссиясына көрсетілген телефон нөмерлеріне  WhatsApp желісі арқылы өтініш, аттестат және жеке куәліктердің көшірмесін жіберу қажет. Техникалық хатшылар талапкерлермен Zoom платформасы арқылы байланыс жасайды және талапкер базаға енгізілген мәліметтердің дұрыс екендігін растауы қажет.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге:

1-ші ҰБТ: 10 мен 25 желтоқсан аралығында өтініш қабылданады:

10 қаңтар - 10 ақпан аралығында ҰБТ тапсырады;

2-ші ҰБТ: 20 ақпан мен 10 наурыз аралығында өтініш қабылданады:

1 мен 31 наурыз аралығында ҰБТ тапсырады;

3-ші ҰБТ: 1 мамыр мен 10 маусым аралығында өтініш қабылданады:

1 мен 30 маусым аралығында ҰБТ тапсырады;

1 наурыздан - 30 маусым аралығында ҰБТ тапсырған тестіленушілер - (тестілеудің екі мүмкіндігінің ішіндегі ең жоғары ҰБТ нәтижесімен, Сіз білім гранттарын тағайындау конкурсына қатыса аласыз);

4-ші ҰБТ: 15 - 30 шілде аралығында өтініш қабылданады:

10 - 20 тамыз аралығында ҰБТ тапсырады.

87084984858

87029464244

Математика + Физика

Химия + Биология

Биология + География

(педагогикалық)

Идентификаторы: 305 379 6380

Кіру коды: 377902

+77770859933

87758388820

Шет тілі+ Дүние жүзі тарихы

Қазақ тілі +Қазақ әдебиеті

Орыс тілі + Орыс әдебиеті

 (педагогикалық)

Идентификаторы: 937 926 0626

Кіру коды:  6f5aNc

87011396075

87713355484

Шығармашылық емтихандар бойынша

(Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау)

Идентификаторы:  202 952 2600

Кіру коды: 1gi1P9

87076360823

87775076782

Шығармашылық емтихандар бойынша

(Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау, Музыка мұғалімдерін даярлау, Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау,  Хореография)

Идентификаторы:  790 139 1412

Кіру коды:  OuYmAL

+77075892523

87785375451

Шығармашылық емтихандар бойынша

(Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіп дизайны, Журналистика және  репортер ісі, Сәулет, Тынығу)

Идентификаторы: 572 997 3380

Кіру коды: Bbr8Hs

87086467858

87057972223

87074922815

Дүние жүзі тарихы + География

Шет тілі + Дүние жүзі тарихы

Биология + География

Қазақ тілі +Қазақ әдебиеті

Идентификаторы:  279 460 5231

Кіру коды:  A1521aZ21

87013537800

87011748027

Математика + География

Дүние жүзі тарихы + Құқық негіздері

Идентификаторы:  844 317 3161

Кіру коды: 1234

87072731393

87075181909

87477868821

Биология + География

Математика + Физика

Математика + География

Биология + Химия

Идентификаторы:  553 324 6674

Кіру коды:  7zyNHv

87081810161

87715074173

87085705590

Математика + Физика

Математика + География

Идентификаторы:  472 257 9084

Кіру коды:  990318

87476539950

87476171781

87011186000

87756054515

Биология + Химия

Химия + Физика

Математика + Физика

География + Шет тілі

Биология + Химия (медицинаға)

Идентификаторы:  771 126 0410

Кіру коды:  7894

87751059822

87477198505

87012688687

87771743012

Математика + Физика

Идентификаторы:  695 251 6776

Кіру коды:  SQF2L1

+77053946462

87084193864

Қашықтықтан білім беру бағдарламалары бойынша

 (орта білімнен кейін)

Идентификаторы:  305 016 3117

Кіру коды: 016140

87053199971

87776805465

Қашықтықтан білім беру бағдарламалары бойынша

 (Жоғары білімнен кейін)

Идентификаторы:  240 415 7504

Кіру коды:  043015

87712859392

87477987332

Магистратура және докторантура бойынша

Идентификаторы:  602 420 97 51

Кіру коды:  5aXEMB

263 бет. Барлығы: 454
Top