«Рухани жаңғыру» бағдарламасына үш жыл толды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы іске асырылып жатқанына биыл үш жыл толады. Осы уақыт аралығында елімізде елеулі жұмыстар атқарылып, нақты жобалар жүзеге асырылуда.

Бұл бағдарлама қоғам тіршілігінің барлық саласын қамти отырып,  рухани құндылықтардыңжандануына бағытталған.Білім, ғылым, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын жаңа дәуірдегі ұлттың рухани жаңғыру жолының алты бағыты бар. Олар - ұлттық бірегейлікті сақтау, азаматтар санасының ашықтығы мен білімге баулуды дәріптеу, прагматизм, бәсекеге қабілеттілікті арттыру және қоғамдық сананы жаңғырту.Уақыт көрсетіп отырғандайбұл қасиеттер заманауи қазақстандықтардың негізгі бағдарына айналуы қажет.

Бағдарламада білімге айтарлықтай басымдық берілгенЕлбасының бұл мақаласының «Таяу жылдардағы міндеттер» атты екінші бөлімінде қоғам алдына жақын келешекте атқарылуы тиіс бірнеше өзекті міндеттер қойылған. Соның ішінде жаңа гуманитарлық білім беру аясында «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы студенттерге әлемдік құндылықтармен танысуға мүмкіндік береді. 

Қазіргі таңда жоба аясында 100 оқулықтың 58 – і баспадан шықты. Мемлекеттік бағдарлама аясында әлемге танымал оқулықтардың қазақ тіліне аударылуы және оларды ЖОО–на тегін тарату студенттердің тамыры терең батыс ойшылдарының еңбектерімен танысып, дүниетанымының, ой-өрісінің көкжиегін кеңейтуге үлесін қосары анық. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің де кітапхана қоры аталған оқулықтармен толығуда.   Оқу құралдарын университетіміздің кітапханаларының кез келген оқу залдарынан да, абонемент бөлімдерінен де таба аласыз және оқу құралдарының электронды нұсқалары университет сайтының "Кітапхана-ақпараттық орталық" бөлімінде орналастырылған.Қазіргі күні қашықтықтан оқыту жүйесінде аталған оқулықтардың электронды нұсқасының қолжетімді болуы студенттердің сабаққа дайындалуына үлкен септігін тигізуде.

Аударылған 58 кітаптың басым бөлігі әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласына бағытталған. Олар - философия, әлеуметтану, психология, мәдениеттану, құқық, тарих, дінтану, филология және саясаттану. Бұлардың қай-қайсысы да адамның жеке тұлға және маман ретінде қалыптасуына зор ықпал ететін білім салалары. Олар қоғамдағы азаматтық ұстаным, моралдық құндылық, ар-ождан негіздерін қалыптастырып, адамның өзіне, айналасына, елге деген көзқарасын жүйелейді.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетініңЗаң факультеті "Философия және саясаттану" кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы да мақалада айтылған бағдарламаларды жүзеге асыруға өз үлестерін қосуда.«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған кітаптарды оқу процесіне енгізу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде. Аталған оқулықтардың мазмұнын оқырман жастарға таныстыру мақсатында  студенттер арасында кездесулер, букчеллендж, дөңгелек үстел, әдістемелік семинарлар, ашық сұхбат алаңдарын дәстүрлі түрде  өткізіп отырады. Онда студенттерге аталған кітап қоры таныстырылып,оқулықтарды пайдаланудың әдістемесітуралы өз тәжірибесімен бөлісуде.  Университетіміздің "Кітапхана-ақпараттық орталығымен" бірлесе отырып кітап көрмесі,  Жамбыл облыстық әкімдігінің дін істері басқармасы мамандарымен бірге жоба аясында шыққан К.Армстронгтың "Құдайтану баяны" кітабын талқылауға арналған ашық диалог өткізілді. Сонымен қатар заң факультетінің профессор оқытушылары құрамы  да   бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде  жоба аясында аударылған оқулықтар мазмұны бойынша  аналитикалық мақалалар жариялап, видеороликтер дайындады. Атқарылған іс-шаралар жастардың білім сапасын жоғарылатуда  өз нәтижесін көрсетеді деп сенеміз. 

Аталған жоба аясында алдағы  жылдарда да гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік деген университет оқулықтары түрлі тілдерден қазақ тіліне аударылып, біздің студенттерге дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасалмақ.

Дулати университеті

«Философия және саясаттану» кафедрасының
аға оқытушы: Еменова Г.Б.

Top