Іс-шараның негізігі мақсаты: студент жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жастарды жат қылықтардан аулақ болуға шақыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Жиынға Жамбыл облысының полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Айкерім.Каукешова, кафедра оқытушыларымен студенттері қатысты.
Іс-шара барысында білімлергерге «Есірткі – қазіргі заманымыздың кесел ауруы» екендігін айтылып, есірткілердің дәрілерден айырмашылығын жіті түсіндірді. Сондай-ақ кураторлық сағатта видеороликертер көрсетілді.
Жиын соңында студенттер көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауап алды.
Медиа-қызмет