Үстіміздегі жылдың 26-28 наурыз күндері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Журналистика» мамандығы бойыншы студенттер арасында республикалық VII пәндік олимпиада өтті. Болашақ журналистердің білімі мен білігі сыналатын бұл байқауға М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың «Фемида» командасы қатысты. Команданың құрамында журналистика мамандығының студенттері Шынболат Күзекбаев, Ергали Картайган, Майра Илес болды. Командаға пән аға оқытушысы Зауреш Қойгелдиева жетекшілік етті. Еліміздің түпкір-түпкірінде болашақ журналистерді баптап жатқан оқу орындарының үмітін арқалап келген 12 команда өзара кім мықтыны анықтады. Сайыс қатысушылары байқаудың бірінші күні «Журналистика» мамандығының білімгерлері үшін міндетті түрде оқытылатын 4 профильдік (Қазақ журналистикасының тарихы, шетел журналистикасының тарихы, телерадиожурналистика, журналистика негіздері) пәннен тест тапсырып жоғарғы көрсеткішке жетіп, екінші турға өтті. Ал, екінші турда байқауға қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілетін танытты. ІІ тур байқау шарты бойынша 4 номинациядан («Ең үздік фото», «Ең үздік бейнесюжет», «Ен үздік радиохабар», «Ең үздік онлайн жазба») тұрды. БАҚ-тың сан саласы бойынша жиған білім мен алған тәжірибе сыналар бұл байқауға «Егемен Қазақстан» шолушысы Айнаш Есали, «Айтуға оңай» бағдарламасының редакторы Жазира Исаева, фотожурналист Асылхан Әбдірайымұлы, радиожурналист Нұртай Лаханұлы, блогшы, SMM-маманы Дінмұхаммед Зиядин сынды журналистиканың түрлі жанрларының өкілдері төрелік етті.
Сонымен болашақ журналистердің қарымы мен қабілетін жан-жақты сынға алған байқаудың қорытынды нәтижесі бойынша М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың «Фемида» командасы жүлделі үшінші орынға ие болды.
«Мәдениет және өнер» кафедрасының оқытушыларының жетістіктері
А.Қ.Қабиева - ҚР еңбек сіңірген қайраткері
- 2013 жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясының 18 жылдығына орай өткізілген іс-шараларға белсене қатысқаны, сондай-ақ, облыстағы түрлі этнос өкілдерінің ұйымдастыруымен өткізілген шараларға үлес қосқаны үшін Қазақстан Халқы Ассамблеясының арнайы алғыс хатымен сондай-ақ, өзге де өңірдің мәдениет саласының дамуына сүбелі үлес қосқаны үшін бірталай алғыс хаттармен марапатталды.
Л.И.Кудлай – кафедраның аға оқытушысы
- Бүгінгі таңда қоғамда шешімін таппай жүрген мәселелер төңірегінде жүйелі ой қозғай біліп, «Шындығын айтқанда» айдарымен конкурсқа белсене қатысқаны үшін арнайы ІІІ дәрежелі дипломмен, және мәдениет саласының дамуына өзіндік үлесін қоса білгені үшін біршама грамоталармен марапатталды.
А.Е.Молдазимова – кафедраның аға оқытушысы
- Облыстық «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» фестиваліне қатысып, өзге де шараларға белсене араласқаны үшін арнайы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Е.Т.Бимурзаев – профессор
2014 жылы өңірдегі мәдениет саласының дамуына өзіндік үлесін қосып, театр саласында жемісті еңбек еткені үшін Театр Қайраткерлер Одағының Құрмет грамотасымен қатар бірнеше алғыс хаттармен марапатталған.
А.Т.Ермуратова – п.ғ.к., аға оқытушы
- 2014 жылы білімділігі мен біліктілігін арттыру мақсатында кандидаттық диссертациясын қорғады.
А.А.Сәулебаева-аға оқытушы
- Республикалық магистранттар, докторанттар және жас ғалымдарға арналған «Ғылым және жаңашылдық - 2014» конференциясында ІІІ орын, Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүлде, бір болашақ» Жолдауы
А.К.Утепова – оқытушы
- 2014 жылы өткізілген ЖОО-ның үздік оқытушыларын анықтау мақсатында «2014 жылы ЖОО-ның Үздік мультимедиялық өнім» конкурсының «Үздік ашық сабақ» номинациясында ІІІ орынды иеленді. Сонымен қатар, мәдениет саласындағы жемісті еңбегі үшін алғыс хаттармен марапатталды.
«Шет тілдері» кафедрасының жетістіктері
Кафедра ПОҚ-ының барлық міндетті пәндерге: «Ағылшын тілі-1», «Ағылшын тілі-2», «Ағылшын тілі-3», «Магистранттарға арналған ағылшын тілі» және Туризм, РДиГБ мамандықтарына арнап электронды оқу кешенін құрастырып, жасағаны басты жетістіктерінің бірі болып табылады. Бұған қоса кафедраның ғылыми-әдістемелік қорында көптеген электронды дидактикалық нұсқаулықтар, елтанымдық бағытта біраз аудио және видео бейне қоры, мультимедиялық оқу құралдары және электронды жаттығулар бар. Қазіргі уақытта кафедра оқытушылары барлық мамандықтар бойынша «Кәсіби бағытталған шет тілі» пәніне арналған мультимедиялық жинақтар дайындауда.
Кафедра ПОҚ құрамы жыл сайын 100%-ға жоғарғы деңгейде ашық сабақтар өткізуде.
Жыл сайын оқытушылар мектеп мұғалімдеріне, ЖОО және колледж оқытушыларына «Шет тілін оқытуда инновациялық технологиялардың практикалық қолданысы» тақырыбында теориялық және практикалық семинар-тренингтер жүргізуде. Осылайша, ағымдағы жылдың қаңтар айында қаламыздың №7, 32, 35 мектептерінде және М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-да 4 практикалық семинар өткізілді.
Көптеген пікірлер мен алғыс хаттар берілді. Ал, №32 орта мектепте жоғарғы деңгейде өткізілген семинар- тренинг ұйымдастырған оқытушылар алғыс хатпен марапатталды. Ағымдағы оқу жылының 27 қаңтарда кафедрамыздың меңгерушісі М.В.Новожилова, аға оқытушы И.Г.Лошкова мен оқытушы М.А.Грибенюк «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасымен бірлесе отырып «Инновационный подход в обучении иностранному языку и литературы в контексте культуры» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар-тренинг өткізді. Семинарға облыс қала мектептерінен, колледж, гимназиялардан мұғалімдер қатысты.
2011-2014 ж.ж бері кафедра ПОҚ-ы «Интерактивті тақтаның Active board, Active Inspire, PPT қолданылуы» курсын аяқтап, ОЗТ және ИС-і өз ашық сабақтарында жоғарғы деңгейде пайдалануда.
Кафедра оқытушылары жыл сайын университетіміздің «Ең үздік мультимедиялық өнім» атты байқауына белсенді атсалысады: 2011-2012 ж. аға оқытушылар О.Н.Антимонова, Ш.И.Қазбекова, Г.Г.Қантаева «Үздік инновациялық толықтыру («Ағылшын тілі-3» пәнінен ЭОК)» номинациясынан III орынға, аға оқытушы Н.Т.Дүйсенова «Ең үздік менеджер» номинациясына, ал оқытушы З.А.Токтогулова «Ең үздік флипчарт» номинациясын иеленді. 2013-2014ж. каферда меңгерушісі п.ғ.к., доц. М.В.Новожилова кафедра және бөлім басшылары арасында «Үздік ашық сабақ» номинациясынан I орынға ие болды. Және де бірнеше оқытушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Кафедра ПОҚ құрамы ғылыми жұмыстарға белсенді атсалысуда. Оқытушылар Отандық және шетелдік (Чехия, Болгария, Польша, Қырғызстан, Ресей, Украина, Испания) басылымдарында орташа алғанда жыл сайын кемінде 30-дан аса ғылыми жұмыс жариялайды, оның ішінде мақалалар, оқулықтар, әдістемелік құралдар бар. Кафедраның профессор-оқытушы құрамы республикалық және алыс-жақын шетелдік халықаралық конференцияларға да қатысуда. Оқытушылар мен атқарған ғылым-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде барлық оқытушылар жыл сайын білімгерлермен бірлесіп орындаған ғылыми-зерттеу жұмыстарын Республикалық конкурстар, семинарлар мен конференциядарға жіберіп, жариялауда.
Халықаралық қарым-қатынасты нығайту мақсатында кафедра ПОҚ-ы республикалық және халықаралық білім бағдарламалары және ұйымдарымен: Қазақстандағы Британдық Кеңеспен, Америка Елшілігімен, Гете институтымен, Германиядағы ДААД қызметімен, «Білім–Орталық Азия» білім бағдарламасымен, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ бағдарламасымен, CATEC және KazTEA Ассоциацияларымен, ELT Educational Leadership Institute, Еуропалық Одақпен, «Macmillan» және «Inter Press» баспаларымен тығыз қарым-қатынас жасайды. 2013-2014 оқу жылында Фулбрайт бағдарламасы грантының иегері ағылшын тілінің ассистенті Mark Jackson (Мичиган, АҚШ) кафедрада жұмыс атқарды. Mark «Полиглот» елтанымдық үйірмесіне және көптілді топтардың «Биология», «Биотехнология» мамандықтарының бірінші курс білімгерлеріне арналған «Биолог» үйірмесіне жетекшілік етті. Кафедраның оқытушылары Қазақстанның ағылшын тілі оқытушыларының Ұлттық Ассоциациясының және Орталық Азия ағылшын тілі оқытушыларының Консорциумының мүшесі болып табылады. Бұл кафедра ПОҚ-тың халықаралық симпозиумдарға, конференцияларға, семинарларға, курстарға, вебинарларға, тренигтерге, форумдар мен онлайн-бағдарламаларға қатысу мүмкіндігін береді. Кафедра ПОҚ-ы кәсіби тұрғыда өсу мен педагогикалық шеберлігін жетілдіру мақсатында келесі жеке білім гранттарының иегерлері атанады: 2012-2013 оқу жылында аға оқытушылар Г.Г.Қантаева, О.Н.Антимонова және Ш.И.Қазбекова Шымкент қаласында өткізілген жаңашыл мұғалімдердің «Жаһандық бәсекелестік ортада қазіргі заманғы білім беру» атты Республикалық форумға қатысты. Сол жылы кафедрамыздың аға оқытушысы Г.Г.Қантаева «Ағылшын тілін оқытудың тиімді тәсілдері мен әдістері» атты облыстық практикалық семинарға қатысты. Ағымдағы жылдың қаңтар айында аға оқытуушылар И.А.Ким, О.Н.Атнимонова және Ю.С.Рахимова «Best Practices with English File, 3rd edition. Competition held by InterPress» атты ашық сабақтар байқауына қатысып 1-ші орын және сертификатқа ие болды.
Халықаралық деңгейдегі семинарларға, вебинарларға, онлайн курстарға қатысуға және тілдік тағылымдамалардан өтуге жекеленген білім гранттарын жеңіп алу кафедра ПОҚ-ының кәсіби тұрғыда өсуі мен педагогикалық шеберлігін жетілдіруге мүмкіндік береді. Осыған байланысты кафедра оқытушылары халықаралық, білім бағдарламаларына белсенді түрде қатысуда:
1. Аға оқытушы И.Г. Лошкова “English for Specific Purposes (ESP) course with American English Institute in the Linguistic Department at the university of Oregon” online курсына қатысты. (Университет Орегона, 07.04-13.06.2014)
2. каф.мең., п.ғ.к., доц. М.В. Новожилова «ELT Educational Leadership Institute» атты халықаралық байқауына қатыстып грантын иеленіп сертификат алды. Қырғызстан (03.11-07.11.2013 ж.)
3. Аға оқытушы И.А. Ким «Critical thinking in English Language Learning and teaching» атты конференциясыға қатысты және сертификатқа ие болды. Қырғызстан (26.06-27.06.2013 ж.)
4. 2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының Конституциясының 19 жылдығына орай білім беру саласына белсене атсалысқаны үшін каф.мең., п.ғ.к., доц. М.В. Новожилова Құрмет Грамотасымен марапатталды.
5. каф.мең., п.ғ.к., доц. М.В. Новожилованың суреті Құрмет тақтасына ілінді.
6. 2013-2014 оқу жылының қорытындысын кешенді бағалау нәтижесінде кафедрамыздың аға оқытушысы И.Г.Лошкова «Шет тілдері кафедрасының үздік оқытушысы» номинациясының жеңімпазы ретінде марапатталды.
7. 2014-2015 оқу жылының ақпан айында каф.мең., п.ғ.к., доц. М.В. Новожиловаға «Best Practices with English File, 3rd edition. Competition held by InterPress» атты байқауына қатысқаны үшін алғыс жарияланды.
10. Ағымдағы жылы кафедрамыздың бірқатар оқытушылары «Teach Step» атты online вебинарына қатысып, сертификат алды.
11. Каф.мең. п.ғ.к., доц. М.В.Новожилова, аға оқытушы И.Г.Лошкова, оқытушы М.А. Грибенюк2015ж, 28-29 сәуірде Костанай қаласында өткізілетін «KazTea» бағдарламасы бойынша грантын жеңіп алу үшін құжаттар жіберді.
Кафедра ПОҚ-ы үш ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша жұмыс жүргізуде:
1. Тілдік емес мамандықтар білімгерлеріне шет тілін үйретуде интерактивтік тілдік лабораторияны жасаудың педагогикалық негіздері.
2.Техникалық мамандықтардағы кәсіби ағылшын тілін оқытуға арналған оқу әдістемесін құрастыру принциптері.
3. Жаңа саяси терминологиялық ағылшынша- орысша-қазақша сөздік дайындау және шығару.
Кейбір мамандықтардың жүргізілетін пәндерінің ағылшын тілінде оқытылуына байланысты кафедрамыз болашақ көптілді оқытушыларға тілдік курстарын (ағылшын тілін меңгеру деңгейіне байланысты) жүргізумен айналысуда. Сонымен қатар кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент М.В. Новожилова «Биология», аға оқытушы И.А. Ким «Биотехнология», аға оқытушы И.Г. Лошкова «Заң», аға оқытушы О.Н. Антимонова «Туризм» мамандықтарының көптілді топтарына сабақ беруде.
Кафедрамыздың ПОҚ құрамы жыл сайын оқытушылық шеберлігін және біліктілігін арттыру мақсатында отандық, шетелдік, халықаралық, университет аясында курстарға қатысып, сертификаттар алуда. Соңғы үш жылда кафедрамызда барлығы 148 сертификат тіркелген (оның 28 халықаралық), ал бес оқытушы магистрлік диссертацияларын қорғап, магистр атағына ие болды. Кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доц. М.В.Новожилова мен аға оқытушы И.Г.Лошкова Астана қаласындағы магистратура мен доктарантураға түсу емтиханының тест маманы құрамында болды. Ағымдағы жылы кафедра оқытушылары бірнеше оқу-әдістемелік құралдары мен нұсқаулықтарын УҒӘС бекітуге ұсынылып, бекітілді: п.ғ.к., доц. М.В.Новожилова мен И.Г.Лошкова- «Ағылшын тілі пәні бойынша пәндік олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу үшін әдістемелік нұсқаулық», И.Г.Лошкова- «Академиялық ұтқырлық тарапынан студенттерді IELTS-қа дайындау мақсатында оқу-жұмыс бағдарламалары», О.Н.Антимонова, Л.М.Ким, П.А.Оспанова- «Student’s workbook-1» (Pre-Intermediate Level)» атты оқу-әдістемелік құралы, Л.М.Ким және О.Н.Антимонова- «Student’s workbook. Grammar-1» (Pre-Intermediate Level атты оқу-әдістемелік құралы, И.А.Ким - «Student’s workbook-2» (Pre-Intermediate Level) тақырыбында оқу-әдістемелік құралы, М.В.Новожилова мен И.Г.Лошкова - “Student’s Grammar Workbook -2. Pre- Intermediate Level” атты оқу-әдістемелік құралы, Ю.С.Рахимова, А.М.Наурызбаева және Л.Р.Қапалбекова «Ағылшын тілі-1,2 пәндері бойынша СӨЖ жүргізуге арналған» оқу-әдістемелік нұсқаулығы.