Жуырда жатақханада тұратын студенттер арасында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған жарыс өтті.
Бұл жарысқа №1 және №2 жатақханаларда тұратын студенттер қатысты.
Жарысты университеттің спорт клубының жетекшісі Бекболат Шилібаев және "Дене тәрбиесі" кафедрасының оқытушылары ұйымдастырды: жарыстың бас төрешісі Жанар Бекбергенова мен бас хатшысы Гульчехра Рожко, төрешілер Косырева И.И., Камысбаева Ж.К., Мамыркулов, К.Токбергенов болды.
Жарыс дартс, секіртпемен секіру, жонглерлік ету спорт түрлері бойынша өтті. Нәтижесінде: жонглерлік ету бойынша I орынды Нұрай Раджапова (ГӘҒФ 1-курс), дартс бойынша I орынды Жарқынай Жарылқасын (ГӘҒФ 1-курс), II орынды Гүлбану Жолдасова (ГӘҒФ 1-курс)иеленді. Үшінші орынды Тораева Клара (ТФ-2 курс) алды. Секіртпе секіруден I орынды Жарқынай Жарылқасын, II орынды Гүлжамал Аккаева (ГӘҒФ 3-курс), үшінші орынды Клара Тораева (ТФ 2-курс) иеленді.
Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар грамоталар және дипломдармен онлайн марапатталды. Жарыс ұйымдастырушылары барлық жеңімпаздарды құттықтап, оқуда табыс және мықты денсаулық тіледі.
Жанар Бекбергенова, «Дене тәрбиесі» кафедрасының аға оқытушысы