Жаныңда жүр жақсы адам
«Жақсылықты үйреткен мектеп – бақытты мектеп,» - деп чех ойшылы Ян Амос Коменский айтқандай, жақсылық жасап, жақсылықтың маңызын ұғындыруға себепкер адамдарымыз бар кезде біз — бақыттымыз. Біздің қамымызды жеп, біз үшін отқа да, суға да түсуге дайын жандар бар. Мейрімге толы жүрекпен өмір сүретін анамыз, қамқорлығын аямайтын әкеміз, қолдауы мықты бауырларямыз, сын сағатта қасыңнан табылар достарымыз, үйретуден жалықпайтын ұстаздарымыз бар. Шындығында біз күнделікті өмірде жақсы жандардың ізгі істері туралы көп ойлай бермейміз. Сондықтан Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті, Филология және журналистика кафедрасының оқытушысы Әбдір К. мен филология: қазақ филологиясының 3-курс студенттері «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырып аясында айналамыздағы игі істердің иелеріне тоқталып өтті. Тәрбие сағатының барысында студенттер бейнероликтер, тамашалап, жақсы жандардың ізгі істерін ортаға салды. Поэзияны жанымен сүйетін студент-Жанайдарқызы Н. жақсы жандарды санамалай отырып, анасына арнау айтса, Абайша ән сүйеиін Даниярқызы А.әкесіне ән арнады. Күнделікті өмірде байқала бермейтін ізгі істер туралы ой қозғады. Өмірзақова Ұ. ағы мен қарасы қатар жүретін бейбіт қоғамда жақсылық жасап жарысқан танымал жандар мен қамқорлық акцияларынан қалмайтын мемлекеттік қорлар жайлы презентация қорғады. Тәрбие сағатының барысында студенттер жақсылықтың маңызын бек түсініп, жандарында жүрген жақсы адамдарды анықтап, оларға алғыс білдіруді жөн көрді.