Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні

«Практикалық шетел тілдері» кафедрасының аға оқытушысы Д.Алтынбекованың ұйымдастыруымен наурыз мерекесін және қазақтың салт-дәстүрлерін дәріптеу мақсатында «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» тақырыбында сайыс түріндегі іс-шараға өткізді. Аталмыш іс-шараға ГӘҒФ «Филология» және «Тарих мұғалімдерін даярлау» мамандықтарының студенттері екі топ болып қатысты.

Төрт бөлімнен тұратын сайыста студенттер өз білімдері мен белсенділіктерін көрсете білді.

«Шешені судай төгілген...» бөлімінде екі топтың арасынан көркем сөз оқу шеберлері шығып, Наурыз туралы өлең шумақтарын оқып сынға түсті.

«Ұлттық киім үлгілері» бөлімінде екі топ қазақтың ұлттық киімдері мен әшекей бұйымдарын таныстырды. Қыз баланың тұрмысқа дейінгі, тұрмысқа шыққандағы және ана атанған уақыттағы киімдеріне тоқталып, мағлұмат беріп өтті. 

«Көнеден қалған асыл сөз» бөлімінде студенттер қазақтың көне салт-дәстүрлерінен, ұлттық ойындардан, ұлттық әшекей бұйымдардан құралатын сұрақтарға жауап берді. Сұрақ-жауап Kahoot бағдарламасы арқылы жүзеге асты. 

«Сегіз қырлы, бір сырлы» бөлімінде екі топтың жігіттері қазақтың асық ату, ләңгі тебу, қол күрес сынды ұлттық ойындарынан сайысқа түсті.

Сайыс соңында әділ қазы мүшелеріне сөз беріліп, тең түскен екі топ студенттері марапатталды.

2

3

4

Top