«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» КАФЕДРАСЫ

Ұстаздар мерекесі қарсаңында,

«Қазақ тілі мен әдебиеті»кафедрасының 4курс білімгерлерінің ұйымдастыруымен «Ұстазға құрмет-баршаға міндет" атты мерекелік іс шара өткізілді. Ұстаздарға лайықты құрмет көрсетіліп әуезді ән шырқалып, әсем бимен көмкерілді. Концерт барысында  ұстаздарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, түрлі интеллектуалды ойындар ойнатылды. Білімгерлер тарапынан ыстық ықыласқа бөленген ұстаздар қауымы ризашылықтарын жеткізді. Концерттің қызықтары өз алдында әр ұстазға ұлттық нышандағы шапандар тарту етілді. Кештің соңында «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д профессор Абдықадырова Тұрсынай Рыстайқызы сөз алып, білімгерлерге алғысын жеткізді.

Top