Филология ғылымдарының докторы, профессор А. Ә. Байтелиев атындағы аудиторияның ашылуы
Жаңа аудитория Алтай Әшенұлы Байтелиев атына берілді. 1979 жылдан бері бұрынғы Жамбыл педагогикалық институты, факультет деканы, кафедра меңгерушісі, кафедра профессоры болды. 150-ден аса ғылыми мақалалары, 3 монографиясы, 5 оқу құралдары, 1 сөздігі жарық көрген. Алтай Әшенұлы Байтелиевтің еңбектері студенттерге арналған әдістемелік құралдарды әзірлеуге, филология факультетінің білім сапасын арттыруға үлкен үлес қосты. Сонымен қатар, ол педагог ретінде Дулати университетінің ғылыми жобалары мен қазақ тілі бойынша зерттеулерге белсене араласқан, оның жетекшілігімен бірнеше оқу бағдарламалары әзірленген. Журналистика және филология кафедрасындағы студенттерге арналған жаңа 2.6.323 аудиторияның мақсаты — студенттерге сапалы білім беріп, олардың практикалық дағдыларын дамытуға арналған кеңістік ұсыну. Бұл аудитория зерттеулер жүргізуге, аналитикалық жұмыстар мен практикалық жобаларды жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік береді.