Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті “Әлем тілдері” кафедрасының ұйымдастыруымен 10 қаңтар күні “Инновациялық білім берудегі жасанды интеллект: тенденциялары мен даму перспективалары” атты облыстық онлайн ғылыми-әдістемелік форум өтті.
Форумның мақсаты - білім беру саласында жасанды интеллекті қолдану арқылы білім сапасын жақсарту, тәжірибе алмасу, біліктілікті арттыру.
Аталған іс-шараға Жамбыл облысы және Тараз қаласының орта мектептері мен колледждерінен 152 өтініш қабылданды, комиссия шешімі бойынша жеңімпаздар анықталып, форум жеңімпаздары І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.