Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Абай оқулары: ұлы ақын — ұлт мақтанышы» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті

Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы КЯ-24-3 тобының ұйымдастыруымен 6 қараша күні қазақтың ұлы ақыны, кемеңгер ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Абай оқулары: ұлы ақын — ұлт мақтанышы» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты — Абай шығармалары арқылы студенттердің рухани дүниесін байыту, көркем сөз оқу шеберлігін арттыру, сондай-ақ жастарды ұлы ақын мұрасын терең тануға, оның ғибратты ойларын өмірлік ұстаным ретінде қабылдауға тәрбиелеу болды.

Іс-шара барысында қатысушылар Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқып, оның шығармаларындағы адамгершілік, білім мен еңбек, ұлт бірлігі тақырыптарын өз орындауында шебер жеткізе білді.

Байқау соңында жеңімпаздар анықталып, үздік өнер көрсеткен студенттер дипломдармен марапатталып, А.Құнанбайұлының кітаптары сыйлыққа берілді. Мұндай мәдени-рухани шаралар жастардың әдеби талғамын қалыптастырып, ұлт руханиятын дәріптеуге зор үлес қосатыны сөзсіз.

гылы 1111

 

Top