Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні

2023 жылдың 24 сәуірінде Тараз өңірлік университетінің ақпараттық орталығында дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні атап өтілді.

Осы іс-шараның бас қонағы профессор Әбдіраманов Әбдіманап өзінің өмір жолы туралы айтып берді. Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті.

"Adalkitap", "Lantarbooks", "Эвро", "Дарын" кітап-баспа өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Толығырақ

Еске алу дәрісі

2023 жылдың 21 сәуірінде оқытушы, отставкадағы майор Оңалбеков К.А. студенттерге «ҚР бірінші Қорғаныс министрі Халық Қаһарманы С. Нұрмағамбетов» тақырыбында дәріс өткізді. Өз сөзінде оқытушы ел үшін қиын уақытта армияны басқарған Сағадат Қожахметұлының өмірінен жарқын эпизодтар туралы айтты.

Соңында қатысушыларға «Қазақстандықтар - Кеңес Одағының батырлары» фильмі көрсетілді.

Толығырақ

Қазақ даласының даңқты ұлы

2023 жылдың 14 сәуірінде әскери кафедрада Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы Қасым Қайсеновті еске алуға арналған іс-шара өтті. Өз сөзінде оқытушы, отставкадағы майор К. А. Оңалбеков студенттерді Қасым Қайсеновтың кітаптарымен таныстырып, оның батырлық өмірі туралы айтып берді.

Қорытындыда қатысушыларға «Қасым Қайсеновтің ерлігі» атты электронды презентация көрсетілді.

Толығырақ

Оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысы

2023 жылғы 17 сәуірде әскери кафедрада Жамбыл инновациялық колледжінің (52 студент) оқушыларымен әскери кафедраның өмірімен және қызметімен таныстыру өткізілді.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы барысында оқушылары әскери кафедраға түсу тәртібімен және оқу материалдық базасымен танысты.

Толығырақ

Жарты ғасыр сапта

2023 жылы 31 наурызда «Химик» мәдениет үйінде отставкадағы генерал-майор Әбдіхапар Райымжанұлы Қазиевтің 70-жылдығына арналған салтанатты іс-шараға «Болашақ сардар» әскери-патриоттық клубының студенттері қатысты.

Толығырақ

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2023 жылдың 28 қаңтар мен 13 наурыз аралығында әскери кафедрада Тараз қаласының орта мектептерінің №51, №48, № 54, №57, № 56, №2, №8, №3, №18, №38, №39, №22, №5, №4, №7, №42, №3 оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысы басталды  

Мектеп оқушылары әскери кафедраға түсу тәртібімен және оқу материалдық базасымен танысты.

Толығырақ

«Суицид, әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде, суицидтік әрекеттердің себептері мен шарттары» тақырыбында студенттермен дәріс-әңгіме өткізу

2023 жылдың 20 наурызында әскери кафедра студенттерімен «Суицид, әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде, суицидтік әрекеттердің себептері мен шарттары» тақырыбында дәріс-әңгіме өткізілді

Оқытушы запастағы полковник Д. Н. Ориненко студенттерге стреске төзімділікті арттыратын, психикалық денсаулықты, өзін-өзі реттеу техникасын қолдайтын және нығайтатын тиімді мінез-құлық стратегияларын жеткізді.

Бұл дәрістің мақсаты студенттердің бойында әлеуметтік мінез-құлық қаупін азайтуға ықпал ететін адамгершілік құндылықтар жүйесін қалыптастыру болып табылады.

Толығырақ

Наурыз – бейбітшілік пен жақсылықтың мерекесі

2023 жылдың 17 наурызында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының студенттерімен «Наурыз - бейбітшілік пен жақсылық мерекесі» атты мерекелік әңгіме өтті. Запастағы подполковник М.Ф. Алибеков НАУРЫЗ мерекесінің тарихын, оны Қазақстанда қалай атап өтетінін, қазақтың ұлттық дәстүрлерін, тағамдарын, ойындарын айтып берді. Әңгіме соңында барлығын Наурыз мерекесімен құттықтады.

Офицерлер дәстүр бойынша әскери кафедраның аумағына арша отырғызды және  қабырға газеті жасалды.

Толығырақ

Кәсіби бағдар беру жұмысы

2023 жылдың 11 наурызында М.Үркімбаев атындағы Жастар сарайында, әскери кафедраның цикл бастығы запастағы подполковник Д. Қалилаев Жамбыл облысы мектептерінің 10-11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмысына қатысты.

Толығырақ

8-наурыз күнімен!

8 наурыз мерекесіне орай, әскери кафедраның ер азаматтары университет әйелдерін құттықтап, әскери кафедраларға құттықтау хаттарын жолдады. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының ардагері Хайруллин Миникасым Санғатұлұлының жұбайын құттықтады.

Әскери кафедра офицерлері 8-наурыз мерекесіне арналған қабырға газетін шығарды.

Толығырақ

«Маскүнемдік пен нашақорлық – қылмыстар мен оқиғалардың көзі, АИТВ инфекциясын жұқтыруды тудыратын жайлар» тақырыбында студенттермен әңгіме өткізу

2023 жылғы 7 наурызында аралығында әскери кафедра студенттерімен «Маскүнемдік пен нашақорлық – қылмыстар мен оқиғалардың көзі, АИТВ инфекциясын жұқтыруды тудыратын жайлар» тақырыбында студенттермен әңгіме өткізілді.

Аға оқытушы запастағы полковник Н.К. Егезеков студенттерге есірткіні қолданудың салдары туралы айтып берді, алкогольдің зиянды әсері туралы білімдерін айтарлықтай кеңейтті,  АИТВ инфекциясын жұқтырудың ықтимал жағдайлары, оның пайда болу себептері туралы әңгімеледі.

Әңгіменің мақсаты: қазіргі әлемде мәселенің өзектілігін көрсету, студенттердің өзін-өзі тану арқылы салауатты өмір салтына деген қызығушылығын ояту.

Толығырақ

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын студенттерге жеткізу

2023 жылдың  3 наурызында әскери кафедрада бірінші оқу жылының студенттеріне «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелері жеткізілді.

Аға оқытушы запастағы полковник С.В. Насекин студенттерді әскери қызметтің негізгі ережелерімен және әскери қызметшілердің мәртебесімен таныстырды.

Толығырақ

«Құқық бұзушылық пен суицидтің алдын алу» тақырыбында сабақ

2023 жылғы 22 ақпанда Тараз өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының алдын алу бөлімінің бастығы әділет подполковнигі С. Әсемқұлов пен бөлімінің офицері әділет капитаны Т. Далибаев әскери кафедрасының офицерлері және студенттерімен «Құқық бұзушылық пен суицидтің алдын алу» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Толығырақ

Білім көрмесі

2023 жылғы 20 ақпанда М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасы Б. Момышұлы атындағы № 45 қазақ классикалық гимназиясында өткен білім беру көрмесіне қатысты.

Толығырақ

«Ауған соғысының ардагері полковник Борис Төкенұлы Керімбаевтың ерліктері»

2023 жылғы 14 ақпанда әскери кафедрада «Болашақ сардар» әскери-патриоттық клубының студенттерімен Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына арналған «Ауған соғысының ардагері полковник Б. Керімбаевтың Панжшир шатқалындағы ерліктері» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Әскери-патриоттық клуб жетекшісі запастағы полковник К.Ш. Сағымбаевтың сөзі 177-ші арнайы мақсаттағы жеке жасақ командирінің ерліктері туралы деректі фильмнің көрсетілімімен сүйемелденді.

Толығырақ

Интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл қою

2023 жылдың 15 ақпан күні «Болашақ сардар» әскери-патриоттық клуб студенттері Тараз қаласындағы «Ерлік» мемориалдық кешеніндегі интернационалист жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл қойды.

Рәсімге қатысушылар қаза тапқан батыр-жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Толығырақ

Қазақстан Республикасының заңы «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» студенттерге жеткізу

2023 жылдың 14 ақпанында әскери кафедрада лаңкестік әрекеттердің алдын алу, патриотизмді қалыптастыру, зорлық-зомбылықтан бас тарту сезімін ояту мақсатында цикл бастығы запастағы подполковник Д.Ж. Калилаев студенттерді Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» заңымен таныстырды.

Сөз сөйлеу барысында студенттерге осы заңда қолданылатын жалпы ережелер, ұғымдар, терроризмге қарсы іс-қимылдың принциптері мен мақсаты туралы ақпарат берілді.

Толығырақ

Әскери кафедраның жоғары курс түлектерімен және студенттерімен үгіт-насихат іс-шарасы

2023 жылғы 10 ақпанда әскери кафедраның акт залында 143 адамнан тұратын жоғары курс түлектерімен және студенттерімен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскери қызметке шақыру бойынша үгіт-насихат іс-шарасы өтті.

Іс-шараға: «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлер қолбасшысы басқармасының кадр жұмысы басқармасының бастығы подполковник Е.Е. Қазыбаев және 28903 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник А.Ж. Ташкеев қатысты. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлер қолбасшысы басқармасының өкілдері ҚР Қарулы Күштері туралы баяндама жасап, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңының негізгі ережелерін, армияның имиджі мен әскери қызмет өткерудің артықшылықтары туралы айтып, әскери қызметке шақыру үшін құжаттарды рәсімдеу бойынша практикалық ұсыныстар берді және әскери кафедра түлектерін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдары қатарында лайықты орын алуға шақырды.

Толығырақ
Top