БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ-ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ БАТЫРЫ!
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасында орта мектеп, колледж оқушылары мен университет студенттерін әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады.
Әскери қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, қазақ халқының аты аңызға айналған ұлы Бауыржан Момышұлының туған күніне орай, 2021 жылдың 9 желтоқсанында аға оқытушы, запастағы полковник К.Ш. Сағымбаев әскери кафедраның студенттерімен «Отан үшін отқа түс – күйейсің»тақырыбында әңгіме өткізді.
Әңгіменің мақсаты: қазақ халқының көрнекті қайраткері Бауыржан Момышұлының өмір жолын қазіргі заман тұрғысынан жан-жақты және терең қарастыру, халық батырының адамгершілік мұрасы арқылы Қазақстан Республикасының жастарын патриоттық тәрбиелеу.
ЖАУЫНГЕРЛІК ДАЙЫНДЫҚ НОРМАТИВТЕРІН ҮЗДІК ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ
2021 жылдың 29 қарашасы 3 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университет» КЕАҚ әскери кафедрасында әскери кафедра студенттері арасында «Жауынгерлік даярлық нормативтерін үздік орындау бойынша байқау» өткізілді.
Байқау қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен студенттер мадақтамалармен марапатталды:
№ 1 оқу орны - АК - 74 Калашников автоматын толық емес бөлшектеу және құрастыру.
1 орын - Шермаханбетов М.Г. (811 оқу взводы, куратор запастағы полковник С.В. Насекин.)
№ 2 оқу орны - жалпы әскери қорғаныс жиынтығын ОЗК және газтұмылдырықты кию.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ТАРИХИ РӨЛІ, ЕҢБЕГІ МЕН ҮЛЕСІ
2021 жылдың 24 мен 30 қараша аралығында әскери кафедраның акт залында студенттермен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тарихи рөлі, еңбегі мен үлесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Отставкадағы подполковник, аға оқытушы Ұ.Ж. Жұмабеков Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіз егеменді мемлекеттің қалыптасуы мен дамуына қосқан тарихи рөлі, сіңірген еңбегі және орасан зор үлесі туралы айтып берді.
Мақсаты: Қазақ халқының көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев туралы білімдерін кеңейту.
Әскери кафедра студенттері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған қабырға газетін шығарды.
ПОЛИЦИЯҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖАСАҒЫНА НҰСҚАУЛЫҚ ӨТКІЗУ
2021 жылдың 4 қарашасында «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕАҚ әскери кафедрасында полицияға көмек көрсету студенттік жасағының жетекшісі запастағы подполковник А.А. Дүйсенбаев арасында құқықтық тәртіп талаптарын, қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша екінші және үшінші курс студенттеріне нұсқаулық өткізді.
Жетекші студенттерге оқу жылы бойы полицияға көмек көрсету студенттік жасағының жұмысы бойынша негізгі ережелерді жеткізді.
«МАСКҮНЕМДІК ЖӘНЕ НАШАҚОРЛЫҚ ОҚИҒАЛАР МЕН ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КӨЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СТУДЕНТТЕРМЕН ӘҢГІМЕ
2021 жылдың 17 қараша күні әскери кафедра студенттерімен маскүнемдік және нашақорлық оқиғалар мен қылмыстардың көзі, адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) - инфекциясын жұқтырудың ықтимал жағдайлары туралы әңгіме өткізілді.
Аға оқытушы, отставкадағы подполковник Ұ.Ж. Жұмабеков студенттерге есірткіні қолданудың салдары туралы айтып берді, сондай – ақ, ішімдіктің зиянды әсері туралы білімдерін айтарлықтай кеңейтіп, АИТВ инфекциясын жұқтырудың ықтимал жағдайларымен, оның алдын алу және пайда болу себептерін ашып берді.
Әңгіменің мақсаты: қазіргі әлемде мәселенің өзектілігін көрсету, студенттердің өзін-өзі тану арқылы салауатты өмір салтына деген қызығушылығын ояту.
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
2021 жылдың 17 қарашасында әскери кафедра студенттерімен «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында әңгіме өткізілді.
Әскери кафедраның аға оқытушысы запастағы подполковник А.А. Дүйсенбаев 2018 жылдың 21 қарашасында Ақорда сайтында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланғанын, оның басты назарында ел тарихы мен халықтың жаһандық тарихтағы рөлін объективті түсіну қажеттігі тұрғанын атап өтті.
Дәріскер мақалада қазақстандық даланың адамзатқа сыйға тартқан жеті нәрсе келтірілгенін атап өтті. Олардың қатарында атқа міну мәдениеті, Ұлы Даланың ежелгі металлургиясы, аң стилі, Алтын адам, түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, алма мен қызғалдақтың Отаны бар. Бұдан әрі мақаланың екінші бөлімі тарихи сананы жаңғыртуға арналған, онда Н.Ә. Назарбаев бірден бірнеше ірі жобаларды іске асыруды ұсынады. Олар дүниетанымның, Қазақстан халқының өткені, бүгіні және болашағының іргелі негіздерін ұғынуға көмектесуі тиіс.
Әңгіме студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды. Түрлі аспектілер бойынша көптеген сұрақтар қойылды.
«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
2021 жылы 9 қарашада әскери кафедра студенттерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы тақырыбында дәріс өткізді. Цикл бастығы запастағы подполковник Д.Ж. Қалилаев парасаттылық пен адалдыққа тәрбиелеу негіздері, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың таралуымен этикалық мәдениет деңгейі жөніндегі мәселелерді талқылады, сондай-ақ парасаттылықты ілгерілету үшін пайдаланылуы мүмкін әзірлемелермен таныстырды.
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын түсіндіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық туралы жалпы мәліметтер беру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеу шараларын талқылау, студенттердің азаматтық ұстанымын, патриоттылығын қалыптастыру, саяси сауаттылығын арттыру.
ҚР ӘСКЕРИ ДОКТРИНАСЫН СТУДЕНТТЕРГЕ ЖЕТКІЗУ
2021 жылғы 10 қарашада әскери кафедраның запастағы полковнигі С.В. Насекин студенттеріге «29.09.2017 ж. № 554 ҚР Әскери доктринасы» тақырыбында дәріс жүргізді.
Дәріс беруші студенттерге Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соғыстар мен қарулы жанжалдардың алдын алуға, әскери құрылысқа, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау және халықаралық міндеттемелерін орындау мақсатында Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қолдануға негіз қалаушы көзқарастар жүйесі болып табылатынын жеткізді.
Мақсаты: Білім алушыларға «Әскери доктрина» ұғымын түсіндіру. Олардың бойында отансүйгіштікке, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет етуге деген ынтасын тәрбиелеу.
«ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» ГЕНЕРАЛ-ЛЕЙТЕНАНТ Б. ЕРТАЕВПЕН КЕЗДЕСУ
2021 жылғы 1 қарашада М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Халық Қаһарманы», генерал-лейтенант Б. Ертаевпен кездесу өтті.
Іс-шараға университеттің, Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері және ауған-жауынгерлері қатысты. Іс-шара барысында университет ректоры Т. Ешенқұлов қатысушыларды университеттің стратегиясымен таныстырды. Қатысушылар университет мұражайы мен Б. Ертаев атындағы кабинетке көріп шықты.
Іс-шара соңында университет қызметкерлері мен ауған-жауынгерлері «САУАП» және «ЖАУЫНГЕРЛІК АЙБЫНЫ ҮШІН» төсбелгілерімен марапатталды.
«БОЛАШАҚ САРДАР» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ КЛУБЫНА ҚОСУ
Әскери кафедрада 2021 жылдың 27 қазанында студенттерді «Болашақ сардар» әскери-патриоттық клубына қосу бойынша кезекті отырыс өтті. «Болашақ сардар» әскери-патриоттық клубының қатарына жаңадан таңдалған екінші курс студенттері салтанатты түрде қабылданды.
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ІС-ШАРАСЫ
14 қазан сағат 15.00-де. әскери кафедраның мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне әскери қызметке шақыру бойынша түлектермен үгіт-насихат іс-шарасы өтті. Іс-шараға Тараз қ. ҚІБ тәрбие, идеологиялық жұмыстар және ардагерлермен жұмыс жөніндегі бастығы майор М.Ә. Исенбаев, Тараз қ. ҚІБ әскери техникалық мектептің әскери дайындық және бастапқы әскери дайындық жөніндегі инспекторы Ю.А. Пак, тәрбие және идеологиялық жұмыс және ардагерлермен жұмыс жөніндегі инспекторы Н.Г. Аляева, әскери кафедра бастығы полковник С.А. Мұқышев және 86 түлек қатысты.
«COVID – 19 САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӘРІС ӨТТІ
2021 жылғы 7 қазанда әскери кафедра студенттерімен «COVID – 19 сақтық шаралары» тақырыбында әңгіме болды.
Әскери кафедрасының аға оқытушысы, запастағы полковник Н.К. Егизеков студенттерге санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды және сақтық шараларын сақтаудың маңыздылығын жеткізді.
«ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ҚР ЗАҢЫН СТУДЕНТТЕРГЕ ЖЕТКІЗУ
2021 жылдың 7-8 қазанында әскери кафедрада бірінші оқу жылының студенттеріне «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелері жеткізілді.
Цикл бастығы запастағы подполковник Ж.П. Наурызбаев студенттерді әскери қызметтің негізгі ережелерімен және әскери қызметшілердің мәртебесімен таныстырды.
ДАЛА ЖАҒДАЙЫНДА ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫ ӨТКІЗУ
2021 жылдың 4 мен 8 қазан аралығында полигонда запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша бірінші оқу жылының студенттерімен «Жалпы тактика» пәні бойынша «Инженерлік жабдықтар және позицияларды бүркемелеу» тақырыбында тәжірибелік сабақтар өткізілді.
Тәжірибелік сабақтарда студенттер дала жағдайында бір адамдық окопты жабдықтау және бүркемелеу бойынша мәселелерді пысықтады.
ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТІЛДЕРІ КҮНІ
2021 жылғы 6-10 қыркүйек аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасының кітапханасында Қазақстан халықтарының тілдері күні аясында студенттермен Қазақстан Республикасының аумағында тұратын барлық ұлттардың мәдениеті, тарихы, болмысы туралы баяндайтын іс-шаралар өткізілді.
ӘСКЕРИ КАФЕДРАДА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
Сабақ кестесіне сәйкес әскери кафедрада 2021-2022 оқу жылы басталды. Сабақтар санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар талаптарын сақтай отырып жүргізіледі. Дәріс сабақтары қашықтықтан өткізіледі, практикалық сабақтарға студенттер әскери кафедраға келеді.
БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ-ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУЫ
Ағымдағы жылдың 24-27 тамыз аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының базасында оқытушылар құрамы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-мен бірлесіп, 20 академиялық сағат көлемінде Тараз қаласы мен Жамбыл облысының 25 алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушыларымен онлайн форматта кезекті курстар өткізді.
2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ
Әскери кафедрада 2020-2021 оқу жылындағы студенттердің оқу қорытындылары туралы кеңес өтті.
Әскери кафедра басқарушысының орынбасары запастағы подполковник М.Ф. Әлібеков қызметкерлерге 2021-2022 оқу жылына міндеттер қойды. Жаңа оқу жылына дайындық барысында запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша студенттерді даярлауға баса назар аударылды.
Подробнее ...
БІТІРУ ЕМТИХАНДАРЫ
Бітіру емтихандары 2021 жылдың 7, 9 және 10 тамыз күндері басшылық құжаттарға сәйкес және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізілді.
ӘСКЕРИ АНТ
2021 жылдың 4 мен 5 тамызында әскери кафедра студенттері 142 адам санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, әскери кафедраның саптық алаңында әскери ант қабылдады. Іс-шарағаМ.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Ешенқұлов Талғат Ілиясұлы қатысты.
ОҚУ ЖИЫНЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН САБАҚТАР ӨТКІЗУ
2021 жылғы 16 шілдеде әскери кафедрада оқу жиынының студенттерімен Тараз гарнизоны әскери полиция басқармасының әкімшілік тәжірибе офицері аға лейтенант А.К. Әлібеков «Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік» тақырыбында және Тараз гарнизоны әскери госпиталінің дәрігер неврапатологы медициналық қызмет капитаны Д.Т. Ходжаева «Алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыбында сабақтар өткізді.
ҮНДІСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ КЕЛУІ
2021 жылғы 12 шілдеде М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне Үндістан Республикасының Елшісі Шубшаршини Трипати мен әскери атташе Милан Винаяк Нараваде келді.
Басқарма – төрағасы ректор Т. Ешенқұловтың Үндістан делегациясының өкілдерімен кездесу барысында өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелері қозғалды, сондай-ақ делегация университеттің музейін көріп, даму тарихымен танысты.
2015 жылдан бастап Үндістан Ұлттық Кадет Корпусы мен М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті арасында Үндістан мен Қазақстан арасындағы Жастар алмасу және достық қатынастарды дамыту бағдарламасы бойынша өзара түсіністікті нығайту шеңберінде өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Кездесуге әскери кафедраның жетекшісі полковник С. Мұқышев қатысты.
ӘСКЕРИ КАФЕДРАНЫҢ ОҚУ ЖИЫНДАРЫ
2021 жылдың 2 шілдесінде әскери кафедра студенттерімен оқу жиыны басталды. Оқу жиыны басталар алдында взводтар мен роталардың командалық құрамымен оқу-әдістемелік сабақтар өткізілді.
Әскери кафедра басқарушысының орынбасары, запастағы подполковник М.Ф. Әлібеков студенттерді оқу-жаттығу жиынының әкімшілігімен таныстырып, оқу жиынын өткізу мерзімі мен негізгі іс-шаралары жеткізілді.
ТЕХНИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
2021 жылғы 18-19 маусым аралығында Тараз гарнизонының әскери полиция бөлімі М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының механикалық көлік құралдарына техникалық байқау жүргізді. Ескертулер жоқ.