«ТҮЙЕ СҮТІНІҢ ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

26 1

Дулати университетінің қабырғасында оқытушылар мен жас ғалымдарға арналған «The wonderfui world of camel milk» байқауы өтті.

«LF company» бірлесіп, Ғылым және коммерцияландыру департаментінің коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен өткен байқауға 12 команда қатысып, бақ сынасты. Байқаудың мақсаты - жиналған жұртқа түйе сүтінен өндірілген жаңа өнімдерді таныстыра отырып, жарнама жасау.

Жиын басында Басқарма Мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Орынбаев сөз алып, университетіміз үздіксіз даму үстінде екенін тілге тиек етіп, қатысушы командаларға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.

Әділқазылар алқасы құрамында «Педагогика және әлеуметтік ғалымдар» факультетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі Айгүл Кабиқызы, «Технологиялық факультетінің» «Дизайн және сән индустриясы» кафедрасының меңгерушісі Сулушаш Балабиевна, «Жастармен жұмыс» бөлімінің бас маманы Айдос Елужылұлы, «ЛФ» компаниясының өндірістік меңгерушісі Сұлушаш Зиятбековна және «ЛФ» компаниясының заңгері Салтанат Абдиганиевна болды.

Байқау қорытындысы бойынша 4 жеңімпаз анықталды. Карина Рахимжановна «ТЕНГРИ Креатив» командасы 1 орын иегері атанса, 2 орынды - Нигина Сапарова «ENACTUS DULATY» командасы еншіледі. Шымкент Қалижан «Сапа» командасы 3 орынды иеленсе, Нұрбосын Даниял «Қуат» командасы 4 орын иегері атанды. Айта кеткендей, жеңімпаздар арасында 200.000, 150.000, 100.000, 50.000 теңгелік сертифкаттары ойнатылды.

26 1.1

 

26 1.2

 

26 1.3

 

26 1.4

Top