


Жаратылыстану ғылымдары факультетінің оқытушылары кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша екі мобильді топ құрылып, Талас және Жуалы аудандарының мектептеріне кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді. Оқытушылар университет туралы, білім беру бағдарламалары, ТарӨУ-де оқытудың артықшылықтары, сондай-ақ университет туралы барлық қажетті ақпаратты қамтитын ақпараттық буклеттер мен видеороликтер ұсынды және біздің университет қабырғасында білім алу-жарқын болашаққа жол екенін атап өтті.
Оқушы түлектерге мемлекеттік білім беру грантының негізінде де, ақылы негізде де ТарӨУ- не түсуді нақты мысалдармен түсіндіріп өтті, оқушыларда өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.


