Құттықтаймыз!

23-24 сәуір күндері Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің «Химия» кафедрасының ұйымдастыруымен «B053-Химия» білім беру бағдарламасы бойынша XVI Республикалық пәндік Олимпиада өтті.

Олимпиада 2 кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңде студенттер теориялық білімдерін, ал екінші кезеңде эксперимент жасау арқылы білімдерін көрсетті.

Толығырақ

«Жалаңтөс батыр – Тұран жолбарысы» тақырыбындағы конференция жұмысы

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Білім берудегі тарих және география» кафедрасы «Мұрагер» ғылыми-зерттеу үйірмесінің ұйымдастыруымен өткен «Жалаңтөс батыр – Тұран жолбарысы» тақырыбындағы  конференция жұмысы

Толығырақ

«Тәуелсіздік- ел тірегі!»

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында факультетімізде «Тәуелсіздік- ел тірегі!» тақырыбында кураторлық тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Куратор сағатында еліміздің  Тәуелсіздікке жету жолындағы тарихына түсінктеме беріліп, тақырыптық бейнематериалдар мен презентациялар көрсетілді. Еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен, өз өмірлерін қиған батырлардың ерлік істері таныстырылды.  Тарихты бағалай білуге үйрете отырып, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуді мақсат еткен тәрбие сағаты өз мәресіне жетіп, гимн айтылды.

Толығырақ

Құқық қорғау органдарымен кездесу өтті

Жаратылыстану ғылымдары факультеті не қарасты "Химия" кафедрасы аға оқытушысы Ғ.Б.Шинышерованың ұйымдастыруымен Тараз қаласы полиция басқарма қызметкерлерінің қатысуымен "6В01504-Химия мұғалімдерін даярлау", "6В01507-Химия және биология мұғалімдерін даялау" мамандықтарының студенттеріне тәртіпсіздік тің алдын алу іс-шарасы өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Толығырақ

Дін өкілдерімен кездесу

Факультетімізде «Діни экстремизм – әлемге төнген қауіп» атты дін өкілдерімен кездесу өткізілді. Қоғам арасында кең етек жайып, жастардың санасын жаулап алған әртүрлі діни ағымдардың таралуы жайында, көзсіз көбелектей түрлі экстремистік ұйымның жетегінде кетуінің бірнеше факторы бар екені туралы, мысалы: әлеуметтік желілердің кері әсері, жастарымыздың өз тарихын, салт дәстүрін толық білмеуі және діни сауатсыздық деп атап өтті. Студенттер сұрақтар қойып, жауаптарын алды.

Толығырақ

Студенттер контингентін қалыптастыру жұмыстары

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 2023-2024 оқу жылындағы студенттер контингентін қалыптастыру, талапкерлерді жинау

мақсатында «Жаратылыстану ғылымдары» факультеті аталған іс-шараның өткізілуіне ат салысуда. “Химия” кафедрасының оқытушылары Айдарова А.О., Муталипова Ж.А. 11 сынып оқушыларымен түсіндірме әңгіме жүргізді.

Ашық есік күнінің мақсаты: педагогикалық мамандық таңдауда оқушылар бойында жауапкершілікті қалыптастыру; кәсіби бағдар беру және психологиялық колдау керсету; университеттің профессор-оқытушылар

құрамы мен материалдық-техникалық базасымен таныстыру.

Оқу  ғимараттардың материалдық-техникалық базасымен таныстыру барысында окушыларға барлық кафедралары өз орталықтары мен зертханаларын, сонымен катар электронды ақпараттық кітапхана орталығы мен спортзалдары да керсетілді.

Толығырақ

Кәсіптік бағдар жұмыстары басталды

Жаратылыстану ғылымдары факультетінің оқытушылары кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша екі мобильді топ құрылып, Талас және Жуалы аудандарының мектептеріне кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді. Оқытушылар университет туралы, білім беру бағдарламалары, ТарӨУ-де оқытудың артықшылықтары, сондай-ақ университет туралы барлық қажетті ақпаратты қамтитын ақпараттық буклеттер мен видеороликтер ұсынды және біздің университет қабырғасында білім алу-жарқын болашаққа жол екенін атап өтті.

Оқушы түлектерге мемлекеттік білім беру грантының негізінде де, ақылы негізде де ТарӨУ- не түсуді нақты мысалдармен түсіндіріп өтті, оқушыларда өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Толығырақ

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ атты кездесу өтті

Қазіргі біздің қоғамдағы өзекті тақырыптардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Сыбайлас жемқорлықты жүгендеуге қоғам болып ат салысуымз қажет. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда көптеген әр түрлі шаралар ұйымдастырылып жүзеге асырылып жатыр.

Осыған орай факультетімізде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағытында студенттер мен кездесу өтті. Кездесуге келген студенттермен пікір алмасып, сұрақтар қойылды.

Толығырақ

Менделеев мектебі ашылды

2023 жылдың қазан айынан бастап кафедра негізінде Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті және «Казфосфат» ЖШС бірлесе отырып «Менделеев сыныптары» халықаралық білім беру жобасы өз жұмысын бастады. Жобаға 10, 11 сыныптың 50 оқушысы қатысуда.

Толығырақ

Қайырымды іс - асыл қасиет

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді халқымыз.  Адам бойындағы ең жақсы қасиет – жомарттық пен кеңпейілділік. Жомарт болу дегеніміз қолыңдағы барыңмен мұқтаж адаммен бөлісу. Жомарт адам бойындағы ізгі қасиетін, таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсетіп, әрдайым қажет еткен жанға көмек қолын созып жүреді.  Қайырымдылық жасау кез келген адамның қолынан келетін іс. Ондай адам рухани құндылықтарды материалдық құндылықтардан жоғары қояды. Өзінің жанашырлығы мен таза ниетімен ерекшеленеді. Мұқтаж адамдардың қажеттіліктеріне немқұрайлы қарамай, оларға барынша көмек көрсетуге тырысады. Осыған орай Жаратылыстану ғылымдары факультеті, «Биология» кафедрасының ұйымдастыруымен 2 және 3 курс студенттері кураторларымен №3 «Мейірім» мектеп-интернатына барып, мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық көрсетті. Сыйлықтар беріп, арнайы аниматорлық костюмдермен ойындар ойнатып, ерекше көңіл-күй сыйлап қайтты.

Толығырақ
Top