Хабарландыру

"Study in Kazakhstan" Information Platform

To promote Kazakhstani higher education internationally and create a unified information space for international applicants, the "Study in Kazakhstan" information platform (studyinkz.kz) has been launched.

The platform allows international applicants to explore higher education institutions in Kazakhstan, discover academic programs, and learn about opportunities for pursuing higher education in the country.

For more details, visit: studyinkz.kz

Scan the QR code below to access the platform.

Study in Kazakhstan ақпараттық платформасы
Қазақстандық жоғары білімді халықаралық деңгейде ілгерілету және шетелдік талапкерлерге арналған бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру мақсатында Study in Kazakhstan (studyinkz.kz) ақпараттық платформасы ұсынылады.
Платформа шетелдік талапкерлерге Қазақстанның жоғары оқу орындары, білім беру бағдарламалары және жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Толық ақпарат: studyinkz.kz
Платформаға өту үшін төмендегі QR-кодты сканерлеңіз.

Құрметті кафедра меңгерушілері мен профессорлық-оқытушылар құрамы!

Кітапханалық – ақпараттық орталық 2027 жылға республикалық және ресейлік мерзімді басылымдарға жазылу уақытының басталғандығын хабарлайды.

Мерзімді басылымдарға тапсырыс беру журналдар каталогы арқылы жүзеге асырылады. Ресейлік электрондық журналдарға жазылу eLIBRARY.RU ғылыми-электрондық кітапханасының прайс-парағы негізінде жүргізіледі. Каталогтың электрондық нұсқасы мен тапсырыс формасы кітапхана сайтында lib.dulaty.kz «Оқырмандарға» бөлімінде  орналастырылған. Тапсырыстар 2026 жылғы 20 қазанға дейін «Кітапханалық қорды толықтыру және ғылыми өңдеу» бөлімінде (2.1.117-кабинет) қабылданады немесе электрондық пошта   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. (сканерленген нұсқасын) жіберуге болады.

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде «БАЙСАЛОВ ОҚУЛАРЫ – 2026» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Конференция тақырыбы: «Жаңа Конституция және Қазақстанның тұрақты дамуы: жер қатынастарын реттеудің құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық басымдықтары».

Өтетін күні:02.10.2026жыл
Өтетін уақыты:10:00
Өтетін орны: «Көне Тараз» тарихи этномадени кешені Төле би көш., 18/6

Құрметті әріптестер!

2026 жылғы ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға арналған жыл сайынғы конкурсқа өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлауға қуаныштымыз.

Конкурс туралы ережемен, іріктеу критерийлерімен және толық ақпаратпен келесі сілтеме бойынша таныса аласыздар:
[ https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/documents/details/1069913?lang=ru ]

Өтінім беру:

сыйлықтар: https://astanahub.com/ru/l/awards

 стипендиялар: https://astanahub.com/ru/l/scholarships

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға жұмыстарды қабылдауды осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» АҚЖ жүзеге асырады.

Жарияланған күні: 2026 жылғы 21 қыркүйек.

Ғылым саласындағы сыйлықтарды алуға арналған конкурсқа келесі құжаттар ұсынылады:

  1. монографиялар, монографиялардағы тараулар, мақалалар, шолулар, патенттер, авторлық куәліктер (бестен аспайтын) түріндегі ғылыми жұмыс;
  2. жұмыстың мазмұны, зерттеулердің өзектілігі мен жаңалығы, негізгі ғылыми нәтижелері, олардың маңыздылығы және одан әрі пайдалану мүмкіндігі баяндалған жұмыстың сипаттамасы (баспа парағының жартысынан аспайтын);
  3. жұмысты ұсынған ұйымның консультативтік-кеңесші органы отырысының хаттамасынан үзінді;
  4. сыйлықты алуға үміткердің негізгі жұмыс орнынан анықтама;
  5. сыйлықты алуға үміткердің шығармашылық үлесі көрсетілген ғылыми қызметінің қысқаша сипаттамасы (ұжымдық жұмыстар үшін);
  6. конкурсқа ұсынылған жұмыстың бұған дейін республикалық бюджет қаражатынан төленетін сыйлықтарға ие болмағанын куәландыратын, жұмысты ұсынған ұйымнан анықтама;
  7. ендіру актісінің көшірмесі (болған жағдайда);
  8. қолданыстағы жиырма таңбалы карточкалық шот туралы хабарлама.

Осы тармақтың 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттар сыйлықты алуға үміткер жұмыстан шыққан жағдайда оның соңғы жұмыс орнынан ұсынылады.

Мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға арналған конкурсқа келесі құжаттар ұсынылады:

  1. ұйымның консультативтік-кеңесші органының уәжді өтінішхаты (ұсынысы);
  2. мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің негізгі жұмыс орнынан анықтама;
  3. мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің соңғы бес жылдағы (конкурс жарияланған жылды қоспағанда) ғылыми жарияланымдарының тізімі, сондай-ақ олардың ішіндегі ең маңыздыларының бедерлемелері (бестен аспайтын);
  4. ендіру актісінің көшірмесі (болған жағдайда);
  5. ғылыми жобалар мен бағдарламаларға жетекшілікті растайтын құжаттар (болған жағдайда, дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендияға үміткерлер үшін талап етілмейді);
  6. Қазақстан Республикасында философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі берілген кадрларды даярлауды растайтын құжаттар (болған жағдайда, дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендияға үміткерлер үшін талап етілмейді);
  7. халықаралық коллаборацияны растайтын құжаттар (болған жағдайда, тек дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияға үміткерлер үшін);
  8. қолданыстағы жиырма таңбалы карточкалық шот туралы хабарлама.

Жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!

Дулати университетінің Ғылым департаменті



16-қазан күні М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде көрнекті әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Құлбарақ Сәмен Оразғалиұлының 70 жас мерейтойына арналған «Қазіргі әдебиеттану мен Дулатитану: дәстүр, трансформация және перспективалар» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференцияның негізгі мақсаты — қазіргі әдебиеттану мен дулатитану ғылымының даму үдерісін, теориялық-әдіснамалық бағдарламаларын және өзекті мәселелерін ғылыми тұрғыдан зерделеу, ұлттық әдебиеттанудың дәстүрлі ғылыми ұстанымдары мен жаңа зерттеу парадигмаларының сабақтастығын саралау. Сондай-ақ, филология ғылымдарының докторы, профессор, Құлбарақ Сәмен Оразғалиұлының ғылыми-шығармашылық мұрасын талдап, оның қазақ әдебиеттану ғылымының дамуына қосқан үлесін ғылыми тұрғыдан бағалау.

📆Өтетін күні:16.10.2026
⏰Өтетін уақыты:10:00
📍Өтетін орны:Сүлейменов көшесі,13

 

22-қыркүйек күні М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Джоукар Али Акбар университет студенттеріне онлайн-дәріс оқиды.
Бұл кездесу студенттер мен оқытушылардың шетелдік дипломаттармен ашық пікірлесуіне арналған «Дулати университеті: шекарасыз диалог / Dulaty University: Dialogues Without Borders» жаңа жобаның беташары болмақ.
Онлайн-лекция тақырыбы: «Қазақстан мен Иран: ежелгі байланыстар, ортақ мәдени мұра және ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері». Университет ректоры Ләззат Еркінбайқызы модераторлық ететін онлайн-лекцияға оқу орнының ғалымдары, оқытушылары мен студенттері қатысады.
Жиында екі ел арасындағы білім, ғылым және мәдени дипломатияның рөлі талқыланады.

Өтетін күні:22 қыркүйек
Өтетін уақыты:11:00
Өтетін орны:Сүлейменов көшесі,13 Ғылыми кеңес залы(4этаж)

Құрметті университет ұжымы және білім алушылар!

23-25 қыркүйек аралығында Тараз қаласында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің ұйымдастыруымен «Мұрадан креативті болашаққа» тақырыбында Халықаралық қолөнер және креативті индустриялар фестивалі өтетінін хабарлаймыз.

Үш күнге жоспарланған ауқымды мәдени-шығармашылық шараға қолөнер шеберлері, шығармашылық индустрия өкілдері, дизайнерлер, суретшілер, этнографтар, мәдениет саласының мамандары, кәсіпкерлер мен еліміздің әр өңірінен, шетелден келген қонақтар қатысады.

Өтетін күні (ашылуы): 23 қыркүйек
Өтетін уақыты: 10:00
Өтетін орны: Сүлейменов көшесі, 13 (Бас ғимарат) 
Баршаңызды шығармашылық пен креатив әлеміне бірге енуге шақырамыз!