Новости

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2025 жылғы 24 ақпандағы №79 бұйрығына сәйкес, 2025 жылға арналған жоғары оқу орындарына алыс шетелден жоғары рейтингілік ғылыми басылымдарда жарияланымдары бар шетелдік сарапшыларды тарту жоспары бекітілді.

Түркістан қаласында футзалдан XIII Жазғы Универсиаданың финалдық кезеңі өз мәресіне жетті. Республикалық деңгейдегі жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 40 университеттің командалары қатысты.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен Тараз қаласында «WorldSkills Jambyl-2025» атты облыстық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті.

Университет қабырғасында «Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультетінің бастауымен «Жазғы мектеп» семинары өтті. Ғылыми-әдістемелік семинарға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің PhD докторы Шолпан Кудьярова қатысып, мазмұнды дәрістер ұсынды.

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Мадиев Өскенбай Қабылбекұлының 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті.

Университет қабырғасында оқу көрсеткіштері 3,33 балдан жоғары түлектермен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбековпен кездесу өтті. Ұйымдастыру комитеті: Карьера және бизнес серіктестік орталығы.

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасындағы XIII жазғы Универсиада өз мәресіне жетті. Бір айға созылған байрақты бәсекеге еліміздің 79 жоғары оқу орнынан спорттың 17 түрінен командалар қатысып, тартысты дода өтті.

Университет қабырғасында Түркменстаннан келген шетелдік азаматтарға арналған ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.