Неміс өндірісімен танысу
16 мамырда серіктестер Измир қаласында орналасқан HUGO BOSS неміс сән киімінің өндірушісі өнеркәсібімен таныстырды.
Тренинг барысындағы іс-шаралар
Эразмус+ Tex4future жобасының қатысушылары түркі халықтарының этномәдениеті мен танысты, серіктестер Измирдің тарихи саябақтар мен этнографиялық мұражайларына бару іс-шараларын ұйымдастырды.
Түркиядағы үшінші тренинг
2025 жылдың 14-21 мамыр аралығында Эге университетінде (Измир, Түркия) Tex4future Эразмус+ жобасы аясында оқытушылардың кәсіби тренингі жалғасын тапты.
Түркиядағы жоба митингі
Tex4Future Erasmus+ жобасын жүйелі түрде жүзеге асыру мақсатында 2025 жылдың 12-13 мамырында Эге университетінде (Измир, Түркия) Грекия, Румыния, Түркия, Өзбекстан және Қазақстанның серіктес университеттерімен кездесу өтті. Дулати университетінің өкілдері – жобаның аймақтық үйлестіруші, “Текстиль, материалтану және стандартизация” кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а. Джумабекова Г.Б., қауымдастырылған профессор м.а. Ташмухамедов Ф.Р., оқытушы Байдильдаева А.К., “Дизайн және сән индустриясы” кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а. Келесова У.С. жұмыс пакеттерін талқылауға қатысты. Жобаның бас үйлестірушісі, профессор Н. Билалис кездесуге қатысушыларды жобаның бүгінгі күнге дейін жүзеге асырылу нәтижелерімен және өнер кәсіптік консорциумның жұмысымен таныстырды. Сонымен қатар бас координатор WP1 «Жобалардыбасқару» жұмыс пакеті бойынша жобаның аралық есебін дайындау тәртібін түсіндірді.
Румыния кәсіпорындарымен танысу
Tex4Future Эразмус+ жобасының бағдарламасында Қазақстан мен Өзбекстанның Еуроодақ мемлекеттерінің арасында озық технологиялық тәжірибелермен алмасу қарастырылған. М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің жобаға қатысушы оқытушылары - Джумабекова Г. Б., Келесова У.С., Байдильдаева А.К. Румынияның “RIFIL” компаниясының жұмысымен танысуға барды.
Румыниядағы екінші тренинг
2025 жылдың 5-9 мамыр аралығында Георге Асаки атындағы Яссы техникалык университетінде (Яссы, Румыния) Tex4future Эразмус+ жобасы аясында оқу кәсіби тренингі өтті.
Жобаның 2-ші жиналысы
2024 жылғы 7-8 қазанда Румыния, Яссы қаласындағы Джорджио Асачи техникалық университетінде (TUIASI) TEX4FUTURE-101128738-ERASMUS-EDU-2023-CBHE-STRAND-2 халықаралық жобасының 2-ші офлайн отырысы өтті.
Бірінші тренинг – Грекия
Батыс Аттика университетінің (Афина, Грекия) өнеркәсіптік дизайн және өндірістік инженерия кафедрасында 30.09.2024 ж. - 10.04. 2024 ж. күндері аралығында Еуропалық Одақтың Эразмус+ бағдарламасы қаржыландыратын TEX4FUTURE-101128738-ERASMUS-EDU-2023-CBHE-STRAND-2 халықаралық жобасы аясында сарапшылардың біліктіліктерін арттыру және оларды дайындау бойынша алғашқы оқу тренингі өткізілді.
TEX4FUTURE ЖОБАСЫ КӨРМЕДЕ
2024 жылдың 05-07 шілде аралығында Жамбыл облысының 85 жылдығы мен Астана күні мерекесіне орай "Qoloner-Taraz" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Өнерліге өріс кең" атты қолөнершілер көрмесі өтті.
Kick off meeting
2024 жылдың 11-12 сәуір аралығында Ханья қаласындағы (Грекия) Крит техникалық университетінде (TUC) ERASMUS+ TEX4FUTURE - 101128738 - GAP-101128738 – «Textile Manufacturing for the Future in Uzbekistan and Kazakhstan» жоба қатысушыларының Kick off meeting алғашқы кездесуі өтті.
Кездесуге М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінен жобаның ұлттық және жергілікті үйлестіруші Гульзира Джумабекова мен оқытушы Асель Байдильдаева қатысты.
Кездесу барысында ағымдағы жылдың ақпан айында бастау алған TEX4FUTURE жобасының мақсаттары мен міндеттеріне жету жолдары айқындалды, негізгі алты жұмыс пакетінің (WP1 - Project Management and coordination, WP2 - Development and implementation of the capacity building, WP3 - Operation of the Centres, WP5 - Stakeholders’ perspective and Synergies, WP6 - Project Quality Control and Quality Assurance, WP7 - Dissemination, Exploitation and Sustainability) орындалу жолдары талқыланды.
Қазақстанда және Өзбекстанда ашылатын төрт орталықтың құрал-жабдықтары талқыланып, бекітілді. Және де Грекия, Румыния және Түркия университеттерінде өтілетін тренингтердің тақырыбы мен уақыты қарастырылды.