TOEFL AUTHORISED TEST CENTRE
TOEFL дегеніміз не?
TOEFL (Test of English as a Foreign Language) – бұл ағылшын тілін шетел тілі ретінде меңгеру деңгейін анықтайтын халықаралық емтихан. TOEFL тестін Educational Testing Service (ETS) ұйымы әзірлеген ол ұйым Нью-Джерсиде Принстон университетінде (АҚШ) орналасқан.
TOEFL ITP (Institutional Testing Program) – 14 жастан асқан талапкерлерге, магистранттарға, докторанттарға, орта мектеп мұғалімдеріне, ЖОО оқытушыларына, әртүрлі сала қызметкерлеріне арналған халықаралық ағылшын тілі тесті. Бұл тест ағылшын тілін ана тілі болып табылмайтын адамдардың білім деңгейін академиялық және әлеуметтік мазмұн негізінде бағалауға арналған.
- Тесттер цифрлық форматта өткізіледі.
- Тест нәтижелесін тест аяқталғаннан кейін бірден көруге болады.
- Сертификат (B1 деңгейінен бастап) тест тапсырғаннан кейін 15-20 күн ішінде (сұраныс бойынша) беріледі.
- TOEFL сертификатының жарамдылық мерзімі – екі жыл.
TOEFL ITP сертификатын қайда қабылдайды?
- 50-ден астам елдегі 2500-ден астам оқу орны TOEFL ITP тесттерін қолданады, олардың ішінде:
- Колледждер мен университеттер
- Орта мектептер
- Ағылшын тілін оқыту бағдарламалары мен мектептері
- Мемлекеттік мекемелер
TOEFL ITP тесттері келесі мақсаттарда қолданылады:
- Ағылшын тілін оқытудың қарқынды бағдарламаларына түсу – колледждер мен университеттер жанындағы әртүрлі деңгейдегі тілдік курстарға қабылдау үшін.
- Ағылшын тілі бағдарламаларының бітіру емтиханы ретінде – әсіресе академиялық ағылшын тіліне бағытталған курстарда.
- Қысқа мерзімді оқу бағдарламалары мен тағылымдамаларға қатысу – ағылшын тілі қолданылатын оқу орындарында.
- Жоғары оқу орындарына түсу – бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларына қабылдау үшін.
- Халықаралық алмасу және академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу – ағылшын тілі негізгі тіл ретінде қолданылатын бағдарламаларға қатысу үшін.
- Стипендиялық бағдарламаларға қатысу – академиялық ағылшын тілі деңгейін растау үшін.
Тест құрылымы
TOEFL ITP тесті 3 бөлімнен тұрады:
- Listening Comprehension (Тыңдалым дағдысы) – ағылшын тілін түсіну қабілетін бағалайды.
- Structure and Written Expression (Грамматика және жазу дағдысы) – ағылшын тіліндегі грамматикалық құрылымдарды түсіну қабілетін бағалайды.
- Reading Comprehension (Оқылым дағдысы) – оқу және түсіну қабілетін бағалайды.
Level 1 (intermediate - advanced): Ұзақтығы – 115 минут
Бөлім |
Сұрақ саны |
Уақыты |
Балл шкаласы |
Listening Comprehension |
50 |
35 минут |
31–68 |
Structure and Written Expression |
40 |
25 минут |
31–68 |
Reading Comprehension |
50 |
55 минут |
31–67 |
Жалпы |
140 |
115 минут |
310–677 |
Level 2 (high beginning-advanced): Ұзақтығы – шамамен 1 сағат 10 минут
Бөлім |
Сұрақ саны |
Уақыты |
Балл шкаласы |
Listening Comprehension |
30 |
22 минут |
20–50 |
Structure and Written Expression |
25 |
17 минут |
20–50 |
Reading and Vocabulary |
40 |
31 минут |
20–50 |
Жалпы |
95 |
70 минут |
200–500 |
Тест құны
№ |
Қатысушылар санаты |
|
|
Ескертпе |
||
1. |
ДУ қызметкерлері мен студенттері үшін |
40000 |
5000 |
Сертификат тек шекті бал жинаған жағдайда беріледі |
||
2. |
Сырттан келген тапсырушылар үшін |
45000 |
5000 |
Төлем үшін реквизиттер
Алушы: "М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті" КЕ АҚ
БСН: 240940026321
Банк: "Банк ЦентрКредит" АҚ
ИИК: KZ668562203140753935
БИК: KCJBKZKX
Төлемнің мақсаты: TOEFL тестілеу және/немесе сертификат үшін төлем
Ескертпелер
- Тестілеуге төленген қаражат қатысушы келмеген жағдайда қайтарылмайды.
- Сертификат тек шекті бал жинаған жағдайда беріледі.
- Тестілеуге төлем жасаған қатысушылар төлем құжатының көшірмесін ұсыну арқылы төлемді растауы қажет.
- Тестілеу мен сертификат алу мерзімі қосымша хабарланады.