ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Ұстаз» институты мен Тараз қаласы бойынша физика-математика бағыты бойынша Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқытудың тиімді жолдары» тақырыбында студенттер мен оқытушыларға арналған шеберлік сағаты өтті.

Шеберлік сағаттың басты мақсаты орта білім берудің жаңартылған мазмұнын іске асыру мақсатында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру. Сонымен қатар, негізгі міндеттері – оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдерімен танысу, оқытудың заманауи педагогикалық тәсілдерін қолдануда мұғалімдердің құзыреттілік деңгейін қалыптастыру, пән мұғалімдерінің жұмысын жетілдіру, олардың педагогикалық дағдыларын арттыру.

Шеберлік сағатын «Ұстаз» институты мен НЗМ-нің директоры О.Джолдасова мен Т.Нұркешов алғы сөзімен бастады. Болашақ студенттерге НЗМ-нің оқытушылары Н.Колоханов пен Б.Дуйсекеева «АКТ инструменттерін қашықтықтан оқытуда пайдаланудың тиімділігі»,  Б. Бұхарбекова мен А.  Түктыбаева «Сабақта критериалды бағалау жүйесін қолданудың тиімді жолдары», З. Нұржігітова «Қашықтықтан оқыту және бағалаудың ерекшеліктері» тақырыптарында тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, студенттермен қызу пікірталас жүргізді. Сондай-ақ Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесі бүгінгі таңда еліміздің көптеген мектептерінде қолданатын болса, университет бітірушілері жаңа заман талаптарына бейімделуде.

Атап өту қажет Назарбаев Зияткерлік мектебі мен «Ұстаз» институты арасындағы қарым-қатынас тығыз байланыста жүріп жатыр. Университет студенттері педагогикалық практикадан өтіп тәжірибе алып жатса, Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары Дулати университетінде магистратурада оқып, өздерінің білімдерін одан ары қарай жалғастыруда. Тараз өңірлік университетінің бірқатар үздік бітірушілері Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстаздары. Іс- шарада болашақ ұстаздарға, яғни Дулати университетінің жаратылыстану бағытындағы бітіруші курс студенттеріне жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқытудың тиімді жолдары таныстырылды.

ОРЫНҚЫЗ333exОРЫНҚЫЗ1ex

Медиа-қызмет

Прочитано 1296 раз
Top