"СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС" ИНСТИТУТЫ

Қабылдау телефоны: 8 (7262) 42-65-52

Мекен-жайы: Сәтпаев көшесі, 28, 6.2-205

Институт жайлы

Институттың миссиясы - әлемдік стандарттарға сай келетін жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, сондай-ақ қазіргі заманғы кәсіби және өзге де талап етілетін құзыреттері бар жоғары адамгершілік тұлғаны қалыптастыру. Қоғамның, мемлекет пен жеке тұлғаның қажеттіліктеріне жауап беретін нақты ғылыми жетістіктер, оқу процесіне оқытудың қазіргі заманғы әдістерін енгізу, жаһандық өзгерістерге икемді ден қоятын және Қазақстан Республикасы экономикасының озыңқы дамуын қамтамасыз ететін мобильді және серпінді оқыту негізгі құралдар болып табылады.

Институттың мақсаты: болашақ мамандардың негізгі кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, заманауи, жоғары сапалы теориялық білім мен практикалық тәжірибені қамтамасыз ету.

Директорат
БЕЙСЕМБИН ҚҰДАЙБЕРГЕН РАХЫМЖАНҰЛЫ

Су шаруашылығы,экология және құрылыс институтының директоры

техника ғылымдарының докторы, доцент

Байланыс телефоны: 8(707)2745121

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


ТУРЕКЕЛЬДИЕВА РИММА ТІЛЕПАЛДЫҚЫЗЫ

Директорының оқу-әдістемелік жұмыстары бойынша орынбасары

биология ғылымдарының кандидаты, доцент

Байланыс телефоны: 8(777)4639509

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


ҚАРАБАЕВА АСЕЛ АСҚАРҚЫЗЫ

Директордың тәрбие ісі және кадр жұмыстары бойынша орынбасары

биология ғылымдарының магистрі, аға оқытушы

Байланыс телефоны: 8(707)3257477

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


ОМАРОВА ҒАЛИЯ ЕДІЛБЕКҚЫЗЫ

Директорының ғылыми жұмыстары бойынша орынбасары

техника ғылымдарыныңдокторы, доцент

Байланыс телефоны: 8(701)4318485

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


МҰСАБАЕВ БЕРҚАЙЫР ҚОЛДАСЫНҰЛЫ

Маман

техникалық ғылымдарының магистрі

Байланыс телефоны: 8(707)5686087

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


ШОНЖАНОВА БАЗАРКУЛЬ АУЕЛБЕКҚЫЗЫ

Оператор

Байланыс телефоны: 8(702)8835086

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Материалдық-техникалық базасы

Институтте арнайы мамандандырылған зертханалармен жабдықталған, ол жерде қазіргі сұраныстарға сай оқу және ғылыми іздестірулер, зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Мамандандырылған кабинеттер мен залдар компьютерлік техника, интерактивті тақталармен және т.б. жабдықталған.

Бакалаврлар мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (магистратура) бағыттары бойынша оқу процесін, ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру үшін ПОҚ зертханалар мен мамандандырылған кабинеттерді пайдаланады, мысалы, "Құрылыс және материалдар өндіру" кафедрасы бойынша - "Құрылыс конструкциялары" аудиториясы (практикалық сабақтарды өткізу) 36 м2 алаңға ие, интерактивті сынып болып табылады, зертханалық жұмыстарды жүргізу үшін "С.Сүлейменов атындағы Химиялық технологиялар орталығы" ауданы - 48 м2, оқу сабақтарын өткізу үшін қажетті жабдықтары бар.

«Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасы мамандандырылған арнайы аудиториялармен, заманауи геодезиялық өлшеу құрылғы жабдықтармен (Электронды тахеометр Topcon GPT3105, теодолит VEGA TEO20; нивелир Sokkia SDL-30) қамтылған және оқудың инновациялық технологиясы енгізілген.

«Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасы дипломдық жұмыстарды орындау үшін арнайы аудиториялармен, заманауи компьютерлермен және плоттерлермен жабдықталған. Арнайы «Суретжәне сыршырай» зертханалық аудиториялары да бар.

Биология кафедрасында «Фитохимия» білім беру ғылыми-өндірістік орталығы, қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жабдықталған, Нанкюде шығарылған (Шанхай, Қытай).

«Фитохимия» БПЗК - «Қазақстан Республикасының өсімдік шикізаттарын зерттеу, химиялық қосылыстарды бөлу, олардың биологиялық белсенділігін зерттеу және экспортқа жаңа дәрі-дәрмектер өндірісі» жобасымен айналысады.

Сонымен қатар, «Биология» кафедрасында «Жылыжай» заманауи жылыжайы бар - бұл оңтүстік кореялық «KOREAGREENHOUSE CO LTD» компаниясының инновациялық технологиясының көмегімен салынған тәжірибелік алаң. Аумағы - ұзындығы 8 акр. Жылыжай компьютерлендірілген - автоматты түрде тамшылатып суару жүйесі қолданылады.Эксперимент ретінде жылыжайда Mahitos қызанақ, фламинго бұрыштары мен өнімділігі жоғары қиярдың әр түрлі сорттарын қолданып өсіру әдісі қолданылады. «Жылыжай» жылыжайында студенттердің «Өсімдіктердің анатомиялық-морфологиялық ерекшеліктері» тақырыбында оқытушылармен (СРСП) өздік жұмысы өтеді.

«Экология» кафедрасында «Қоршаған орта әсерін бағалау» зертханасы жұмыс істейді.Зертхана зертханалық тәжірбие жасауда техникалық құралдармен толықтай жабдықталған. Онда студенттер зертханалық жұмысты ұйымдастыру принциптерін үйренеді, зертханалық құрал-жабдықтар арқылы зертханалық жұмыс жүргізу барысында қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып,теориялық негіздерін зертханалық жұмыста қолдана біледі. 2014-2015 оқу жылынан бастап «Экология департаментінде» кафедра филиалы ашылған, ал 2019-2020 оқу жылынан бастап «КазФосфат» ЖШС ЖЖФЗ базасында кафедра филиалы жұмыс жасайды. Кафедра филиалы базаларында бакалавр мен магистранттар теориялық алған білімдерін тәжірибемен шыңдайды. Сонымен қатар онда өндірістік, ғылыми-зерттеу, диплом алды тәжірибелерден өтеді.

2016 жылдан бастап «Өмір тіршілік қауіпсіздік» кафедрасында «Техносферадағы қауіпсіздік» лабораториясы жұмыс жасауда және заманауи жабдықтармен (Оқытуға арналған интерактивті комплексі, зертханалық – оқыту қондырғы комплектісі, Светодинамикалық 3D макеті, робот-тренажерлар, люксметрлер, анемометрлер, шумометрлер) қамтылған.

«Су ресурстары» кафедрасының оқу-ғылыми лабораториясының көлемі 1596м2 құрайды және келесі 6 мамандандырылған лабораториядан тұрады: гидравлика, гидротехникалық құрылымдар, сорғылар және су көтеру қондырғылары, гидроэнергетика, гидромелиорациялық және гидротехникалық жұмыстар технологиясы мен ұйымдастыру, ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету. 2013 жылы Аrmfield ағылшын компаниясының құны 92 млн.тенгеге жаңа лабораториялық қондырғысы сатып алынды және лабороторияларға 10 млн.тенгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оқу-ғылыми лабораториясында, ПОҚ, докторанттар, магистранттар және студенттер ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді және барлық лабораториялық қондырғылар оқу үрдісі үшін пайдаланылады.

Институт жетістігі

Институттың қызметкерлері «ҚР жоғарғы оқу орнының ең үздік оқытушысы» атты ҚР білім және ғылым министрлігінің грант иегерлері: Әбдіраманов Ә.Ә. (2006 ж.), Сағындықов А.А. (2007 ж.), Сенников М.Н., Жұмабеков Ә.Ә. (2007 ж.), Сейтқазиев Ә.С. (2009 ж.), Іңкәрбеков Н.О.

Инкарбеков Н. О, т. ғ. к., Дулати профессоры. 27.02.2019-01.03.2019 жылдары Эразмус+ халықаралық бағдарламасы бойынша № 574056-EEP жобасын іске асыру мақсатында қатысты-1-2016-1-PL-EPPKA2-CBHE-SP "тұрақты даму бойынша өмір бойы оқыту"/"Lifelonglearningforsustainabledevelopment" (SUSDEV) Корольдік технологиялық институтында (Стокгольм, Швеция). SUSDEV жобасының командасының қатысушыларымен кездесу барысында Landmanagement тұрғысынан әзірленген модульдік бағдарламаларды бекіту мәселелері талқыланды.

ҒЗЖ нәтижелілігінің бір түрі республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу, дипломдық жобалар конкурстарында жүлделі орындар алу болып табылады. Мысалы:

  • - 2019 жылдың 14-15 наурызында ҚазБСҚА базасында жыл сайынғы республикалық пәндік олимпиада өтті. 2 дәрежелі дипломмен 5В073000-ПСМИК 2 курс студенті Артаева Сандуғаш марапатталды.
  • – 2019-2020 ж. 5В073000-ПСМИК, РОӘК ОӘБ шеңберінде "Сәулет және құрылыс" бағыты бойынша дипломдық жобалар мен магистрлік диссертациялардың республикалық байқау – конкурсы (2019 жылғы 12-13 қараша, ҚазБСҚА, Алматы), Дамир Бердібекұлы – 3 орын (ғылыми жетекшісі-т.ғ. к., доцент Г.М. Баялиева).
  • - Еуразия сәулет-құрылыс және дизайн мектептерінің дипломдық жобалары мен магистрлік диссертацияларының IX халықаралық фестивалі (2019 жылғы 14-18 қараша, Ташкент, Өзбекстан). 5В073000-ПСМИК студенті Бердібекұлы Дамир -2 орын (ғылыми жетекшісі-т.ғ.к., доцент Баялиева).

5В042000 – Сәулет мамандығының«Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының 4 курс студенті Мукашев Айдос үстел теннисі бойынша жетістіктері үшін марапатталды. Ол 2019 жылғы «Жастар жылына» арналған Жамбыл облысының жоғары оқу орындары арасындағы үстел теннисінен жасөспірімдер арасындағы спартакиадада 1 орын алды.

2019 жылғы 23-24 қарашада Нұр-сұлтан қаласында «Өнер» атағын беру бойынша балалар мен жасөспірімдер арасындағы I Республикалық шығармашылық конкурсы өтті, «Халық аспаптарын» үздік орындағаны үшін номинацияда «Тұмар» ансамблі Бас жүлдені жеңіп алды. Бұл байқауға 5В042000-Сәулет мамандығының 3 курс студенті Асқаров Диас қатысты.

23.08.2020 ж.5В042000 – Сәулет білім беру бағдарламасының «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының 4 курс студенті Көмекбаев Бақтыбай «Тараз қаласының Брендбук» байқауында өзінің логотипімен 1-ші орынға ие болды. Енді бұл логотип біздің қаламыздың бренді болды және сүйікті Тараз қаласының түрлі нысандарында көрсетілетін болады.

Кафедрамыздың студенттердің ғылыми зерттеу жұмысы бойынша тағы да бір жетістік. 2020 жылдың 6 қараша күні «Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының 5В090300-«Жерге орналастыру» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Балсеитова Дана Ермекқызы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғылыми білім беру мекемелері арасында «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы» ассоциясының ұйымдастыруымен өткізілген конкурста «Үздік студент-2020" атағына ие болды. Конкурс нәтижесі бойынша студенттің еңбегі «Дарынды жастардың ІІ халықаралық энциклопедиясына» енгізіліп, «Үздік студент-2020» төсбелгісімен, куәлікпен және І дәрежелі дипломмен марапатталды. Студентімізге ғылыми зерттеу жұмысында бағыт бағдар беріп жүрген ғылыми жетекшісі э.ғ.к., доцент Ахметов Ерғали Сейлбекұлы арнайы алғыс хатпен марапатталды.

2020 жылдың 5 қазан күні «Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., доцент Ахметов Ерғали Сейлбекұлы «Ұлттық картографиялық геодезиялық қор» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны тағайындаған «Құрметті картограф» төсбелгісімен марапатталды. Әріптесімізге қызметіне мол табыс, денінен саулық тілеп, еңбек жолында алар асуларыңыз көп болғай деп шын жүректен тілейміз.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

Қазіргі таңда «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» институты жақсы жабдықталған материалды-техникалық базасы бар. Кафедраларда орындалатын ғылыми жұмыстарды орындау келесі мамандандырылған ғылыми зертханаларда: «Гидравлика и гидротехничкалық құрылыс», «Құрылыс материалдары және конструкцилары», «Суғару техникасының полигоны», «Арнайы дәрілік өсімдіктерді алуға арналған зертхана мен көк-өніс өсірілетін жылыжай», «Геодезиялық өлшеу жұмыстарын жүргізуге арналған арнайы зертхана» орындалады және замануи аспаптар мен құрылымдармен жабдықталған.

Қазіргі таңда кафедраларда ғылыми зерттеу жұмыстары келесі жетекші: РГП «Казходхоз» (Тараз қ.), «Қазсушар» и «Шу-Таласс бассейндік инспекциясы» және тағы басқаларымен және ғылыми жұмыстарды жүргізу үшін барлық жағдай жасалған.

  1. ҚР БжәнеҒМ мен ЖШС «ҚазСШҒЗИ» бірлесе отырып, т.ғ.д., профессор Мусаев А.И. «Разработка особенностей методов водного, воздушного, теплового и пищевого обмена естественных геосистемных зон Казахстана», «Разработка ресурсосберегающей технологии орошения с использованием органических мелиорантов при адаптивно-ландшафтной системе земледелия» ғылыми-жұмыстар жүргізілуде.
  2. Гранттық тақырыптағы ғылыми жұмыстарды орындау: «Разработка режима работы горизонтального и вертикального дренажа и технологии регулирования мелиоративного режима орошаемых земель» жауапты: Джумабеков А.А., Орындау мерзімі - 2018-2020 жж., «Оценка экологического состояния Жамбылской области и пути их решения.Орындау мерзімі: 2018-2021гг. Жауапты: Бимурзаева З.Е., Джумабеков А.А.
  3. «Современная стратегическая программа исследований критического состояния вещества, перспективных материалов и источников энергии», жоба бөлімі: «Современная технология эпитаксильного магнетронного распыления для тонких пленок GaN» (договор №313-20015 от 10.12.2015, 683200 тенге, ГУ «NationalLaboratoryAstana», орындаушы: т.ғ.д., проф. А.А. Сагындыков, т.ғ.к., доцент А.Т. Киргизбаев, кафедр а мүшелері, магистранттар), «Гарантия качества бетона» (келісім-шарт №1311044 от 18.11.2013 г., 4000000 теңге,АО «ПетроКазахстанКумкольРесорсиз», кафедра ПОҚ), «Разработка рекомендаций по внедрению энергосберегающих технологий при проектировании,строительствеиреконструкциисооруженийвусловияхюжногорегиона Республики Казахстан» (келісім-шарт 2019 ж. 400000 теңге көлемінде, орындаушы PhDМолдамуратов Ж.Н.,магистранттар), «Усовершенствование метода расчета сталебетонных конструкций»(№3/2019 30.09.2019 ж., 1000000 теңге, орындаушы PhDМолдамуратов Ж.Н., магистранттар).
  4. М.Х.Дулати атындағы ТарМУдың ғылыми-зерттеу жұмыстарының перспективалық жоспары аясында іздестіру-зерттеу жұмыстарының келесі бағыттары орындалуда: «Фауна, биоэкология и хозяйственное значение чешуекрылых (INSECTА, Lepidoptera) на территории Жамбылской области» ғылыми жетекшісі, «Биология» кафедрасы,PhD докторы, доцент Туменбаева Н. Т., «Совершенствование технологии получения биогумуса с исследованием дождевых червей» ғылыми жетекшісі, «Биология» кафедрасы,PhD доктор, доцент Туменбаева Н. Т., «Исследование экогенетическими методами влияния «генотип-среды» на качественные признаки интродуцированных видов в юго-восточных регионах Казахстана» ғылыми жетекшісі, «Биология» кафедрасы б.ғ.к., доцент Зияева Г. К., «Биоресурсы и флора Жамбылской области» ғылыми жетекшісі, «Биология» кафедрасы б.ғ.к., доцент Байтелиева А. М., «Научно-теоретическое обоснование технологии и организации строительства и борьба с наносами при поддержании в рабочем состоянии каналов Или-Балкашского водохозяйственного бассейна», ғылыми жетекшісі, т.ғ.д, профессор М.Н.Сенников; жауапты орындаушылар: Омарова Г.Е., Жабагиева К.Р. и т.д., «Разработка и исследования многопродуктовых гидроциклонно-насосных установок», научный руководитель, д.т.н., профессор Ә.Әбдіраманов; жауапты орындаушылар: Жолдасов С.К., Жабағиева К.Р., «Исследования проблем водоснабжения в условиях отсутствия надежных источиков и разработка искусственных подземных водохраналищ», научный руководитель, к.т.н., доцент Жолдасов С.Қ.; жауапты орындаушылар: Қойшыбаева Г.Ж., Байжигитова М.Т., «Исследование геометрических соответствий вида Т4-4 и ее применение в конструировании каркасных поверхностей».
  5. Ғылыми зерттеу жұмыстары нәтижелері бойынша ғылыми мақалаларды дайындау жоғары импакт-факторлы базаға енетін басылымдарға, ҚР Комитет құрамына ентін басылымдарға, халықаралық және республикалық деңгейде өткізілетін конференциялар мен басылымдарда жариялау.
  6. Ғылыми жұмыстар негізінен әр кафедраның жүргізілетін ғылыми бағытына сәйкес бакалаврлар, магистранттар мен докторанттардың қатысуымен бірлесе отырып: «Гидромеханик», «Навигатор», «Жеролшеуши», «Агромелиоратор», «Силикат», «Иргетас», «Саулетши», «Основы графики», «Жаскуткарушы», «Сункар», «Глобус», «Биомолекула», «Осимдиктералеми», «Табигаталеми» ғылыми үйірмелерде ғылыми зерттеулер жүргізілуде.
  7. «Сәулетші» үйірмесі облыстық «Жас сәулетшілер» клубымен бірлесіп, аға оқытушы М.Т.Ноғайбекованың жетекшілігімен студенттерді тарту және олардың Тараз қаласының сәулеттік келбетін жақсартуға үлес қосу бойынша жұмыс жүргізеді. Нақты жобаларды орындау кезінде өз қабілеттерін толық ашу үшін заманауи көркемдік құралдарды еркін меңгеру студенттерге доцент М. М. Усуповтың жетекшілігімен "Графика негіздері" ғылыми үйірмесі ұсынылады.
Оқу-әдістемелік жұмыстар

«Су шаруашылығы, экология және құрылыс» институты құрамына 8 кафедра кіреді. 2019-2020 оқу жылында кафедралар ережеге сәйкес жаңа оқу білім бағдарламаларын құрастырды. Институттағы оқу-әдістемелік процесс жаңа білім беру технологияларын енгізуге және цифрландыруға біртіндеп көшуге бағытталған. Кафедралар оқу-тәжірибелік орталықпен, оқу кабинеттерімен, сонымен қатар оқытудың инновациялық технологиясы бойынша сабақ өткізуге арналған. Білікті мамандарды дайындау үшін оқытушылар құрамы көптеген оқу-әдістемелік жұмыстар жасады. Кафедра пәндері бойынша жұмыс оқу жоспарлары, оқу жоспары, жұмыс оқу жоспары (силлабустар) әзірленген және бекітілген. Оқу, өндірістік, диплом алдындағы тәжірибеден өтуге арналған бағдарламалар мен нұсқаулар әзірленген. Курстық және дипломдық жұмыстарды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар жасалынған. Дипломдық жұмыстың тақырыбы ғылыми-зерттеу сипатына ие және кәсіпорындардың тапсырыстарымен орындалады. Оқытушылар құрамы өз қызметінде әр түрлі бағдарламаларды қолданады, жаңашылдарын жасайды және оларды оқу процесіне енгізеді.

Институтта жоспарға сәйкес ғылыми-әдістемелік семинарлар өткізіліп тұрады, онда жоғары оқу орындарындағы білім беру мәселелері, заманауи білім беру технологияларын қолдану әдістері зержеденіп, талқыланады.

ОПҚ оқу үдерісіне авторлық аудио және видео өнімдерін белсенді түрде енгізуде, слайдтар, флипчарттар және т.б. арқылы интерактивті тақтаны қолдану арқылы сабақ өткізуге машықтануда. Оқылатын пәндер үшін мемлекеттік тілдегі оқу-әдістемелік әдебиеттер белсенді түрде жасалынған, бұл қызмет оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды шығаруға бағытталған. Электрондық оқыту мазмұны оқылатын пәндер бойынша қашықтықтан білім алушыларға арналған.

Тәрбие жұмыстары

Институттағы тәрбие жұмысы сапа саласы мақсаттарының жүзеге асырылу жоспарына сәйкес ұйымдастырылып, тәрбие жүйесінің біртұтастық принципіне негізделген: тәрбие үрдісінің әдістері мен формаларын жасау, шығармашылық ойлауды дамыту, рухани-адамгершілік және эстетикалық мәдениет, сондай-ақ, азаматтық позициясы мен саяси-құқықтық мәдениеті қалыптасқан, көп конфессиялық және көп ұлттылық жағдайында тәрбиеленген, салауатты өмір салтын қалыптастырған студентті жан-жақты, үйлесімді тұлға ретінде дамыту бағытындағы тәрбиелік іс-шаралар кешені қоғамдық-саяси және мәдени-көпшілік шаралар арқылы жүзеге асырылады.

Институтта тәрбие үрдісінің түрлі бағыттары бойынша көптеген мәдени-көпшілік іс-шаралар атқарылады. Студентерге арналып түрлі тақырыптағы ғылыми-практикалық конференциялар; жастар акциялары; флеш-мобтар, дөңгелек үстелдер; түрлі шығармашылық жанрдағы байқаулар (ән-би байқаулары, жатақхана бөлмесінің үздік безендірілген үлгісі, студенттік үздік тағам, т.б.); спорттық жарыстар, спартакиадалар; балалар үйіне, мүгедек балалар үйіне, қарттар үйіне қамқорлық акциялары; көрнекті қоғам және саясат қайраткерлерімен, құқық қорғау органдары өкілдерімен, денсаулық сақтау органдары және түрлі діни конфессиялар өкілдерімен, телеарна және республикалық, облыстық бұқаралық баспасөз тілшілерімен, жазушылармен, әртістермен және т.б. кездесулер ұйымдастырылып отырылады.

Институттың тәрбие жұмысының жоспары ТарӨУ-дың 2020-2021 оқу жылына арналған тәрбиелік жұмыс жоспарының негізінде құрастырылып, бекітілді.

Институтта жалпы 1157 студент білім алады. Оның ішінде

1 – ші курста – 326 студент;

2 - ші курста – 306 студент;

3 - ші курста – 266 студент;

4 - ші курста –281 студент;

5 – ші курста – 28 студент.

361-грантта, 753-ақылы негізде оқиды

Олардың ішінде шетелден келіп оқитын студенттер: 88

  • -Түркменстаннан келіп оқитындар бойынша 60 студент;
  • -Өзбекстаннан келіп оқитындар бойынша 25 студент;
  • -Таджикистаннан келіп оқитындар бойынша 1 студент.
  • - Қытай халық республикасынын келіп оқитын 2 студент

Жалпы академиялық топтар саны – 90; Жалпы кураторлар саны – 59

 

Институттың тәрбие жұмысының мақсаты: - жаңа уақыт талаптарына жауап бере алатын, кәсіби білікті, бәсекеге барынша қабілетті мамандарды даярлап, олардың бойында қазақстандық патриотизмді, төзімділікті, жоғары адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, үйлесімді дамыған жауапты тұлғаны қалыптастыру.

Оқу ордасында студент жастарды біліміне білігі сай, нарықтық кезең өзгерістеріне бейімделе алатын, ұлт тағдыры мен болашағына бей-жай қарамайтын, отансүйгіш және елжанды етіп тәрбиелеу мақсатында «М.Х.Дулати атындағы ТарӨУ тәрбие жұмысының тұжырымдамасы» қабылданды. Сол тұжырымдама негізінде әр оқу жылына арналған тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі 12 бағыттан тұратын жылдық жұмыс жоспары әзірленген. Тәрбие жұмысының жоспары университеттегі тәрбие жұмысы жүйесінің стратегиялық құрылымын, басым бағыттары мен мақсатын, іске асырылу тетігі мен мерзімін белгілейді.

Тәрбие жұмыстарының негізгі функциялары:

  • - Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің нормативті-құқықтық актілері мен өкімдік құжаттарына, халықаралық және республикалық сапа стандарттарына, Университет Жарғысына сәйкес тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру;
  • - жоспарлардың тұжырымдамаларын және т.б., тәрбие үрдісі бойынша құжаттарды әзірлеу, бекіту, олардың орындалуын бақылау;
  • -Академиялық топ кураторларының және инститттағы студенттік қоғамдық ұйымдардың тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру барысындағы іс-шаралардың орындалуын және есептерін қарау;
  • - институттың, кафедралардың, студенттік қоғамдық ұйымдардың тәрбие жұмыстары бойынша жоспарлар мен есептердің сапасын тексеруді жүзеге асыру, олардың нақты орындалуы;
  • - Кураторлар кеңесінің, Институттың тәрбие жұмыстары жөніндегі кеңестің, құқық бұзушылықтың, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әдеп бойынша кеңестің жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру;
  • - студенттің жеке дамуына қолайлы жағдай жасауға және рухани-адамгершілік жағынан қалыптасуына ықпал ету;
  • - институттың тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып жетілдіру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Тәрбие жұмыстары 12 бағыт бойынша жүргізеледі:

  1. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар;
  2. Жастар саясаты;
  3. Азаматтық – патриоттық тәрбие;
  4. Әскери – патриоттық тәрбие;
  5. Рухани – адамгершілік тәрбие;
  6. Құқықтық тәрбие;
  7. Студенттердің шығармашылығын дамыту;
  8. Дене тәрбиесі;
  9. Салауатты өмір салтын қалыптастыру;
  10. Кәсіби еңбек тәрбиесі;
  11. Кураторлық жұмыс;
  12. Студенттік жатақхана жұмысы.
Top