ЖАС ҒАЛЫМДАР БАС ҚОСТЫ

Дулати университеті қабырғасында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған студенттердің халықаралық ғылыми- тәжірбиелік конференциясы басталды. Конференция сәуір айының 12-дейін жалғасады.

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын іс-шараның мақсаты жас ғалымдардың жасампаздық әлеуетін дамыту, оларды заманауи ғылымның маңызды мәселелерін шешуге белсенді түрде тарту, ғылыми білім беру кеңістігін дамыту.Аталмыш жиынға профессор- оқытушылар мен шетел жоғары оқу орындарының студенттері   қатысты.

Алғаш болып сөз алған  университет Басқарма төрағасы-ректор м.а, э.ғ.д., профессор Ержан Әмірбекұлы ғылым мен білімді қатар алып жүрген жас ағартушы ғалымдардың тың идеялары қоғамға серпіліс береріне сенім білдірді.  Сондай-ақ ол өз сөзінде ғылымдағы жаңалықтар ел экономикасының дамуына үлкен үлес қосатынын айта келе, конференцияға қатысушылардың жұмысына сәттілік тіледі.
Одан  әрі  модератор Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар проректоры м.а., ф-м.ғ.к., профессор Нұрзада Бейсен шет тілінде  конференцияны жалғастырып, баяндамашыларға сөз кезегін берді.
Аталмыш жиында  Иван Джавахишвили атындағы Тбилиси мемлекеттік университетінің «Физика» мамандығын студенті Лазаре Османов «Chaotic and Regular Dynamics in Fallen Coupled Pendula System» тақырыбында баяндама жасап, өз тұжырымдарымен бөліссе, Шадринск мемлекеттік педагогикалық университеті «психология –педагогика» мамандығының 4 курс студентті Анна Сырвачева   «Особенности развития волевых качеств у младших школьников» тақырыбында баядамасын қорғады.   Өз баяндамасында  баланың даму ерекшеліктерін әр кезеңге бөліп байланыстыратының атап өтті.

Шығыс Сібір мемлекеттік технологиялар және басқару университетінің «Жеңіл өнеркәсіп өнім технологиясы»   мамандығының білімгері Антон Григорьев « Исследование свойств биополимера, полученного в процессе рециклизации органосодержащих отходов» тақырбында баяндама жасады.  Сонымен қатар қайталама шикізатты бөлек жинау және сұрыптау бойынша инфрақұрылымы жоқтың-қасы екендігін көрсетіп, тұрмыстық қалдықтарды бірнеше бағытпен өңдеуге мүмкіндік бар екендігін жеткізді.

Бұдан кейін  Дулати университетінің жас ғалымдары жалғастырды. «Ұстаз» институты  «Математика» кафедрасының 2курс студенті Мәдина Қызылбек «Ауыл мектебіндегі инклюзивті білім берудің шынай көрінісі» тақырбында ойын ортаға салды. Мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамнан тыс қалдырмау керек. Қоғамның бір мүшесі ретінде қарап, білім алуына жаңа өзгерістер енгізу керек екендігін айтты.

Келесі кезекте ақпараттық технологиялар, автоматика және телекомуникация факультеті «Физика» мамадығының студенттері А. Арынбекова, А. Түзелбек «Шектелеген үш дене мәседесіндегі квазидөңгелек орбита орнықтылығын зерттеу» тақырыбында баядама жасады. Аспан әлемінің ғажайып ерекшеліктеріне тоқталып, әртүрлі нақты аспан денелерінің қозғалысы туралы баяндады.

Жиынды қорытындылаған Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар проректоры м.а., ф-м.ғ.к., профессор Нұрзада Бейсен аталған   конференцияның маңыздылығы жөнінде сөз қозғап, қатысушы қонақтарға алғысын айтты.

Конф1x                                                                                                                                                                                                                                           Медиа-қызмет

Прочитано 972 раз
Top