ПАРАСАТТЫЛЫҚҚА БАСТАЙТЫН ЖОЛ

«SanaIy urpaq» жобалық фронт-офисінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа білім берудің парасаттылық мектебі» қаңтар айынан сәуір айына дейін университеттің оқытушылары мен қызметкерлері арасында оқу курсын өткізген болатын.
Жалпы, курстың мақсаты білім алушыларға ар-намыс кодексі, сыбайлас жемқорлық стандарты туралы түсінік бере отырып, университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және академиялық қатаңдық орнату.
Аталған курсқа «Су шаруашылығы, экология және құрылыс», «Ұстаз» институты және барлық факультеттен 85 студент, 105 оқытушы қызыметкерлер білімін шыңдаған болатын.
Нәтижесінде, осы оқу маусымының аяғында қорытынды тест өтті, емтихан баллы толымды болғандарға сертификат табысталады.

Прочитано 984 раз
Top