СПОРТ — ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

«Тараз - Арена» спорт сарайында «Біз діни экстремизм мен терроризмге қарсымыз» ұранымен «Көше ойындары - 2021» бойынша Жамбыл облысының чемпионаты аяқталды. Үш күн бойы қатысушылар үш жас топтары бойынша сынға түсті: 16 жасқа дейін; 16-дан 21 жасқа дейін; және 21 жастан жоғары. Жарысқа; Қордай, Жуалы, Т.Рысқұлова, Меркі, Талас, Мойынқұм, Жамбыл аудандары және Тараз қаласының командасы қатысты.

Спорттық бағдарламада: стритбол, стрит воркаут, армрестлинг, бұқаралық күрес, армлифтинг, гір көтеру, арқан тарту болды. 1-орын Тараз қаласының командасы иеленді. 2- орын Т.Рысқұловтың командасы алды. Ал Жуалы ауданының өкілдері алғашқы үштікті жауып тастады. Біздің студенттер қала намысын қорғауға белсенді қатысты.

Streetworkout жарыстарында, қос сайыста: кермеде тартылу + брусьяда қосымша салмақпен итеру + 16 кг, 16 жастан 21 жасқа дейінгі жаста, Жеңіс Бекзат, 3 курс студенті «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша 1- орынға ие болды. 21 және одан жоғары жас тобында Досай Мұқасан, «Тоқыма өнеркәсібінің технологиясы және материалтану» мамандығының 4 курс студенті, қоссайыс бойынша 1-орынға иеленді: кермеде тартылу + брусьяда қосымша салмақпен итеру + 24 кг, үшінші орынды «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 4 курс студенті Жеткерген Әділет иеленді. Барлық студенттер «Streetworkout» секциясына қатысады, жаттықтырушы Б.Т.Копбаев, Дулати университетінің «Спорт менеджменті» кафедрасының аға оқытушысы. Стритбол жарыстарында, яғни көше баскетболынан Тараз қалалық командасы бірінші орынды жеңіп алды. Команда құрамына екінші курс студенті Станислав Евтушенко кірді. Спортшыларды біздің университеттің оқытушылары Азизжон Турсумбаев пен Дастан Жылысбаев жаттықтырушылары дайындады.

d84ec44b d23b 4073 9ccb 0d034e0e68f2

e7fedf37 fab0 4445 afee ae8d3de1b8e5

199235664 2752543758390853 9131703468914975203 n

Болат Копбаев

«Спорт менеджменті» кафедрасының аға оқытушысы

Прочитано 971 раз
Top