АЙША БИБІ ПОЛИГОНЫНДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ САБАҒЫ ӨТТІ

М.Х. Дулати атындығы Тараз өңірлік университеті 2021 жылдың 2 - шілдесінен 10 - тамызына дейін 85395, 28903, 01731 әскери бөлімдерінің оқу-материалдық базасын және Айша Бибі полигонын қолдана отырып оқу-жаттығу сабағы өткізілуде.
Оқу-жаттығу жиынына әскери кафедрада «Әскери есепке алу» мамандығы бойынша оқыған 143 студент жіберілген.
2021 жылдың 1 - шілдесінде оқу роталары командирлерінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарларымен, рота старшиналарымен, оқу взводтарының командирлерімен, оқу взводтары командирлерінің орынбасарларымен, дружиналар басшыларымен және медициналық нұсқаушылармен оқу-әдістемелік сабақтар өткізілді.
2021 жылдың 21 - 23 – шілде аралығында Айша Бибі полигонында АК-74 Калашников автоматынан және Макаров ПМ тапаншасынан тәжірибе жүзінде атуға арналған практикалық жаттығулар орындалды.
Аймақтағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты студенттермен сабақтың теориялық бөлігі онлайн режимінде жүзеге асырылды. Ал практикалық сабақтар әскери кафедра базасында және 85395, 28903 әскери бөлімдерінің оқу-материалдық базасында өткізілді. 01731 және «Айша Бибі» полигоны санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай деп танылды, білімгерлер практика кезінде барлық сақтық шараларын сақтай отырып тәжірбиелерін арттыруда.

атууx

 


Медиа-қызмет

Прочитано 939 раз
Top