Super User

Super User

Сыбайластық әрекеттері қоғамның дамуына кері әсерін тигізеді. Тұралатады, тұрақты дамуына кедергі. Тіпті, үлкен олқылыққа әкеліп соғып, опындыратын кездері де көп. Сыбайлас жемқорлық туралы осындай пікірлер көп айтылады. Оның тигізген залалы туралы да мысалдар көп. Ал оған қарсы қалай күрес жүргізіледі?

М.Х.Дулати  атындағы Тараз өңірлік университетінің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға кураторы Л..Абдыкеримованың ұйымдастыруымен  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы А. Әжібаевпен  «Жемқорлыққа жол жоқ» атты кездесу өтті. Ашық диалог форматында өткен іс-шарада жең ұшынан жалғасқан сыбайластық әрекеттерінің қоғамның тигізген кедергілер туралы айтылды. Кез келген проблеманы төтесінен шешуге ұмтылудың жемқорлыққа жол ашатындығы сөз болды.

Әлем зертханаларындағы ғылыми тағылымдама бағдарламасы – 2023

Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры бакалавриат, магистратура, интернатура студенттеріне және жұмыс істеп жатқан ғылыми қызметкерлерге арналған әлем зертханаларында ғылыми тағылымдама байқауын  жариялайды.

ЕГЕР СЕН:

  • ҚР азаматы болсаң;
  • Қазақстандық жоғары оқу орнының студенті немесе жұмыс істеп жатқан ғылыми қызметкер болсаң;
  • Мамандығың – жаратылыстану-ғылыми немесе техникалық болса;
  • Жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына PhD бағдарламасына оқуға түскің келсе;
  • Қазақстанда жұмыс істеуге және ғылымды дамытуға ниетің бар болса.

Онда сенің ГРАНТТЫ ҰТЫП, 2023 ЖЫЛ ЖАЗЫНДА ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАҒА БАРУҒА  МҮМКІНДІГІҢ БАР!

Бұл үшін 21.10 бастап 30.11.2022ж. дейін қор сайтында өтінімді толтыру қажет.

Бағдарламада әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу зертханаларында  жазғы тағылымдамадан өтуге ұзақтығы 90 күнге дейінгі жалпы саны  10 грантты қарастырылған.

Программа научных стажировок в лабораториях мира – 2023

Научно-образовательный фонд им. академика Ш. Есенова объявляет открытие своего ежегодного конкурса на предоставление 10 грантов студентам бакалавриата, магистратуры, интернатуры и действующим научным сотрудникам для прохождения научной стажировки в научных лабораториях мира.

ЕСЛИ ТЫ:

  • Гражданин РК;
  • Студент казахстанского вуза или действующий научный сотрудник;
  • Твоя специализация – естественно-научная или техническая;
  • Ты мечтаешь поступить на программу PhD в ведущие зарубежные вузы;
  • У тебя есть большое желание работать и развивать науку в Казахстане;

У тебя есть шанс ПОЛУЧИТЬ ГРАНТ И ПОЕХАТЬ НА НАУЧНУЮ СТАЖИРОВКУ ЛЕТОМ 2023 ГОДА!

Для этого с 21.10 до 30.11.2022г. необходимо заполнить заявку на сайте фонда.

Программа предусматривает 10 грантов на прохождение летней стажировки в ведущих научных и исследовательских лабораториях мира, продолжительностью до 90 дней.

"Автоматтандыру және басқару" бөлімі бойынша 2019-2020 оқу жылының СҒЗЖ конкурсына 17 ғылыми студенттік жұмыс келіп түсті. Оның ішінде  М.Х Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінен 4 жұмыс, Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінен 3 жұмыс, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен 2 жұмыс, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінен 2 жұмыс,  Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясысынан 2 жұмыс, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінен 1 жұмыс, Алматы технологиялық университетінен 1 жұмыс, С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінен 1 жұмыс, Satbayev UNIVERSITET 1 жұмыс келіп түсті.

Талапшыл болса, дұрыс бағдар беріп, қолдап-қанаттандырған жастардың алмайтын асуы жоқ. Мұны талай өнер-білім бәсекесіне түскен Дулати университетінің студенттері дәлелдеп келеді.

Жақында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» атты республикалық конкурс өткізген болатын. Осы бәсекеде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 3- курс студенті Жұлдызай Жанатбекқызы 1-орынды жеңіп алды.  

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынай Әбдіқадырованың жетекшілігімен конкурсқа өз ғылыми жобасын ұсынған Жұлдызай 18 қатысушының ішінде үздік деп танылды.

2022-жылдың 02-қараша күні «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының ұйымдастурымен №2 Студенттер үйінде жастармен кездесу өтілді. Кездесуге қатысқан қонақтар «Сауран» медициналық орталығы, Тәрбие бөлімі және Дінтану орталығы. Дінтану орталығының бас маманы, дінтанушы-магистр Б.Алпысбаев дін саласына байланысты өзінің ой-пікірімен бөлісіп, студенттерді қоғамдағы деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақ болуға шақырды. Деструктивті діни ағымдардың идеологиясы мемлекеттің демократиялық, зайырылылық принциптеріне сай келмейтін құбылыс. Мемлекетшілдік пен ұлттық құндылықтарды мойындамай, өзіндік діни идеологияларын қоғамға сіңіруге әрекет жасайтын топ бүкіл әлемге тән проблемаға айналды. Сондықтан, діннің атын жамылып, қоғамдағы аз қорғалған, ойлау жүйесі толық қалыптаспаған жастардың арасында мемлекеттің болашағына күдікпен әрі сенімсіздікпен қарайтын идеяның таралмау үшін жастарға ұлттық тәрбие беру құндылықтарының қажеттілігі айтылды.

Бейсенбі, 03 Қараша 2022 14:03

Діни экстремизм және терроризм

2022 жылдың 29 қазанда М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Е. Қонақбаев атындағы педагогикалық-психологиялық қолдау орталығының жетекшісі, гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасының аға оқытушы, психология магистрі Абдрахманова Айгуль Турсынбаевна, экстремизм және терроризм көріністеріне қарсы іс-қимыл бойынша профилактикалық іс-шараларының 2022 жылдарға арналған жоспарларының тармақтарын орындау мақсатында, Тараз станциясындағы Желілік полиция бөлімі қызметкерлерімен «Діни экстремизм және терроризм» тақырыбында профилактикалық іс-шара мақсатында қызметкерлермен жылдамдық пен ойлауды дамытуға бағытталған психологиялық жаттығулар, сенімділікпен жауапкершілікке байланысты психологиялық тренингтер мен ойындар жүргізілді. Қызметкерлер белсене қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салып, қойылған сұрақтарына жауаптарын алды.

Сейсенбі, 01 Қараша 2022 12:03

Аттестат тапсыру

Әскери кафедра бастығы, полковник Мұқышев Сағат Аманкелдіұлына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2022 жылғы 24 тамыздағы № 378 «Ғылыми атақ беру туралы» бұйрығымен «Әскери ғылымдар» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді.

Сейсенбі, 01 Қараша 2022 12:02

Вручение аттестата

Начальнику военной кафедры, полковнику Мукушеву Сагату Амангельдиевичу приказом председателя Комитета по обеспечению качества в сфере образования и науки Министерства образования и науки Республики Казахстан № 378 от 24 августа 2022 года «О присуждении ученого звания».

Присуждено ученое звание ассоциированного профессора по специальности «Военные науки».

2022 жылдың 28-қазан күні «Тарих және география» кафедрасы және Дінтану орталығы өзара жұмыс жасай отырып, «6В01601-Тарих мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының (Ист-22-1, 3 топтары) 1-курс студенттеріне «Жастардың діни сауаттылығын арттырудың маңыздылығы» тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Дінтану орталықтың бас маманы Б.Алпысбаев дінтанушы маман ретінде студенттерге қазіргі таңдағы еліміздегі діни ахуал, кереғар діни ағымдардың ықпалының алдын алу, ғаламтор желісін дұрыс пайдаланудың маңыздылығы туралы слайд арқылы түсіндіріп өтті.

Соңғы кездері ел ішін жайлаған, жаңашылдық әкелмек болған деструктивті ағымдар кең таралуда. Діни сауатсыздығының кесірінен ұлт қауіпсіздігіне қатер төндіретін жатқа жалтаңдап, халқымыздың салты мен дәстүріне керағар дүние жасап жатқандар аз емес. Жат ағымды жақтаушылар арасында жастарда жиі кездеседі. Жастарымыздың осындай қателіктерге ұрынуына басты себеп – дұрыс пен бұрыстың аражігін ажырата алмай ғаламтор беттеріндегі түрлі жат ағымдардың сайттарына кіруі. Діни сауаттылығы әлсіз адамдарды бұл үлкен қатерге алып баруда. Ұлттық құндылықтарымызға, ұстанып отырған салт-дәстүрімізге қайшы келетін жат ағымдар қоғамға да адамға да кері әсерін тигізбей қоймайды.  

133 бет. Барлығы: 460
Top