Super User
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбындағы әдеби кеш
«Химия және химиялық технология» кафедрасының 1 курс 6B05314-Химия білім беру бағдарламасының білімгерлерінің ұйымдастыруымен бүгінгі тұтас буынның төл басы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан ұлыларымыз салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, тілші, әдебиет зерттеушісі, түріктанушы, дарынды ақын, аудармашы, педагог, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбындағы әдеби кеш өткізілді.
Кездесуді ашқан 1 курс студенті Тұрсынбек Жанерке А.Байтұрсынұлы мұрасы қазақ халқының рухани мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылатынын, ол қазіргі қазақ тілінің дамуына зор ықпал еткенін, Қазақ жазуын араб графикасы негізінде реформалағанын, отандық лингвистиканың негізін қалаушы және алғашқы қазақ оқулықтарының авторы болғанын еске салды.
Литературный вечер, посвященный 150-летию Ахмета Байтурсынулы на тему «Великий учитель нации».
Кафедра «Химия и химическая технология» со студентами 1 курса образовательной программы 6В05314-Химия организовали литературный вечер посвященный 150-летию переводчика, педагога, общественного деятеля Ахмета Байтурсынулы на тему «Великий учитель нации» родоначальником всего сегодняшнего поколения, великим ученым, корреспондентом, литературоведом, тюрковедом, талантливым поэтом, продолжающим просветительскую и демократическую направлении, построенном нашими великими Абаем, Ибраем, Шоканом .
Открывая встречу, студентка 1 курса Турсынбек Жанерке напомнила, что наследие А. Байтурсынулы является составной частью духовной культуры казахского народа, он оказал колоссальное влияние на развитие современного казахского языка, реформировал казахскую письменность на основе арабской графики, был основателем отечественной лингвистики и создателем первых казахских учебников.
Профилактика правонарушений и работа с несовершеннолетними студентами
30 сентября преподавателями кафедры «Химия и химическая технология» Кантарбаевой Сауле Мейрхановной и Шинибековой Асем Абду-хаиймовной была проведена встреча на тему «Разъяснительная работа о правилах поведения со студентами, не достигшими 18-летнего возраста, в целях профилактики правонарушений среди молодежи». Для студентов групп 6В05314-Хим-22/1,3 прочитали лекцию и провели разъяснительную работу: председатель комитета по делам молодежи университета, с факультета «Экономика и право» старший преподаватель Ултанбаев Арнат Бегдалиевич; старший преподаватель кафедры "Социальная психология", магистр педагогических наук Дауренбекова Асель Карибаевна. В мероприятии приняло участие профессорско-преподавательский состав кафедры.
На лекции несовершеннолетним студентам были разъяснены статьи 442, 434, 127 административно-правового закона РК. Предупреждение о том, что лица, не достигшие возраста 18 лет не разрешается выходить на улицу, в кафе после 22.00 часов ночи, пока не приедут родители или законный представитель, в случае повторения этого случая будет наложен штраф до 30000тг. Также было сказано, что временную регистрацию студентам, снимающим квартиру, обязаны делать собственники квартир. Также подчеркнуто, что необходимо соблюдать тишину в многоэтажках с 22.00 до 6.00 утра. Сказано также, что на улице, во дворе, возле корпуса, при щелкание семечек и курении сигарет будут наложены административные штрафы.
Құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелеттік жасқа толмаған студенттермен жұмыс
30 қыркүйекте «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушылары Кантарбаева Сауле Мейрхановна мен Шинибекова Асем Абду-хаиймовна ұйымдастыруымен «Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кәмелеттік 18 жасқа толмаған студенттермен тәртіп ережесі туралы түсіндірме жұмыстары» тақырыбында кездесу өткізді. 6В05314-Хим-22/1,3 топтарының студенттеріне университеттің Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы, «Экономика және құқық» факультетінен аға оқытушысы Ұлтанбаев Арнат Бегдалыұлы; «Әлеуметтік психология» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Дәуренбекова Әсел Кәрібайқызы лекция оқып, түсіндірме жұмысын жүргізді.
Отбасы - тәрбие көзі
23 сентября 2022 года на кафедре «Химия и химическая технология» Технологического факультета Таразского регионального университета имени М.Х.Дулати ко Дню семьи состоялся открытый кураторский час студентов 1 курса образовательной программы 6В05314-«Химия» и куратора группы магистра химии Кантарбаевой Сауле Мейрхановны на тему: «Семья - источник воспитания». В мероприятии приняли участие заведующий кафедрой «Химия и химическая технология» доктор PhD, доцент Матниязова Гульсим Кадыржановна и профессорско – преподавательский состав, кураторы групп и студенты.
Цель открытого кураторского часа: воспитание нравственности, этичности, привития хороших качеств, привития к любви, добру и отвращению к плохому и воспитание доброжелательности, уважения к старшим, вежливости, внимательности.
Отбасы - тәрбие көзі
2022 жылдың 23-ші қыркүйегінде Отбасы күніне орай «Отбасы - тәрбие көзі» тақырыбында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының 6В05314-«Химия» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері және топ кураторы химия магистрі Кантарбаева Сауле Мейрхановнаның қатысуымен ашық куратор сағаты өткізілді. Іс-шараға – «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі м.а. PhD Матниязова Гульсим Кадыржановна және профессор-оқытушылар құрамы, топ кураторлары мен студенттер қатысты.
Ашық куратор сағатының мақсаты студенттерді адамгершілік, әдеп-инабат тағылымын алуға, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулуға және қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Қуаныш сыйлау да бақыт!
Айналамыздағы адамдарға қуаныш пен жылулық сыйлай алу – жақсы қасиеттердің бірі. Бір ғана сөзбен көңілді жұбатып, жігерлендіруге және құлазытуға болады. Ал жақсылық жасап өзгенің қуанышын бөлісу көптің қолынан келе бермейтін ізгі іс. Бала бойына дұрыс мінезді қалыптастыру ата-анаға, ұстазға және қоғамға байланысты.
Жастықтың оты жалындап тұрған кезде қалыптасқан қағидалар болашақта да бірге болады. Осыны ескерген Дулати университеті «Экономика және құқық» факультетінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жазира Теңізбаеваның бастамасымен Қайрымдылық акциясы өтті.


Үй жағдайында дайындалған түрлі тәттілер нарықтағы бағадан төмен сатылды. Жиналған қор жағдайы төмен отбасыларға жұмсалмақ. Факультет оқытушылары мен студенттерінің атсалысуымен өткен бұл жиын өзгелерге үлгі болары анық. Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан акцияда студенттер бірлесіп жұмыс жасауды, ұйымшылдықты, қоғамдық мәселеге араласуды үйренеді.


Ғалымдардың назары – саладағы жаһандық трендтерде
XXI ғасыр – білім мен ғылымның заманы. Ақыл-ойдың дамуы, инновация, цифрландыру мен креативті бастамалар кезеңі. Жыл өтпей жаңғырып, асқан жылдамдықпен өзгеріп жатыр. Ендеше, ғылымның дәуірлеу кезеңіндегі жаһандық трендтер қандай? Ел жастары ғылым-білімдегі әлемдік көшке ілесуі үшін не істеу керек?
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Халықаралық ынтымақтастық орталығы ұйымдастырған семинарда осы мәселелер талқыланды. Университеттің зерттеу және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Дания Нұрмұханбет мұндай семинарлардың халықаралық деңгейдегі байланысты арттыруға ықпалы зор екенін айтып өтті.
Семинарға арқау болған «Жоғары білім және ғылым жүйесіндегі әлемдік трендтер» тақырыбы – ізденісте жүрген жас зерттеушілерге керек әңгіме болғаны анық. Олар білім берудегі жаһандық трендтер мәселелерін қамтыған ғалымдар басқосуында маңызды сауалдарға жауап тапты.
Халықаралық зерттеу және білім беру жобалары мен бағдарламаларының тиімділігін және университеттің профессор-оқытушылық құрамы докторанттар, магистранттар және студенттердің академиялық ұтқырлығын арттыру мақсатында өткен семинарда Түркия, АҚШ және Литвадан келген 4 спикердің баяндамалары тыңдалды.
Ауқымды әрі қажетті тақырыпты қозғаған мұндай оқу семинарлары шетелдік университеттердегі жетекші оқытушылар мен практиктер, жетекші зерттеушілермен тәжірибе алмасу үшін қажет. Оларды университетпен ынтымақтастыққа тартуға өз септігін тигізеді. Оқу орнының академиялық алмасу бағдарламаларын жүзеге асырудың бір жолы – осы.



Кездесулер мен қоштасулар
Бүгін Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық драма театрында "Қоштасқым келмейді" атты драмалық спектакль сахналанды.
М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының Таразға жасаған гастрольдік сапарының үшінші күнінде А.Маемировтің режиссерлігімен қойылған бұл туынды көпшіліктің көңілінен шыққаны анық.
А.Володиннің шығармасы арқау болған әзіл-шындығы аралас қойылымда қоғамда өзектілігін жоғалтпаған отбасы кикілжіні,ерлі-зайыптылар арасындағы ажырасу мәселесі көтеріледі. Сан түрлі тағдырға жолыққан сегіз отбасы әр алуан себептермен некесін бұзбақ болып сотқа жүгінеді. Сот орындаушысы бір-біріне қырғи қабақ болған ерлі-зайыптыларды татуластырмақ болып барын салады. Отбасылық құндылықты кеш түсінген олар,ақыр аяғында өз шешімдерінің дұрыс емес екеніне көздері жетеді.
Ұстазым, саған мың алғыс!
Ұстазға деген құрмет өлшеусіз. Жыл сайын қазан айының алғашқы аптасында тойланатын кәсіби мерекеде ғана емес, мұғалімдерге деген сый-қошемет түрлі жағдайда көрініс тауып, әр күні жалғасып жатады. Ел ертеңі –жас жеткіншектерге білім мен тәрбие берудегі негізгі жауапкершілік педагогтарға жүктелетіндіктен, қазір жауапты маман талап күн санап, артып келеді. Талапқа сай, көрсетелетін қолдау да күшейе түсуде. Әр баланың шамшырағын жағып, тұлға болып қалыптасуы үшін еңбек еткен ұстаздар қандай марапаттарға да лайықты. Мектептен тәлім алып, үлкен өмірге қадам басқан талапкерлердің әрі қарай жас маман ретінде қалыптасуына үлес қосатын оқытушылардың да еңбектері ерен.
Осы жолда тынбай еңбек еткен мамандарға арнап, Ұстаздар мерекесіне орай Дулати университетінде «Ұстазым, саған мың алғыс» атты концерт ұйымдастырылды. Оқу орнының бас ғимаратында өткізілген салтанатты шараға арнайы шақырылған оқытушыларды студенттер «Ұстазым» атты әнмен қарсы алды.

Көңілге көркем күй сыйлаған мерекелік концертте сахналық қойылымдар көрсетіліп, әуезді әндер шырқалды. Мереке иелерін университеттің басқарма мүшесі-ректор міндетін уақытша атқарушы Гүлвира Мұсабекова құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
– Шәкірт ғұмырнамасының заңғар шыңы болған ұстаздардың тәлімі – алты Алаштың баласы үшін қашан да қастерлі. Бүгінгі мереке баршамызға ортақ. Жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беруде сіздер орасан күш-жігер жұмсап, еңбек етіп келесіздер. Университет ғалымдары республика көлемінде топ жарып, алдыңғы қатардан көрінуде. Соңғы рейтингтер бойынша Дулати университеті үздік ондықта алтыншы орынды иеленді. Бұл – баршамызға ортақ қуаныш. Өйткені бұған барлық ұжымым жұмыла күш қосып, әрқайсысы белсенді түрде атсалысты. Сіздердің осы адал еңбектеріңіз бен өз істеріңізге деген табандылықтарыңыз үшін мың алғыс айтамын! Сіздердің әр студент үшін шын жүректен шыққан осы мейірімдеріңіз ешқашан таусылмай, қызығы мен қиыншылығы мол мамандыққа деген сүйіспеншілік жылдан-жылға арта берсін! – деді Гүлвира Айдарханқызы.
Өз ісімен, сөзімен және көзқарасымен жас ұрпақты тәрбиелей отырып, ұстаз тұтас бір елдің болашағын қалыптастырады. Университет оқытушыларының білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін, қауымдастырылған профессор атағымен сондай-ақ «Дулати» төсбелгісімен марапатталуы – сол ерен еңбектің жемісі.



Дулати университетінің медиа-қызметі.
