Super User

Super User

Бейсенбі, 18 Тамыз 2022 14:40

Құттықтаймыз!

«Ғылыми атақ беру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2022 жылғы 16 тамыздағы № 341 бұйрығына сәйкес 05.13.00 — Информатика, есептеуіш техника және менеджмент мамандығы бойынша «Автоматтандыру және телекоммуникациялар» кафедрасының аға оқытушы Сугурова Лаура Алхайдаровнаға қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.

Үкіметтің қаулысымен Талғат Ілиясұлы Ешенқұлов Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Түрлі басшылық қызметтерді атқарып, мықты менеджерлік тәжірибе жинаған Талғат Ілиясұлы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректоры қызметін атқарған кезең оқу орны үшін табыссыз болған жоқ.

Айқын бағдар өз нәтижесін берді. Соның ішіндегі ең маңыздысы – университет тәуелсіз халықаралық аккредиттеуден өтті. 2027 жылға дейін 5 жылға білім беру қызметін жүзеге асыратын институционалдық аккредиттеу сертификатын алды.

Тағы бір атап өтетіні – педагогикалық қызметкерлердің жалақысын 42 пайызға артқаны. Бір жылда университет оқытушылары мен профессорларының қол жеткізген табыстары айтарлықтай.

Биыл Дулати университетіне оқуға тапсырғандардың арасында грант иегерлерінің саны өсті. 2021 жыл – 915 болса, 2022 жыл 1244 талапкер грант иегері атанды.
Басқарушылық қабілеті мен тәжірибесін шыңдап, ізденісін тоқтатпаған Талғат Ілиясұлы өзіне жүктелген жаңа жауапкершілік пен міндетті де абыроймен атқаратынына сенім мол! Іске сәт!

Сәрсенбі, 10 Тамыз 2022 18:09

Опубликован список грантов - 2022

В Казахстане завершена работа Республиканской комиссии по присуждению государственных образовательных грантов.

Всего для участия в конкурсе на присуждение образовательных грантов в текущем году было подано около 80 тысяч заявок. Прием документов осуществлялся с 13 по 22 июля.

Скачать и посмотреть списки грантов 2022 года можно здесь.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысын жариялады.

Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми (https://t.me/gylym_jogary_bilim) Telegram-дағы каналында жарияланады.

Сонымен қатар мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысы БАҚ беттерінде де жарияланады.

Тізіммен толық танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз.

Сәрсенбі, 10 Тамыз 2022 17:53

Бітіру емтихандары

Бітіру емтихандары 2022 жылдың 4 тамыз күні басшылық құжаттарға сәйкес өткізілді.

2022 жылғы оқу жиыны жеке құрамның саптық алаңда сапқа тұруымен және студенттердің взвод құрамында саптық әнді орындауымен аяқталды.

Сәрсенбі, 10 Тамыз 2022 17:51

Выпускные экзамены

Выпускные экзамены проведены 4 августа 2022 года в соответствии с руководящими документами.

Учебный сбор 2022 закончился построением личного состава на строевом плацу и прохождением студентов в составе взвода с исполнением строевой песни.

В соответствии с распоряжением акима Жамбылской области от 09 июня 2020 года за №194-ө,  с 5 по 15 августа на базе Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати осуществляется прием документов на конкурс образовательных грантов местного исполнительного органа по следующим специальностям

Бакалавриат

Код и классификация области образования

Код и классификация направлений подготовки

Код  и       наименование

группы  образовательных

программ

Объем государственного образовательного заказа на 2022-2023 учебный год

Профильные  предметы

1

6B01 Педагогические науки

6В015

Подготовка учителей по естественно-научным предметам

В009 Подготовка учителей

математики

10

Математика

Физика

2

6В08 Сельское хозяйство и биоресурсы

6В081

Агрономия

В077 Растениеводство

5

Биология

Химия

6B086 Водные ресурсы и водопользования

В082 Водные ресурсы и водопользования

5

Математика

Физика

3

6B10 Здравоохранение

6В101 Здравоохранение

В086 Общая медицина

10

Биология

Химия

 

Всего

30

 

Жамбыл облысы әкімінің 2020 жылғы 09 маусымдағы № 194-ө. өкіміне сәйкес М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің қабылдау комиссиясының  базасында 5-15 тамыз аралығында  жергілікті атқарушы орган білім беру грантына төмендегі мамандықтар бойынша  құжаттар қабылданады

Бакалавриат

Білім беру саласының коды және классификациясы

Оқу салаларының коды және классификациясы

Білім беру бағдрламаларының коды және атауы 

2022-2023 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі

Бейіндік пәндері

1

6B01 Педагогикалық ғылымдар

6В015

Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау

В009 Математика мұғалімдерін даярлау

10

Математика

Физика

2

6В08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар

6В081

Агрономия

В077 Өсімдік шаруашылығы

5

Биология

Химия

6B086 Су ресурстары және суды пайдалан

В082 Су ресурстары және суды пайдалану

5

Математика

Физика

3

6B10 Денсаулық сақтау

6В101 Денсаулық сақтау

В086 Жалпы медицина

10

Биология

Химия

 

 Барлығы

30

 

4-жылдық білімнің нәтижесі ретінде студенттерге бұған дейін диплом жұмысын жазу, қорғау міндеттелді. 2023 жылдан бастап студенттер ғылыми жұмыс қоғамай-ақ диплом иеленеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Яғни, бітіруші түлектер дипломдық жұмыстың орнына өзінің жүзеге асырылып жатқан жеке жобасын немесе ойлап тапқан туындысын ұсынуына болады.

Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік стандартқа осындай өзгеріс енгізді. Жаңа өзгерістерге сәйкес, университеттер енді түлектерге еңбек нарығында сұранысқа ие болатын қажеттіліктерді ескере отырып, барлық жалпы білім беретін пәндердің мазмұнын толық немесе ішінара өзгерте алады.

Ал магистранттар мен докторанттар оқу траекториясын өздері таңдайды.

Сондай-ақ, шетелдік тағылымдамадан өтуге болатын ұйымдарға қойылатын талаптар да қайта қаралды. Ендігіде магистранттар мен докторанттар жетекші ғылыми орталықтардан тәжірибеден өтеді.

Медиа-қызмет.

«Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармаларының республикалық байқауы ережесі

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев 2022 ж­ылды «Балалар жылы» деп жариялап, «Балалар – мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. ...Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз» деген болатын. Өскелең ұрпаққа тарихымызды, әдебиетімізді, мәдениетіміз бен дәстүрімізді насихаттап, қоғамдық сананы жаңғырту өте маңызды.

Қазіргі таңда балалар әдебиеті жанрының кенже қалып  тұрғаны жиі талқыланады. Бала тәрбиесіне, зердесіне, таным-түсінігіне және қиял-ғажайып әлеміне әсер ететін негізгі құралдардың бірі – балалар әдебиеті оқулықтары мен телеарналар. Қазақ тілінде балалар әдебиеті бағыты бойынша жаңа есімдер жоқтың қасы. Ұлттық сананы тамырынан үзіп алмай, жаңа заманға сай етіп бейімдеудің басты тетіктерінің бірі – жас ұрпақты ұлттық әдебиетіміздің қайнар-көзімен сусындата білу. Бұл балалардың таным көкжиегін арттырып, ертегілер мен әңгімелерден пайдалы ақпарат, мол тәлім алуына септігін тигізері сөзсіз. Сондықтан балаларға арнап қалам тербейтін жазушылардың ынтасын арттырып, өскелең ұрпақты адамгершілікке, отансүйгіштікке және т.б. ізгі қасиеттерге баулу өте өзекті.

Осыған орай, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ және «Қазақстан Жазушылар одағы» РҚБ «Балалар жылы» аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармаларының республикалық байқауын (бұдан әрі Байқау) ұйымдастыруда.

Байқаудың мақсаты – балалар әдебиеті дамыту, қазақстандық балалар әдебиеті жазушыларына қолдау көрсету.

Байқаудың қатысушылары:

- Қазақ әдебиетіне үлес қосып жүрген және шығармаларымен танылып келе жатқан 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер қатыса алады.

Байқаудың тілі: қазақ тілі.

Байқаудың бағыттары:  

Байқауға қатысушылар еркін тақырыпта проза жанры бойынша 2 бағыт бойынша бақ сынайды:

Ертегілер (бастауыш және орта буын мектеп оқушыларына арналған);

Шағын әңгімелер (жасөспірімдерге арналған).

Байқаудың мерзімдері:  

Байқауды өткізу шарттары, тәртібі және мерзімі туралы ақпараттар баспа және интернет БАҚ-та 2022 жылғы 1 шілдеге дейін жарияланады;

  • Байқауға қатысушы үміткерлер өздерінің шығармаларын және жеке мәліметтерді толтырып (1-қосымшада берілген), бір файлға жүктеп («Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармалары байқауына» тақырыбымен), Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды пошталарына 2022 жылғы 19 тамызға дейін (қоса алғанда) жолдауы қажет;  
  • Байқау шығармалары – 2022 жылғы 31 тамызға дейін ­қазылар алқасының сараптамасынан өтеді;
  • Байқау қорытындысы – 2022 жылғы қыркүйек айында жарияланады;
  • Байқау қорытындысы ретінде 2 бағыт бойынша жинақталған барлық шығармалар іріктеліп, жинақ ретінде 2022 жылғы қараша айында басылып шығады.

Шығармаларға қойылатын талаптар:

  1. Бір қатысушы байқаудың екі бағыты бойынша қатыса алады.
  2. Мерзімінен кешіктірілген шығармалар сараптауға жіберілмейді.
  3. Байқау жұмыстары MS Word форматында Times New Rоman қарпімен, 14 қаріп мөлшерінде 1,0 аралықта теріліп, 3-5 беттен аспауы керек.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

  1. Балаларды адамгершілікке, парасаттылыққа, отансүйгіштікке, сананың ашықтығы мен ұлттық бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ ана тілін жетік білуге, әдеби сөздік қорын байытуға бағытталған шығармалар болуы қажет.
  2. Жасөспірімдер мен өскелең ұрпаққа қызық, заманауи әрі өзекті тақырыптар бойынша фантастикалық және шытырман оқиғаларға толы білімге құштарлыққа, бәсекеге қабілеттілікке, прагматизм қағидаттарына сүйенген шығармалар, сонымен қатар, шығармаларда сүйіспеншілік, мейірімділік, қайырымдылық, өмірлік мақсат, әділдік, еңбекқорлық секілді терең ойлы құндылықтар насихатталуы тиіс.
  3. Қоғамның дамуына жаңаша көзқарас қалыптастыратын, заманауи тұлғаның қабілеттері мен дағдыларын көрсететін, сондай-ақ жастардың қызығушылық тудыратын креатив идеялар және қазіргі шетелдік шығармалармен бәсекелесе алатын туындылар болуы тиіс.

Авторлық құқық

- Байқауға қатысатын шығарманың авторлық құқығының сақталуына жұмысты байқауға жіберген қатысушы жауапты.

- Шығарманы байқауға жібере отырып, оның авторы автоматты түрде байқаудың ұйымдастыру комитетіне жіберілген материалды жинаққа және интернетте орналастыру құқығын береді.

Байқауға проза жанры бойынша төмендегі бағыттар бойынша жүлде тағайындалады:

  • «Ертегілер:

а) І орын – 300 мың теңге (біреу);

ә) ІІ орын – 200 мың теңге (біреу);

б) ІІІ орын – 100 мың теңге (біреу);

в) Ынталандыру сыйлығы – 50 мың теңге (бесеу).

  • «Шағын әңгімелер»:

а) І орын – 300 мың теңге (біреу);

ә) ІІ орын – 200 мың теңге (біреу);

б) ІІІ орын – 100 мың теңге (біреу);

в) Ынталандыру сыйлығы – 50 мың теңге (бесеу).

Ұйымдастырушылардың міндеттері:  

  • қазылар алқасының құрамы іріктеліп, ұйымдастырушылардың шешімімен бекітіледі;
  • ұсынған шығармаларды ұйымдастырушылар жанынан құрылған қазылар алқасы қарайды;
  • қазылар алқасы 5 адамнан тұрады, олардың әрқайсысы бір дауысқа ие;
  • ұйымдастырушы байқау шығармаларын жеке-жеке бағалайды;
  • ұйымдастырушылар жеңімпаз атанған үздік шығарма иелерін дипломмен марапаттайды;
  • байқауға келіп түскен шығармаларды ұйымдастырушылар іріктеп, арнайы жинақ ретінде басып шығарады.

Жеңімпаздарды марапаттау:  

Жеңімпаздар екі бағыт бойынша І, ІІ, ІІІ жүлделі орындар мен ынталандыру сыйлығымен (номинациялармен) марапатталады. Марапаттау рәсімі 2022 жылғы қыркүйек айында өтеді.

Жеңімпаздар туралы ақпараттар әлеуметтік желілер мен сайттарда жарияланады.

Байқау туралы сұрақтар бойынша байланыс тел.: +7 (72­72) 261 6295, 272 6193. Ұялы тел.: +7 775 846 3705, +7 702 697 8598, +7 775 657 7838, +7 707 133 7899.

144 бет. Барлығы: 460
Top