Super User

Super User

Сәрсенбі, 30 Наурыз 2022 11:26

Бір үйдің баласындай

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Ақпараттық технологиялар» факультетінің «Достық» ұйымы Тараз қаласындағы "Үміт" мамандандырылған балалар үйінде «Бір үйдің баласындай» атты концерттік бағдарламасын қойды. «Достық» ұйымының мүшелері 1 курс студенттері Бекбосын Қ. және Ургенчев Н. концертті жүргізді. Топтың студенті Әлімбай М. «Бір үйдің баласындай» атты әнді гитарамен орындады. Топтың студенттері Жашауова Д. Және Сейдазим А. орындауында «Қазақ елі» атты әні шырқалды. 2 курс студенті Жаныбек Р. балаларды арнауымен тәнті етті. «Техникалық физика» кафедрасының  1 курс студенттері балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге атсалысып, ыстық ықыластары мен аялы алақандарын созып, ән айтып, бүлдіршіндердің көңілдерін көтерді. Балғын бөбектерге адамдық мейірімділік пен жомарттық танытып,  студенттер кішігірім Жаңа жылдық сыйлықтарын тапсырды.

Сәрсенбі, 30 Наурыз 2022 11:22

Поздравляем!!!

Тузелбек Ажар, студентка 3 курса 6В05311-Физика кафедры «Техническая физика» факультета «Информационных технологий», стала победителем республиканского конкурса «Лучший студент года - 2022», организованного Национальным инновационным научно- исследовательским центром «Bilim orkenieti». Поздравляем нашу талантливую студентку!

Кантарбай Аружан, студентка 1 курса 6В05311-Физика кафедры «Техническая физика» факультета «Информационных технологий», стала победителем республиканского конкурса «Лучший студент года - 2022», организованного Национальным инновационным научно- исследовательским центром «Bilim orkenieti». Поздравляем нашу талантливую студентку!

Сәрсенбі, 30 Наурыз 2022 11:18

1 Наурыз – Алғыс айту парызым!

«Достық» ұйымы мен «Техникалық физика» кафедрасының ұйымдастыруымен бүгін "1 Наурыз – Алғыс айту парызым!" атты қайырымдылық жәрмеңкесі болып өтті. Студенттер әзірлеген тағамдар мән тәттілер жәрмеңкесіне профессор-оқытушылар да атсалысты. Қайырымдылық жәрмеңкесі жастарды адами қарым-қатынас сезіміне тәрбиелеу, көмекке зәру жандарға мейірімділік пен жанашырлық таныту, оларды рухани тұрғыда қолдап-қуаттау мақсатында өткізілді. Жәрмеңкеде түрлі тіл үйіретін тәтті-тағамдар мен сусындар ұсынылды.

Дәстүрге айналған жәрмеңкенің мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы қолайсыз жартылай жетім студенттеріне және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету; университет ұжымы мен студенттерінің санасына мейірімділік, сүйіспеншілік, қайырымдылық сияқты ізгі ұғымдарды қалыптастыру. Сонымен қатар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету, оларды рухани тұрғыда қолдап-қуаттау.

Сәрсенбі, 30 Наурыз 2022 11:15

Стрельбы офицеров

30 марта 2022 года  в соответствии с графиком проведения учебных стрельб на  войсковом стрельбище учебного полигона «Айша-биби» состоялись плановые стрельбы офицеров военной кафедры из автомата Калашникова АК-74. Руководителем стрельб был проведен инструктаж о требовании мер безопасности и порядку выполнения упражнения учебных стрельб.

Учебные стрельбы проводятся в целях повышения уровня профессиональной подготовки офицеров военной кафедры.

Сәрсенбі, 30 Наурыз 2022 10:57

На кураторском часе...

Студенты 3 курса и кураторы группы образовательной программы «6В05314–Химия» кафедры «Химия и химическая технология» Технологического факультета Э.А.Байбазарова и Р.Р.Баданова организовали и провели открытый кураторский час на тему «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» в честь 22 марта - праздника Наурыз. В мероприятии приняли участие заведующий кафедрой Б.К.Масалимова и профессорско-преподавательский состав кафедры. Заведующая кафедрой Бакытгуль Кабыкеновна Масалимова поздравила студентов с великим праздником – Наурызом. Все студенты группы начали празднование с хорошего настроения и пожеланий друг другу.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Ұстаз» институтында корей мәдениеті бойынша «Көктем» атты фестиваль өтті.

Корея Республикасы Елшілігінің білім беру орталығы қолдауымен және “Әлем тілдері” кафедрасының ұйымдастырумен өткізілетін жиынды тамашалауға келген көрерменнің қарасы қалың.

 «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дегенді ұстанған Дулати университетінің студенттері корей тілінде концерттік бағдарламаны еркін жүргізіп, әннен шашу шашып, мың бұрала билеп көпшілік қошеметіне  бөленді.

dsc 4064 768x513

Жастардың бойына толерантты мінез-құлық қалыптастыру, жан-жақты дамуына мүмкіндік туғызу, корей мәдениетін, корей тілінің ерекшеліктерін көрсетуді көздеген іс-шараның студенттер үшін берері мол болды.

dsc 4110 684x1024

dsc 4044 1025x1536

Концерттік бағдарлама басталмас бұрын әр көрерменге сан жазылған лотереялық билет ұсынылған болатын. Сол арқылы концерт барысында тәттілер мен корей өнімдерін, сондай ақ студентке қажетті құралдар, ал басты сыйлық ретінде корей тілін үйренемін деушілер үшін таптырмайтын оқулық тарту етілді.

«Бір тіл білсең — бір адамсың, екі тіл білсең — екі адамсың». Көп тілді меңгергеннің білімі мен дүниетанымы да кеңейе түсетіні рас. Осы ретте студенттеріміздің талпынысы мен ізденісіне алғыс айту артықтық етпес.

dsc 4044 1025x1536

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Ұстаз» институты «Баласағұн» музейінде студент жастар үшін «Smart-IQ» DULATY тақырыбында брейн-ринг интеллектуалды жарысын өткізді.

Студенттердің тек бір бағытта ғана емес, әртүрлі сала бойынша біліктілігін арттыруды көздеген іс-шараны Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департамент пен «Sanaly Urpaq» фронт-офисі бірлесе ұйымдастырғанын айта кету керек.

Брейн-рингке қатысу үшін алдын ала хабарландыру жасалып, өтініштер қабылданған. Нәтижесінде факультет және иниститут студенттерінен 5 команда бәсекеде бақ сынауға ниет білдірген.

dsc 4085 768x513

Жарысқа қатысушылардың жас ерекшеліне шектеу қойылмаған. Үміткерге тек бір ғана сұрақ беріліп, 60 секунд ішінде команда бірлесе отырып дұрыс жауабын табу міндеттелді. Командалық жұмысты параққа жазып көрсетіп, төрешіге өткізуі тиіс. 3 деңгейден тұратын білім бәсекесі – жастардың жан-жақты дамуына мүмкіндік туғызатынын анық байқауға болады.

dsc 4077 768x513

«Sanaly Urpaq» фронт-офисінің бас маманы Мансұр Шамуратов бүгінгі брейн-ринг сайысын тек университет көлемінде ғана емес, қалалық, облыстық деңгейде өткізуді мақсат етіп отыр. Сондай-ақ, бұл жарысқа 10-11 сынып мектеп оқушыларында қамту қажет екенін айтады. Осылайша біз болашақ студенттерді білім, ғылымға деген ынталарын арттырамыз дейді маман.

dsc 4071 768x513

Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша «Ұстаз» институтының физика пәні мұғалімдерін даярлау мамандығының «Newton Power» командасы жүлделі 1-орынды жеңіп алды. Ал осы институттың «Алаш» командасы 2-орыннан көрінсе,  Гуманитарлық әлеуметтік ғылымдар факультетінің «Интелект» командасы үздік үштікті түйіндеді.

Жалпы біліктілікті арттырып, тарихымыз бен мәдениетімізден сыр шертетін бүгінгідей білім бәсекелерін жиі өткізудің пайдасы көп. Сондықтан, осындай жарыстар алдағы уақытта да жалғасын тапса нұр үстіне нұр болар еді.

Медиа-қызмет

Сейсенбі, 29 Наурыз 2022 09:50

Meeting of REILEAP project participants in Izmir (Turkey)

The sixth meeting of the participants of the "Reinforcing capacities of HEIs for leather and leather products in Uzbekistan-Kazakhstan 618930-EPP-1-2020-1-EL-EPPKA2-CBHE-JP" REILEAP project was held at Ege University, Turkey, on 9-11 March, 2022. It was attended by 26 representatives of Uzbekistan, Kazakhstan, Romania, Greece and Turkey.

The meeting was opened by the project coordinator Nikolaos Bilalis (Greece). In his speech, he gave an assessment of the implementation of the work packages (WP) of the project: WP1 - Project status and future actions; WP2 – Organization of Work / Proposal for Course Development; WP3 - Status of equipment acquisition; WP4 - Quality Strategy Development; WP5 – Dissemination Strategy Development.

Aura Mihai (Romania) analyzed the survey.

2022 жылғы 9-11 наурыз аралығында «Reinforcing capacities of HEIs for leather and leather products in Uzbekistan-Kazakhstan 618930-EPP-1-2020-1-EL-EPPKA2-CBHE-JP» REILEAP жобасы қатысушыларының алтыншы кездесуі Эге университетінде, Түркияда өтті. Оған Өзбекстан, Қазақстан, Румыния, Грекия және Түркияның 26 ​​өкілі қатысты.

Кездесуді жоба үйлестірушісі Николаос Билалис (Грекия) ашты. Ол өз сөзінде жобаның жұмыс пакеттерін (WP) іске асыру барысына баға берді: WP1 - Жобаның мәртебесі және келесі қадамдар; WP2 - Ұйымдастыру жұмысы/ курсты жобалау бойынша ұсыныстар; WP3 - Жабдықтарды алу мәртебесі; WP4 - Сапа стратегиясын әзірлеу; WP5 - Тарату стратегиясын әзірлеу.

Аура Михай (Румыния) сауалнамаға талдау жасап, нәтижесімен бөлісті.

С 9 по 11 марта 2022 года в Университете Эге, Турция состоялась шестая встреча участников проекта «Reinforcing capacities of HEIs for leather and leather products in Uzbekistan-Kazakhstan 618930-EPP-1-2020-1-EL-EPPKA2-CBHE-JP» REILEAP. В ней приняли участие 26 представителей Узбекистана, Казахстана, Румынии, Греции и Турции.   

Встречу открыл координатор проекта Николаос Билалис (Греция). В своем выступлении он дал оценку выполнения рабочих пакетов (WP) проекта: WP1 - Статус проекта и дальнейшие действия; WP2 - Организационные работы/предложения по разработке курса; WP3 - Статус приобретения оборудования. WP4 - Разработка стратегии качества; WP5 - Разработка стратегии распространения.

Выступила Аура Михай (Румыния), она провела анализ анкетирования.

174 бет. Барлығы: 454
Top