Super User

Super User

Сейсенбі, 29 Наурыз 2022 09:43

Вопрос алфавита все еще актуальный

Таразском региональном университете им.М. Х. Дулати прошел на факультетском уровне круглый стол на тему «Латын негізді жаңа әліпби – ұлтымыздың жарқын болашағы» организованной кафедры «Химия и химическая технология» Гульназия Сейтбековой и Дилбар Кулбаевой. В мероприятии приняли участие преподаватели и студенты кафедры «Филологии и журналистики»,  «Химия и химическая технология».

Цель данного мероприятия – разъяснение студентам университета преимуществ перехода на новый алфавит латиницы.

Сейсенбі, 29 Наурыз 2022 09:41

Әліпби мәселесі әлі де ойландырады

Латын негізді графикаға көшу мәселесі кейінге шегерілгенімен, бұ мәселені ғалымдар әлі де талқылап жатыр. Себебі, бұл жақын болашақты жүзеге асуы мүмкін қажет қадам дейді мамандар. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасының доценті Гүлназия Сейтбекова және Дилбар Күлбаеваның  ұйымдастырған «Латын негізді жаңа әліпби – ұлтымыздың жарқын болашағы» тақырыбында  факультет деңгейінде өткен дөңгелек үстелде филологтар осы төңіректегі түйткілдерді сөз етті.

Дөңгелек үстелде бас қосқан «Химия және химиялық технология», «Филология және журналистика» кафедрасының оқытушылары және технология факультетінің профессор оқытушылар құрамы мен студенттер ой-пікірлерін ортаға салды. Латын графикалы жаңа әліпбиге көшудің артықшылықтары айтылды.

25 марта 2022г. в Университете Дулати состоялся ежегодный Международный научно-методический семинар кафедры «Русский язык и литература» института «Ұстаз»

«Формы и методы развития познавательных интересов учащихся в рамках обновлённого содержания образования».

В программе Международного научно-методического семинара были учтены доклады по актуальным проблемам обновленного курса русского языка и литературы в организациях образования.

В семинаре приняли участие ведущие ученые-методисты Московского городского педагогического университета, Шадринского педагогического университета (Российская Федерация), Кызылординского университета им. Коркыт Ата, Павлодарского педагагогического университета, Университета Дулати и учителя русского и литературы г. Тараза и Жамбылской области. Учителя организаций образования продемонстрировали методические приемы работы с текстом, показали примеры алгоритмизации деятельности учащихся.

1

2

3

4

Дүйсенбі, 28 Наурыз 2022 17:37

Жемқорлық — індет , жою — міндет

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де зор нұқсан келтіріп отыр.

Жемқорлық ірі немесе ұсақ болып бөлінбейді. Жемқорлықтың аты- жемқорлық. Ал, теориялық аспектіден қарайтын болсақ, жемқорлықтың түрлері бар. Атап айтқанда, «саяси», «экономикалық», «халықаралық» жемқорлық пен «төменгі» жемқорлық. Яғни, «элиталық» анда-санда кездессе де, ол жемқорлықтың көлемі ауқымды болады. Ал, ең қауіпті жемқорлық – күнделікті тұрмыста кездесетін «төменгі» жемқорлық болып табылады. Олар, оқу орындарында, бала-бақшада, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету саласында кездеседі. Елдің экономикасын артқа тартатын, бәсекелестікке кері әсер ететін жемқорлық – «төменгі» жемқорлық. Сондықтан, жаңа құрылған агентіктің бірден-бір мақсаты – халық арасында, мектеп деңгейіндегі оқушылардың сана-сезіміне осы жемқорлық жат құбылыс екенін жеткізу болып табылады.

Дүйсенбі, 28 Наурыз 2022 12:10

Хабиев чемпионатқа барады!

М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университетінің өнер және спорт факультетінің 4-курс студенті Адам Хабиев – шектеулі мүмкіндігіне қарамастан, өмірге құштар, ерік-жігері мұқалмаған жас. Оның қажыр-қайратының мықтылығы соншалықты, тіршілікте кей сәттерде кесекөлденеңдеп жиі шыға келетін кедергілерге мойыған емес. Сабақтан да, жаттығудан да қалмайды.

Алайда, оның мықты ұстанымы өткен жолы еріксіз бұзылды. Өйткені, оның қоларбасы жүруге жарамсыз болып қалған еді. Осыған байланысты шарасыз күйге түскен. Тіпті, оның алдағы уақытта армрестлингтен өтетін ел чемпионатына барудан үміті де үзіле бастаған...

Бұл жағдайды дер кезінде байқаған «Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу» орталығының аға үйлестірушісі Сандуғаш Үсенованың бастама көтеріп, қайырымдылық көмек  ұйымдастырды. Жұрт жұмылса, кез келген кедергіні жеңу оңай. Бұл бастамаға тәрбие және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті,  Өнер және спорт факультетінің ұжымы және жекелеген қызметкерлер,  «Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу» орталығы және ата-аналардың  үн қосып қолдап, студент Адам Хабиевке жаңа қоларба әперді.

Енді Хабиев чемпионатқа барады. «Оған осындай зор мүмкіндік сыйлаған басқа емес, өз айналамыздағы қамқор жандар», - деді Тәрбие және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Алуа Назарбекова  барша қайырымды жандарға алғысын білдіріп. Адамға жаңа қоларбаны апарып тапсырып тұрып, оған жарыстан жеңіспен оралуына тілектес екенін жеткізді.

Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі. Оны жасау үшін асып-тасып бай болу керек емес. Ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті.

 

Жамбыл өңіріне жұмыс сапарымен келген Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің музейін аралап, оқу ордасының тыныс-тіршілігімен танысты.

Дулати университеті – өңірдегі іргелі ірі оқу орны екені белгілі. Ал осы білім ордасы  музейінің қалыптасу тарихының өзі ширек ғасырға жуық. Негізгі 5 залдан тұратын мәдени орталық тарихи мұраларға аса бай. Онда М.Х.Дулатидің өмірі мен еңбектері туралы деректерден бастап, аймақтағы жоғары оқу орнының құрылу, даму, өсіп-өркендеу кезеңін тұтас қамтитын мәліметтер түгел бар. М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университетінің басқарма төрағасы-ректоры Талғат Ешенқұлов музей жұмысы туралы айтып өтіп, осыған арнайы тоқталды.

Бұдан кейін Нұрлан Мәжитұлы университеттің АКТ залында өткен жиынға қатысты. Облыстық аумақтық, учаскелік  сайлау комиссиясының мүшелері, саяси партиялардың өкілдері, облыстық ҮЕҰ өкілдері, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері, қалалық мәслихаттардың депутаттары қатысқан басқосуда елдегі саяси реформаның алдағы сайлаулар барысына қалай әсер ететіні сөз болды.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.

WhatsApp Image 2022 03 28 at 17.11.40

WhatsApp Image 2022 03 28 at 12.53.03

WhatsApp Image 2022 03 28 at 12.53.01

 

Дүйсенбі, 28 Наурыз 2022 06:11

ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК ЖАНҒА САЯ

Көктем шыға айналаны абаттандыру, шыбық шаншып, тал егу – игі іс. Оның пайдасын көп көреді.

«Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу - маңызды істің бірі. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери  кафедрасының офицерлері де осы дәстүрден жаңылмай, Айша бибі полигоннына тал отырғызды.

Жалпы барша жұртты жұмылдыратын тал егу жұмысы арқылы балалардың табиғат-анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятады. Табиғатпен үйлесімділікке үндейді.

Жасыл желек жанға сая. Ауаны тазартып, қолайлы микроклимат қалыптасады және шу деңгейі төмендетеді.

Жексенбі, 27 Наурыз 2022 09:54

instagram

Жексенбі, 27 Наурыз 2022 09:53

instagram

175 бет. Барлығы: 454
Top