
Super User
ПРОВЕДЕНИЕ БЕСЕДЫ-РАССКАЗА НА ТЕМУ: «СОВРЕМЕННЫЕ АСПЕКТЫ ВОЕННО-ПАТРИОТИЧЕСКОГО ВОСПИТАНИЯ МОЛОДЕЖИ»
17 марта 2022 года со студентами военной кафедры была проведена беседа-рассказ на тему: «Современные аспекты военно-патриотического воспитания молодежи».
Начальник цикла подполковник запаса Наурызбаев Ж.П. довел до слушателей, что целью патриотического воспитания является воспитание убежденного патриота, любящего свою Родину, преданного Отечеству, готового служить ему своим трудом и защищать его интересы.
НАУРЫЗ КӨЖЕ – НАУРЫЗ ДӘМ
Бұл мерекенің ерекшелігі – табиғатпен үндестігінде. Жердің тоңы жібіп, қыстың қаһары қайтатын, күн мен түннің теңелетін шағын түркі жұрты бірліктің, бақыттың, еңбектің, қуаныштың мерекесі ретінде атап өткен. Салтымыз басқа болғанымен, ниетіміз бір болған түркі халықтары, соның ішінде біздің қазақ халқы үшін Наурыз мерекесінің қадір-қасиеті, тәрбиелік мәні өте жоғары. Сондықтан Ұлыс күнін атап өту дәстүрін жастар арасында көбірек насихаттау аса маңызды.
Осы мақсатта М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің филология және журналистика кафедрасының аға оқытушылары Б.Мырзабаева мен А.Иматаеваның ұйытқы болуымен студенттер Ұлыстың ұлы күніне ерекше даярландық. №1 Студенттер үйінде мерекелік дастархан жасап, жатақхана студенттері мен оқытушыларға дәм татырдық.
«ВЕЛИКИЕ ИМЕНА – ПРИМЕР ЫБЫРАЯ АЛТЫНСАРИНА»
12 марта Таразском региональном университете имени М. Х. Дулати в прошел открытый воспитательный час на тему «Великие имена – пример Ыбырая Алтынсарина» организованной доцентом кафедры «Химия и химическая технология» Гульназий Сейтбековой и студентами 1-3 курсов.
Цель данного мероприятия – познание просветительской деятельности Великого казахского ученого, педагога Ыбырая Алтынсарина, оставившего глубокий след в истории просвещения казахского народа и становления, уважение к творческому наследию просветителя, укрепление познавательных взглядов, совершенствование творческих поисков студентов университета.
ҰСТАЗ ӨНЕГЕСІ – ЖАСТАРҒА ҮЛГІ
Қазақ даласындағы ұлттық мектептің қалыптасу тарихында педагог Ыбырай Алтынсариннің есімі ерекше аталады. Оның ұстаздық жолымен қатар, мол мұралары жас зерттеушілер үшін әлі тың тақырып. Ұстаз еңбектерінің жастардың таным-түсінігін кеңейтіп, танымдық көзқарастарын нығайтуға да тигізер ықпалы көп.
Жастардың шығармашылық ізденістерін арттыру мақсатында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Химия және химиялық технология» кафедрасының доценті Гүлназия Сейтбекова және 1-3 курс студенттері «Ұлы есімдер – Ы. Алтынсариннің өнегесі» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Құрметті, Толқынбаева Айнұр Тұрсынханқызы!
Сізді, келіп жеткен 50 жас мерейтойыңызбен құттықтаймыз! Шаңырағыңызға береке - бірлік, шадыман шаттық, қуаныш тілей отырып, сізге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, қажымас қайрат, сарқылмас қуат тілейміз. Өміріңіз қашан да көктемдей жарқын әрі шуақты, жаздай жылы әрі жайма шуақ болсын!
ЖАСТАР КӘСІПКЕРЛІГІНЕ ЖОЛ АШЫҚ ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ ДЕ, «ENACTUS KAZAHSTAN» ҚОРЫ ДА СТУДЕНТТЕРДІ ҚОЛДАЙДЫ
Жастарға жан-жақты қолдау көрсетуде М.Х.Дулати атындағы өңірлік университетінің тәжірибесі – басқа оқу орындарына үлгі. Университет басшылығының ғылымға жол ашатын, батыл зерттеулер жасауға, түрлі инттелектуалдық дамуға бастайтын қадамдарды жасауда батылдық танытып келе жатқанына студенттер куә. Оқу орнының жас кәсіпкерлеріне арналған «DULATY STARTUP FEST» әлеуметтік маңызы бар бизнес бастамалар байқауы – соның бір дәлелі.
Дулати университетінің бас ғимаратында өткен байқаудың финалдық кезеңіне «Enactus Kazahstan» қорының президенті, филология ғылымдарының докторы Альбина Ержанова арнайы келді. Осының өзі – бұл бағытта да оқу орнының іс-тәжірибесі айтарлықтай екендігін көрсетеді.
Әлеуметтік маңызы бар бизнес бастамалар жасауда студенттер арасында бәсеке жоғары. Мәселен биыл конкурстың іріктеу кезеңіне 50 жоба ұсынылған. Жалпы жастар кәсіп бастауға деген ынталы. Тағы бір атап өтетіні, бұл жай екінің бірі ашып жатқан аса кең таралған қызмет көрсету саласы емес. Жұртқа пайдалы, ұзақ уақыт зерттеуді талап ететін, тиімділігі әбден сараланған бастамалар. Байқаудың финалдық кезеңінің ашылу салтанатында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма мүшесі – зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Данияр Нұрмұханбет осыны атап айтты.
– Жастардың start-up бастамаларын қолдау – еліміздің өркендеуі мен студенттерді кәсіпкерлікке баулудың негізгі жолы болып отыр. Жалпы мені зерттеулерге әкелген Enactus екенін айта кеткім келеді. Дулати университетінің Enactus жобалары бойынша өткізілетін байқауларда жиған тәжірибесі 20 жылға жуық. Соның ішінде біздің жастар 15 жылда екі рет ұлттық чемпионаттың жеңімпазы, бір рет күміс жүлдегері атанды. Оқу орындары арасында оңтүстік аймақ бойынша «Enactus Kazahstan» қорының өкілдігі ретінде таңдаудың М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне түсуінің өзі кездейсоқтық емес. Бұл бізге артылған зор сенім мен үлкен жауапкершілік, - деді Данияр Ысқақұлы.
Негізі Enactus - дүниежүзінің бірқатар елінің студенттерін біріктіріп отырған ауқымды ұйым. Студенттерді кәсіпкерлікке баулу, олардың көшбасшылық қасиетін дамытып, командамен жұмыс жасауға үйретуді мақсат тұтқан жоба өз көздегеніне жетіп отыр деуге болады. Дулати университетінде өткен «DULATY STARTUP FEST» әлеуметтік маңызы бар бизнес бастамалар байқауының финалдық кезеңінде бақ сынаған 5 команданың жұмысы соны көрсетті.
Байқау қорытындысында Healty food жобасы жеңімпаз деп танылды. OFFсяша жобасы – 2, QERUEN жобасы 3-орынға лайықты деп бағаланды.
Байқаудың жеңімпаздары анықталып, талапшыл жастардың мәртебесі асқан күні оңтүстік аймақ бойынша «Enactus Kazahstan» қорының өкілдігі – М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде қордың арнайы орталығы ашылғанын да айта кету керек.
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНА УНИВЕРСИТЕТ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ПІКІРІ
ҚАСТЕРЛІ ОТАНЫМЫЗДЫҢ ТҰҒЫРЫ БИІК БОЛСЫН!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жолы бұрынғы дәстүрді өзгертіп, елдің негізгі бағыт-бағдарын Наурыз мейрамы алдында жариялауға шешім қабылдады.
Тоқаев қаңтар оқиғалары бойынша тергеудің алдын ала қорытындысын айтып өтті. Ол өз сөзінде «Береке бірлігімізді сақтамасақ жеткен жетістігіміздің барлығынан айырылып қалуымыз мүмкін!» - деді. Қаңтардағы дүрбелең кездегі оқиғалар қоғамды дүр сілкіндірді «Елдің тыныштығын бұзатын лаңкестерге жол бермеуіміз қажет», «Қаңтар оқиғасы мемлекетіміз үшін сын сағат болды, мен ел үшін шұғыл шешім жасадым» - деп айтып өтті.
Түрлі салада ауқымды өзгерістер басталады дей келе 10 реформалық мәселелерге тоқталды. Айтып өтсек Жаңа президенттік модел қалыптастыру, өкімді билік тармағын қайта құру, сайлау жүйесін жетілдіру, партия системасын дамыту, сайлау үрдісін жаңарту, әділетті ашық сайлау үрдісін енгізу, құқық қорғау институттарын күшейту, бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекелестік қабілетін арттыру, еліміздің әкімшілік аумақтық жүйесін құру, жергілікті өзін-өзі басқару және конституцияға өзгерістер енгізу мәселелерін тоқталып өтті.
Сондай-ақ қала атауларына енгізілетін өзгерістерді айтып өтті. «Бабалар аманатына адал болып оны ұрпаққа табыстау менің міндеттім» - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.
Ендеше Жаңа Қазақстанды бірге өркендетейік құрметті жастар! Қастерлі Отанымыздың тұғыры биік болсын!
Юлдашбай Дарибаев
Дулати университеті,
PhD доктор
ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ
Мемлекет басшысы: «Осы күндерде жұртымыз Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсінді. Біз мызғымас бірліктің арқасында мемлекетімізді қорғап қалдық»
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мен қашанда бәрін ашық айтып жүрмін. Індет кезінде қалыптасқан ахуал жөнінде жұртшылыққа үнемі ақпарат беріп отырдым. Кешегі қатерлі күндерде Мемлекет басшысы ретінде халыққа арнап бірнеше үндеу жасадым»,- деді.
Расында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы жолдауы тарихи маңызы да, мемлекеттілігіміз үшін мәні де ерекше зор.
Президенттің мемлекеттік билікке берген тапсырмаларының іс жүзінде шынайы орындалуы еліміздің жандануына, орын алған олқылықтарды еңсеруге, жаңаша дамуға жол ашары сөзсіз.
Гауһар Баймырзаева
Дулати университеті,
Ақпараттық технологиялар факультеті
деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
УӘДЕ ОРЫНДАЛМАСА, МАНДАТЫМЕН ҚОШТАСАДЫ
Бүгінде Парламент депутаттары туралы жұрттың пікірі екіге жарылып тұрғаны жасырын емес. Сол себепті де Парламент пәрменін күшейту мәселесі өте өзекті деп ойлаймын. Қалай айтсақ та, қос палаталы заң шығарушы органның қос тараптың алдындағы ықпалы болуы тиіс.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында депутаттарды сайлау жүйесінде де өзгерістер болатынын жеткізді. Осыдан кейін депутаттар өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, серпінді жұмыс жүргізері анық.
Мемлекет басшысы алдымен, партияларды тіркеу рәсімдері айтарлықтай жеңілдетілетінін атап өтті. Енді саяси ұйымдарды тіркеу шегі төрт есе – 20 мыңнан 5 мың адамға дейін төмендейді. Ал өңірлік өкілдіктердің ең аз саны үш есеге – 600-ден 200 адамға дейін азаймақшы. Осылайша 1000-нан 700 адамға дейін, партия құру үшін бастамашыл азаматтар тобының ең аз саны үштен бірге қысқаратын болады.
Президент сайлауалды науқанында халыққа уәде беріп, сөзінде тұрмайтын депутаттарды сынға алды. Ендігі кезекте мұндай «шығарыпсалма» сөз бен құрғақ уәдеге жол жоқ екенін ескертті.
– Сайлауалды науқанында уәде беріп, тиісті жұмысын атқармай, берген уәдесін орындамаған депутаттар қайтарылатын болады, - деді Президент.
Мұхамеджан Сексенбай,
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің
«Мұнай, газ және тау-кен ісі» кафедрасының доценті.
ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ОБЛЫСТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы – елдегі жаңа саяси жүйенің бастауы. Еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынғанЖолдаудың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру жолы» аталауының үлкен мәні бар.
Елде ұзақ жылдан бері қалыптасқан қағида мен ұстанымдарды түбегейлі өзгертетін шешімдерді ұсыну арқылы Мемлекет басшысы ел мүддесін бәрінен жоғары қоятынын, жұрттың көкейінде нендей мәселелер жүргенін білетінін, бәрінен хабардар екенін анық аңғартты.Халықтың әлеуметтік ахуалының жақсаруы – елдегі бірлік пен ауызбіршілікке байланысты екенін атап өтті.
Жалпы Қаңтар оқиғасы бәрімізге сабақ болды. Сын сәттерден біз тек өз күшімізбен ғана шыға алдық. Қиындықтармен бетпе-бет келгенде сырттан келіп ешкім жоғымызды түгендеп бермейтініне көз жеткіздік.
Бүгінгі Жолдауда Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың мемлекетті басқару ісіне белсенді қатысуына қажетті жағдай жасайтынынжеткізді. Президенттің ұсынған бастамалары орынды, бағыт-бағдары дұрыс. Ендігі кезекте соны жүзеге асыру, Жаңа Қазақстанды құру жолында әрбіріміз тамшыдай болса да өз үлесімізді қосумыз керек.Бұл біздің азаматтық парызымыз.
Жолдау жеткізген жаңалықтардың бірі елімізде бірнеше облыстың жаңадан құрылатындығы болды.Бұл өз кезегінде өңірлерді дамытуға септігін тигізетіні анық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Жаңадан құрылатын облыстардың Абай, Ұлытау, Жетісу деп аталуында ерекше мән бар. Біз ұланғайыр жеріміздің байырғы атауларын, ұлы тұлғаларымыздың есімін ұрпақ санасында жаңғырта береміз», дегені тарихқа деген құрмет.
Жаңа Қазақстан жаңа облыстармен толықты. Саяси-экономикалық жүйеде ашықтық сақталып, ел тілегі ескеріледі деген үміттемін.
Жазира ТЕҢІЗБАЕВА,
М.Х.Дулатиатындағы Тараз өңірлік университетінің,
Экономика кафедрасының аға оқытушысы.
ЗАҢ БӘРІНЕ ОРТАҚ
Мемлекеттің саяси жүйесіндегі өзгерістерге ел-жұрттың бей-жай қарамайтыны түсінікті. Жасыратыны жоқ, Президент Жолдауынан кейінелдегі саяси-экономикалық жүйеде түбегейлі өзгерістер болады деп күттік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды құру арқылы елді дамытудың парадигмасын өзгертуді көздейтінін айтқаны – көпшіліктің күткені көп ұзамай іске асатынын көрсетті.
–Бабаларымыз ел тағдырын айқындайтын тарихи шешімдерді бүкіл халық болып ақылдасып, бірге қабылдаған. Келелі жиында айтылған кесімді сөзге алты Алаштың баласы түгел тоқтаған. Біз бірліктің бастауы болған осы дала демократиясының дәстүрін жаңғыртуымыз керек», - деген Президент сөзі елдік мәселені қабылдауда үлкен жауапкершілік екенін ұқтырды.
Мемлекет басшысысаяси трансформацияда адалдық пен әділдікті қалыптастыратынын баса айтты. Заң халыққа да, билікке де ортақ екенін атап өтті. Ал мемлекет мүддесін ұмытып адал жолдан айнағандар заңмен жазаланатынын жеткізді.
Әділ қоғам құру жолында бағыт алған жолдан таймау аса маңызды. Ал бұл қадам өмірдің барлық салаларындағы жүйелі қайта құруларды жеделдетуді талап ететіні түсінікті.
Гүлнар Зияева,
Дулати университеті
«Қолданбалы биология»
кафедрасының меңгерушісі
ЖАҢА РЕФОРМА – ЖАҢА КЕЗЕҢНІҢ БАСТАУЫ
Жаңа реформалар – сөзсіз жаңа өзгерістердің бастауы. Бұл жаңа кезеңге қарай жасаған батыл қадам болмақ. Халық осыны күтіп отыр. Өйткені, жұрт жадағай жалаулатқан науқандық жұмыстардан шаршады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, барлық саладағы тоқырау тығырыққа тіреді. Ел ертеңге сенуден қалды.
Жалпы, мемлекеттің саяи-әлеуметтік жүйесіне өзгеріс көптен қажет еді. Басқару тетіктерінде де жаңа талаптар енгізу керек болды. Көпшілік нәтижесіз іс-шаралардан әбден шаршады. Орындалмайтын уәделер үмітсіздікке әкеліп соқты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру жолы» атты Жолдауында осыған айрықша тоқталды.
Жаңа Жолдауында еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынған Мемлекет басшысы бұл өзгерістер жұртқа жақсы көріну үшін жасалмайтынын атап өтті. Президент қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кеткенін ашық айтты.
– Халыққа қажетті реформаларды жүзеге асыру – менің мемлекет басшысы ретіндегі басты міндетім. Саяси жаңғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту, ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жасау мүмкін емес. Бұл – анық нәрсе», - деді Президент.
Сонымен, жұрт күткен жаңа реформалар елдегі басқару жүйесіне қандай өзгерістер әкеледі, соның маңызды бірнеше қадамдарына тоқталсақ. Мемлекет басшысы алдымен, бұған дейін қалыптасқан «барлық іс Президенттің араласуымен шешіледі» қағиданы өзгерту қажеттегін баса айтты. Жасыратыны жоқ, қоғам демократия үдерістеріне сай, Президенттік-парламенттік басқару жүйесінің іс жүзіндегі шынайы бейнесін қалыптастыратын осындай кесімді сөзді ұзақ күтті. Бұл бетбұрыс Парламенттің рөлі күшейетінін көрсетеді.
Негізі елде жүргізілетін саяси реформаның қарапайым формуласы мынадай: Күшті Президент, ықпалды Парламент, еститін Үкімет. Ендігі мәселе – осы жүйенің жұмысын жүйелі етуде жатыр. Мемлекет басшысы «Парламент республикалық бюджеттің сапалы орындалуына бақылауды күшейтуі қажет», деп атап өтті. Сол үшін Есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құруды ұсынды. Бұл – өзгерістердің сөз жүзінде қалмайтындығының көрінісі.
Өңірлерде азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттардың да мәртебесін көтеру керек екендігі айқын нәрсе. Мемлекет басшысы әр деңгейдегі мәслихаттардың рөлін арттырып, дербестігін қамтамасыз ету үшін Мәслихат төрағасы лауазымын енгізуді ұсынды. «Сондай-ақ, мәслихаттардың ықпалын барынша күшейту үшін облыс әкімдерін тағайындау тәртібін өзгерту қажет деп санаймын», деді Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауында.
Жаңа реформада тізбекті түрде өзара өзгеріске бастайтын – жаңа қайта құрулар бар екенін атап өткен жөн. Ал бетбұрыстардың негізгісі – өңірлердегі диспропорцияны жою мақсатында қабылданған шешімдер. Атап айтсақ, бірнеше жаңа облыстың құрылатындығы. Тарихымызды танытар Ұлытау даласының енді бір өңірге айналатыны, Абай атындағы облыстың пайда болатыны – жұрт құптайтын бастамалар. Жетісулықтардың көкейінде жүрген облыс орталығының шалғайлығы туралы мәселе де шешімін табатын болды. Ең бастысы ұлттың арда ұлы Дінмұхаммед Алматы облысының орталығы – Қапшағайға Қонаевтың есімімен атауды көпшілік қуана қолдайтынына сенім мол. Қолдаймыз, қуаттаймыз!
Талғат Ешенқұлов,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректоры.
ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖОЛДАУЫН ТЫҢДАДЫ
16 наурыз күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру жолы» атты жолдау жасады. Осыған орай М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің бас ғимаратында университет қызметкерлері мен белсенді студенттер қатысып, зейін қойып тыңдады.
Бұл жолдау президенттің еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынуымен ерекшеленеді.
Қатысушылар Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған ұсыныстар мен өзгерістерді біліп, Жаңа Қазақстанды құру жолында ел ертеңіне сеніммен қарайтынын жеткізді.
СУИЦИД, КАК СОЦИАЛЬНО-ПСИХОЛОГИЧЕСКОЕ ЯВЛЕНИЕ
14 марта со студентами военной кафедры была проведена лекция на тему: «Суицид, как социально-психологическое явление. причины и условия совершения суицидальных поступков». Старший преподаватель подполковник в отставке У. Жумабеков довел до студентов эффективные стратегии поведения, повышающие стрессоустойчивость, поддерживающие и укрепляющие психическое здоровье, технику саморегуляции.
Целью данной лекции является формирование у студентов системы нравственных ценностей, способствующей уменьшению риска асоциального поведения.