
Super User
АКТУАЛЬНОСТЬ РЕЛИГИОВЕДЧЕСКОЙ НАУКИ В СИСТЕМЕ ОБРАЗОВАНИЯ
03 - февраля 2022 года КГУ учебно-методический кабинет Управления образования акимата Жамбылской области через платформу ZOOM был организован областной семинар на тему: «Актуальные вопросы преподавания факультативного курса «Светскость и основы религиоведения». В данном областном семинаре приняли участие Б.Алпысбаев главный специалист Центра религиоведения при университета Дулати, Центр исследования проблем религий акимата Жамбылской области, отделы образования акимата города и района, а также учителя истории ведущие факультативный курс «Светскость и основы религиоведения». Всего в мероприятии приняли участие около 100 педагогов, которые обсудили актуальные вопросы актуальности религиоведения в системе образования и качества преподавания, направления модернизации национального воспитания в молодежной среде с целью профилактики идеологии деструктивных религиозных течений в обществе.
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ДІНТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ
2022 жылдың 03 - ақпанында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті КММ тарапынан «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы облыстық семинар ұйымдастырылды. Бұл облыстық семинарға Дулати университеті Дінтану орталығының бас маманы Б.Алпысбаев, Жамбыл облысы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы, қалалық және аудан әкімдігінің білім бөлімдері және 9-сыныптарда өтілетін «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын жүргізетін тарих пәнінің мұғалімдері қатысты. Барлығы 100-ге жуық педагог мұғалімдер қатысып, білім беру жүйесіндегі дінтану ғылымының өзектілігі мен оқыту сапалығы, қоғамдағы деструктивті діни ағымдардың идеологиясын алдын-алу мақсатында жастар арасында ұлттық тәрбиені жаңғырту бағыттары туралы көкейкесті мәселелер талқыланды.
ҮЗДІКТЕРГЕ ҚҰРМЕТ
Ғылым-білім саласында нәтижеге жету үшін қажырлы еңбек пен төзімділік керек екені түсінікті. Табысқа жеткізетін де сол табандылық. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқытушы-профессорлар құрамының ғылым-білім жолында қол жеткізген табыстары жетерлік.
Бүгін өңірлік университеттің басқарма төрағасы-ректоры Талғат Ешенқұлов оқу орнының үздіктері мен халықаралық «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарын қабылдады. Талғат Ілиясұлы ғалымдарды жетістіктерімен құттықтап, жақын күндерде шетелге аттанатын оқытушыларға сәт-сапар тіледі.
- Ректор бізден алға қойған мақсаттарымызды сұрады. Ары қарай да талмай іздене беру керек екенін айтып, ғалымдардың ізденісін барынша қолдайтынын жеткізді. Бұл бізге үлкен күш-қуат, жігер сыйлады, - дейді Маржан Сейітқызы.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру институты, «Мұнай-газ және тау-кен ісі» кафедрасының меңгерушісі Арман Қабдушев пен технологиялық факультеті, «Химия және химиялық технология» кафедрасының PhD докторы Маржан Қалмаханова жылдың ең үздік жоғары оқу орындары оқытушыларының қатарынан көрініп, жеңімпаз атанғаны белгілі. Үздіктерді жақында ғана Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов марапаттаған болатын.
Жалпы бұл оқу орнында ғылымға бетбұрған оқытушыларға түрлі бағдарламалар шеңберінде үлкен қолдау көрсетіліп тұрады. Олай дейтініміз, былтыр жыл соңында «Болашақ» бағдарламасы бойынша құжат тапсырып, бақ сынап көрген Дулати университетінің төрт оқытушысы енді шетелге ғылыми тағылымдамадан өтуге жіберілмекші.
Атап айтсақ, Ақпараттық технологиялар факультеті, «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының доценті Шынар Ахметжанова Ұлыбритания, Данди қаласы, «Dandee University»-інде 6 айға, «Экономика және құқық» факультеті, «Менеджмент» кафедрасының доценті міндетін атқарушы Қайрат Шалдарбеков «Жобаларды басқару» мамандығы бойынша Венгрияның Будапешт метрополитан университетінде бір айлық, ақпараттық технологиялар факультеті, «Автоматика және телекоммуникация» кафедрасының доценті Ербол Тұрғынбеков «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша Польшадағы Люблин политехникалық университетінде 6 айлық, «Экономика және құқық» факультеті, «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы Вильнара Алибекова Білім мен ғылымдағы «Менеджмент» мамандығы бойынша М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өтеді.
«Болашақ» бағдарламасының талаптары бойынша барлық сынақты тапсырып, сынақтан сүрінбей өткенін айтқан Шынар Егеубайқызы Ұлыбританияға визалық құжаттары толық рәсімделіп болған соң, жақын күндерде жолға шығатынын жеткізді. 20 жылға жуық оқу орнында оқытушылық қызмет атқарып келе жатқан ол шетел ғалымдарымен бірлесіп, ғылыми еңбек бойынша ізденіп жатқанын жеткізді.
Алыс-жақын шетел оқу орындарының оқытушы-профессорларымен тығыз байланыс орнатқан оқытушының бірі – Қайрат Шалдарбеков. Қайрат Базарбайұлы Будапешт метрополитан университетінің профессорымен 5 жылдан бері тың тақырыпты зерттеп, жақында шетелдік басылымдарда ғылыми еңбегін жариялау жоспары барын айтты. Ал Ербол Тұрғынбекұлы Дулати университетінің «Қос дипломды» бағдарламасы шеңберінде Люблин университетінде магистратураны оқып келіп, өз білім ордасында докторантурада білім алып жатыр екен. Енді міне, қайтадан сонда барып, ғылыми тағлымдамадан өтпекші.
ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ - ҰЛТ МЕРЕЙІ
Ақпараттық технологиялар күн санап дамыған заманда бұрынғы құндылықтар жүйесін сақтап қалу соншалықты қиынға соғуда. Әсіресе, жастар тәрбиесінде жіберіп алып жатқан кемшіліктеріміз көп. Көпке топырақ шашпаймыз, дегенмен, жас буынның басым көпшілігі үлкенді сыйлаудан қалып, кішіге қамқор болуды ұмыта бастағаны, жасырын емес. Қоғамда қалыптасқан бұл тенденция туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында айрықша тоқталды. Қазіргі кезде біздің еліміз мүлде жаңа дәуірге қадам басып, қоғамдық өмірдің барлық саласы түбегейлі өзгеріп жатқанын айтты.
Президентіміз қоғамға көптеген жаңа сын-қатерлердің қаупі төнген кезде зиялы қауымға үлкен үміт пен жауапкершілік артылатынын бекер атап өткен жоқ. Мемлекет басшысының «Ұлт тағдыры сынға түскен сәтте көзі ашық азаматтар әрдайым көш бастаған. Адасқанға жөн сілтеп, жастарға бағыт-бағдар берген. Ел ағалары бір ауыз сөзбен тентегін тыйып, тектісін төрге оздырған. Біз қанымызға сіңген осы қасиеттен айрылмауымыз керек, - деген сөзі ұрпағымыздың ұлағатты болуы үшін өскелең ұрпақ бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру, сапалы білім мен саналы тәрбие беру керектігін көрсетеді.
Жастарға үлгі-өнеге тұтатын тұлғалар керек. Тұлға болғанда, кейінгі жылдарда «пайда болған» өздері құралпы көшбасшы замандастары емес, жетістіктер мен табысқа табанды еңбекпен жеткен жандардың өмір жолы насихатталуы керек. Осы мақсатта М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Педагогика» кафедрасы «Ұлағатты ұстаз – ұлт мерейі» атты республикалық вебинар ұйымдастырды.
Онлай форматта өткен жиынға жоғары оқу орындарының оқытушылары, белді ғалымдар, магистранттар, докторанттар, жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдері, басшылары және болашақ педагогтер қатысты. Университеттің «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Клара Жайдарбекқы бүгінгі ұстаз келбеті туралы мәселе көтеріп, кафедра профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Сейсекүл Көшімбетова Аягүл Төреқызының ұстаздық еңбек жолымен таныстырды. Ұстаз болмысын, бейнесін, адамгершілік, рухани құндылықтарын қалыптастыру көздеген вебинарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Еңбек Ері Аягүл Миразова келелі әңгіме өрбітті.
Онлайн іс-шараның «Айтарым бар ...» айдарында «Ұстаз» институтының болашақ педагогтері өздері білім алып жатқан оқу ордасының алғашқы түлегі, ҚР Еңбек Ері Аягүл Миразоваға сұрақ қойып, әңгімелесу мүмкіндігіне ие болды. Ұлағатты ұстаз– Аягүл Төреқызы өзінің ұстаздық еңбек жолынан сыр шертті, табысқа жетудің жолдарымен бөлісті. Педагог үшін ең маңызды ұстанымдарды атап өтті. «Ең алдымен, мұғалім әрқашан жарқын жүзді әрі терең білімді болуы, әрбір баланың жүрегіне жол сала білуі керек.Әр оқушымен жақсы қарым-қатынас жасай алса ғана, шәкірт педагогқа шынайы сенім артатын болады. Нағыз ұстаз үшін балалардың бәрі бірдей – балалардың бәрі талантты да дарынды; ал жақсы мұғалім сол дарынды ашушы, баланың шамын жағушы, болашағына бағыт-бағдар беруші. Ал нағыз мұғалім ата-аналардың алғысына бөленген, оқушыға жайма-шуақ ахуал қалыптастыра алатындай шебер болуы қажет, - деді Аягүл Миразова.
«Ашық микрофон» айдарында болашақ педагогтер ұлағатты ұстазға өздерінің жылы лебіздерін жеткізіп, арнауларын оқыды.
Республикалық вебинардың болашақ педагогтердің мұғалімдік мамандықтың қыр-сырын ашуда айтарлықтай үлес қосқаны анық.
Клара БУЗАУБАКОВА,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор
Фулбрайт ТЕА
«Фулбрайт ТЕА педагогикалық шеберлікті шыңдау» бағдарламасын АҚШ мемлекеттік департаментінің Білім және мәдениет мәселелері жөніндегі бюросы қаржыландырады.
1946 жылы АҚШ-тың Арканзас штатының экс-сенаторы Джеймс Уильям Фулбрайт студенттерге, зерттеушілерге, ғалымдар мен мұғалімдерге білімдерін жетілдіруге, сонымен қатар АҚШ және басқа да мемлекеттер азаматтары арасындағы мәдени-академиялық байланысты нығайту мақсатында АҚШ мемлекеттік департаментімен қаржыландырылатын гранттар бағдарламасын ұсынады. «Фулбрайт» бағдарламасы 1946 жылдан бастап 390.000 астам «Фулбрайттықтарға» АҚШ-та оқуға мүмкіндік берді.
АМЕРИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТТЕ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Апталық семинарлар: Мұғалімдер АҚШ-тың жоғарғы оқу орнында шақыртылған білім саласындағы мамандар, оқытушылар және университет қызметкерлерімен өткізілетін апталық семинарларға, презентациялар мен талқылау кездесулеріне қатысады. «Фулбрайт TEA» бағдарламасы алдыңғы қатарлы оқыту әдістемелері, оқышулардың қажеттіліктеріне сай сабақ жүргізу жүйесіне, сабақтарды дайындау және оқыту технологияларын қамтитын академиялық семинарлар өткізеді.
Америкалық мектептегі тағылымдама: Қатысушылар америкалық ұстазбен бірге америкалық мектеп ортасын іс жүзінде танып-білу үшін кемінде 40 сағаттық мектептегі тағылымдамадан өтеді. Бағдарлама барысында барлық қатысушыларға мәдени таныстыру, тәлімгерлік пен қолдау көрсетіледі.
Кәсіби білім алуға арналған онлайн қауымдастық: Әрбір мұғалім басқа мемлкеттерден келген әріптестерімен бірге білім және көшбасшылық саласындағы қарым-қатынасты дамыту және алдыңғы қатарлы тәжірибемен алмасу үшін онлайн қауымдастық шараларына қатысады.
Fulbright TEA бағдарламасы туралы қосымша ақпаратты осы сайттан оқи аласыздар: www.fulbrightteacherexchanges.org
FULBRIGHT TEA
The Fulbright Teaching Excellence and Achievement (Fulbright TEA) Program is sponsored by the U.S. Department of State, Bureau of Educational and Cultural Affairs. The Fulbright program was established in 1946 under legislation introduced by former United States Senator William Fulbright of Arkansas.
Fulbright grants are awarded to students, scholars, teachers and other professionals from the United States and to foreign nationals to study, teach, or conduct research. Since its inception in 1946, more than 390,000 “Fulbrighters” have participated in the Fulbright program.
UNIVERSITY COURSEWORK
Weekly Seminars: Teachers will participate in weekly seminars at their host university featuring presentations and discussions led by university staff, faculty members, and invited educational experts. The Fulbright TEA Program provides academic seminars focusing on new teaching methodologies, student-centered learning, content-based instruction, lesson planning, and instructional technology training for teachers.
U.S. School Placements: The program will also include a practicum of at least 40 hours with a U.S. partner teacher in a secondary school near the host university to actively engage participants in a U.S. classroom environment. Cultural enrichment, mentoring, and support will be provided to participants throughout the program.
Online Professional Learning Community: Each Fulbright teacher will participate in a virtual community with other international educators to collaborate and share best practices about education and leadership in the participating countries.
The online application is available at: https://fulbright.irex.org/ until February 19, 2022, 18:00 Almaty time.
FULBRIGHT TEA
Программа совершенствования педагогического мастерства Фулбрайт ТЕА спонсируется Бюро образовательных и культурных программ Государственного департамента.
Программа Фулбрайта — программа образовательных грантов, основанная в 1946 году и выдвинутая бывшим сенатором от штата Арканзас США Джеймсом Уильямом
Фулбрайтом и финансируемая Государственным департаментом США, с целью укрепления культурно-академических связей между гражданами США и других стран.
Грантами Фулбрайт награждаются студенты, ученые, учителя, и другие профессионалы из Соединенных Штатов Америки, а также граждане других стран для обучения, преподавания или проведения исследовательской работы в США. С момента открытия программы в 1946 года более 390.000 «Фулбрайтцев» приняли участие в программах Фулбрайт.
ПРОГРАММА ОБУЧЕНИЯ В АМЕРИКАНСКОМ УНИВЕРСИТЕТЕ
Еженедельные семинары: Преподаватели будут участвовать в еженедельных семинарах в принимающем университете с презентациями и обсуждениями под руководством сотрудников университета, преподавателей и приглашенных экспертов в области образования. Программа «Фулбрайта TEA» проводит академические семинары, посвященные новым методикам преподавания, обучению, ориентированному на учащихся, преподаванию, основанному на содержании, планированию уроков, а также обучению преподавателей технологиям преподавания.
Практика в американской школе: Программа также будет включать практику продолжительностью не менее 40 часов с американским педагогом-партнером в средней американской школе для активного вовлечения участников в американскую школьную среду. На протяжении всей программы участникам будет предоставляться культурное обогащение, наставничество и поддержка.
Онлайн сообщество профессионального обучения: Каждый учитель будет участвовать в виртуальном сообществе с другими международными педагогами для сотрудничества и обмена передовым опытом в области образования и лидерства в странах-участницах.
Дополнительная информация о программе Fulbright TEA доступна на сайте: www.fulbrightteacherexchanges.org
The Shanghai Cooperation Organisation University (SCO University, SCO)
The Shanghai Cooperation Organisation University (SCO University, SCO) is a network university. At a meeting of SCO education ministers in Astana in 2008, a series of documents were signed that defined the overall content of the SCO University concept.
The main mission of the University is to provide joint training of highly qualified personnel on the basis of agreed innovative educational programmes in specialities of priority interest to the economic and social development of the Shanghai Cooperation Organisation member states: regional studies, energy, nanotechnology, IT technology, ecology, economics, pedagogy.
The main languages of instruction within SCO University are the official languages of the SCO, Russian and Chinese, as well as the national language of the country of study.
There are 75 universities from five countries represented at SCO: Russia, China, Kazakhstan, Kyrgyzstan and Tajikistan. There is also interaction with observer countries - Mongolia, India, Iran and Pakistan.
Today, each participating country has its own national coordinating council of rectors, whose universities are part of the SCO. Proposals are initially prepared at the national level, after which the SCO University Coordination Council members will meet to adopt certain norms of education within the framework of the agreement.
This project is aimed at mutual knowledge exchange and academic mobility of students from different countries and at improving the level of education in the fields of study chosen by the participating countries.
The universities were selected through an open competition organised by the ministries of education of the participating countries.
Taraz State University named after M.H. Dulati has been among the leading universities of the Shanghai Cooperation Organisation Network University since 2012 in the fields of IT technology and ecology.
Filippov, Rector of the Peoples' Friendship University of Russia, was elected Rector of the SCO University and Chairman of the Coordinating Council of Rectors of SCO Universities.
Peoples' Friendship University of Russia led by V. Filippov, acts as a harmonising, legislative and organisational body for all participating countries, as a coordinator of the implementation, approval of the various procedures at the level of the Ministries of Education.
For more information go to: http://uni-sco.com/
УНИВЕРСИТЕТ ШАНХАЙСКОЙ ОРГАНИЗАЦИИ СОТРУДНИЧЕСТВА (УНИВЕРСИТЕТ ШОС, УШОС)
Университет Шанхайской Организации Сотрудничества (Университет ШОС, УШОС) это сетевой университет. На совещании министров образования государств-членов ШОС в г. Астана в 2008 году был подписан ряд документов, определивших общее содержание концепции Университета ШОС.
Основной миссией Университета является осуществление совместной подготовки высококвалифицированных кадров на основе согласованных инновационных образовательных программ по специальностям, представляющим приоритетный интерес для экономического и социального развития государств-членов Шанхайской организации сотрудничества: регионоведение, энергетика, нанотехнологии, IT-технологии, экология, экономика, педагогика.
Основными языками обучения в рамках Университета ШОС являются официальные языки ШОС - русский и китайский, а также государственный язык страны обучения.
В УШОС представлено 75 университетов из пяти стран: России, Китая, Казахстана, Киргизии и Таджикистана. Также осуществляется взаимодействие со странами-наблюдателями — Монголией, Индией, Ираном и Пакистаном.
Сегодня в каждой стране-участнице есть свой национальный координационный совет ректоров, чьи вузы входят в ШОС. Изначально предложения готовятся на национальном уровне, после чего будут собираться участники координационного совета Университета ШОС для принятия тех или иных норм обучения в рамках соглашения.
Данный проект направлен на взаимный обмен знаниями и академическую мобильность студентов из разных стран, на повышение уровня образования по направлениям, выбранным странами-участницами.
Отбор университетов осуществлялся в рамках открытого конкурса, проводимого министерствами образования стран-участниц.
Таразский государственный университет имени М.Х. Дулати входит в состав головных университетов сетевого Университета Шанхайской Организации Сотрудничества с 2012 года по направлениям IT-технологии и экология.
Ректором Университета ШОС, председателем координационного совета ректоров университетов ШОС был избран ректор Российского университета дружбы народов В. Филиппов.
РУДН во главе с В. Филипповым выступает как орган согласования, законодательства и организации для всех стран-участниц, как координатор проведения, утверждения различных процедур на уровне министерств образования.
За более подробной информации пройдите по ссылке: http://uni-sco.com/
Университет Шанхайской организации сотрудничества (УШОС)
№ |
Страна |
Вузы-партнёры по УШОС |
Дата заключения |
Срок реализации договора |
Направления подготовки |
ЛОГО |
|
дата начала |
дата окончания |
||||||
1. |
Российская Федерация |
Сибирский федеральный университет |
07.04.2023 |
07.04.2023 |
07.04.2028 |
Экология |
![]() |
2. |
Национальный исследовательский университет «МЭИ |
26.02.2023 |
26.02.2023 |
26.02.2028 |
Энергетика |
![]() |
|
3. |
Китай |
Северо-Восточный педагогический университет |
26.02.2023 |
26.02.2023 |
26.02.2028 |
Педагогика Экология |
![]() |
4. |
Кыргызстан |
Кыргызский государственный технический университет имени И. Раззакова |
02.02.2023 |
02.02.2023 |
02.02.2028 |
Энергетика IT-техноголии Экономика |
ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ УНИВЕРСИТЕТІ
Шанхай ынтымақтастық ұйымының университеті (ШЫҰ, USOS университеті) желілік университет болып табылады. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің білім министрлерінің 2008 жылы Астанада өткен отырысында ШЫҰ университетінің тұжырымдамасының жалпы мазмұнын айқындайтын бірқатар құжаттарға қол қойылды.
Университеттің негізгі миссиясы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламасында басым қызығушылық танытатын мамандықтар бойынша келісілген инновациялық білім беру бағдарламалары негізінде жоғары білікті кадрларды бірлесіп даярлауды жүзеге асыру болып табылады:
ШЫҰ университетінде оқытудың негізгі тілдері ШЫҰ-ның ресми тілдері – орыс және қытай тілдері, сонымен қатар оқытатын елдің мемлекеттік тілі болып табылады.УШОС бес мемлекеттің 75 университетімен ұсынылған: Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан. Сондай-ақ бақылаушы елдер – Моңғолия, Үндістан, Иран және Пәкістанмен өзара іс-шаралар жүргізілуде.
Жоба әртүрлі елдердің студенттерінің өзара білім алмасуы мен академиялық ұтқырлығына, қатысушы елдер таңдаған бағыттар бойынша білім деңгейін көтеруге бағытталған.
Университеттерді іріктеу процесі қатысушы елдердің білім министрліктері өткізген ашық конкурс аясында жүргізіледі.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті 2012 жылдан бастап IT-технология және экология салаларындағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының желілік университетінің бас университеттерінің мүшесі болды.
ШЫҰ университеттері ректорларының үйлестіру кеңесінің төрағасы болып Ресей Халықтар достығы университетінің ректоры В.Филиппов сайланды.
В.Филиппов басқаратын Ресей Халықтар достығы университеті барлық қатысушы елдер үшін үйлестіру, заңнама және ұйымдастыру органы, білім министрліктері деңгейінде әртүрлі рәсімдерді жүзеге асыру және бекіту бойынша үйлестіруші жұмысын атқарады.
Қосымша ақпарат алу үшін сілтемеге өтіңіз: http://uni-sco.com/