Super User

Super User

Бейсенбі, 02 Желтоқсан 2021 11:24

СТУДЕНЧЕСКАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ

В период с 25 по 30 октября 2021 года в Таразском региональном университете им. М.Х. Дулати прошёл первый тур XXIV студенческой научно – практической конференции. В институте «Водное хозяйство и природообустройство» конференция проходила по 9 секциям. Студенты кафедры «Водные ресурсы» зачитывали свои доклады на секции «Водные ресурсы». Всего было выслушано 22 доклада на различные темы. Были затронуты такие проблемы как: проблемы водоснабжения и водоотведения города Тараз; вопросы использования водных ресурсов бассейна реки Нура; модель управления водными ресурсами, осуществляемая в целях водосбережения в городе Тараз; проблемы трансграничных рек и т.п.

Бейсенбі, 02 Желтоқсан 2021 11:19

СТУДЕНТТІК КОНФЕРЕНЦИЯ

2021 жылдың 25-30 қазан аралығында М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде. XXIV студенттік ғылыми – практикалық конференцияның бірінші туры өтті. "Су шаруашылығы және табиғқа үйлестіру" институтында конференция 9 секция бойынша өтті. "Су ресурстары" кафедрасының студенттері "Су ресурстары"секциясында өз баяндамаларын оқыды. Барлығы түрлі тақырыптарға 22 баяндама тыңдалды. Тараз қаласының сумен жабдықтау және суды бұру мәселелері; Нұра өзені бассейнінің су ресурстарын пайдалану мәселелері қозғалды; Тараз қаласында су үнемдеу мақсатында жүзеге асырылатын су ресурстарын басқару моделі; трансшекаралық өзендердің проблемалары және т. б.

Студенческий научный кружок "Химик" кафедры "Химии и химической технологии" Технологического факультета Таразского регионального университета им. М. Х. Дулати впервые провел открытое заседание в формате мини-конференции на тему «30 лет Независимости Республики Казахстан: Молодежь и инновации в области химии» среди обучающихся организации общего среднего, технического и профессионального образования Жамбылской области. Цель - развитие интереса учащихся к исследовательской деятельности по химии. На конференции обучающиеся представили свои научные и оригинальные идеи в области химии.

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Технологиялық факультеті "Химия және химиялық технология" кафедрасының "Химик" студенттік ғылыми үйірмесінің ұйымдастыруымен Жамбыл облысының  жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл: жастар және химия саласындағы инновациялар" тақырыбында шағын конференция форматында алғаш рет ашық отырыс өткізілді. Мақсаты - білім алушылардың химия саласы бойынша зерттеуге деген қызығушылығын дамыту. Конференцияда білім алушылар химия саласындағы өздерінің ғылыми және бірегей идеяларын ұсынды.

Сейсенбі, 30 Қараша 2021 14:49

ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ, ҒАЛЫМНЫҢ ХАТЫ ӨЛМЕЙДІ

Дулати университетінде ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Еділ Үртайұлы Әшімов атындағы «Сәулеттік жобалау» аудиториясы ашылды.

Ақыл-ойын сарп етіп, бар күш-қайратын мамандар дайындауға, ғылымға жұмсап, еңбек еткеннен кейін оның бағаланғаны да орынды. Бүгінгі аудиторияның ашылуы Еділ Үртайұлы отандық ғылымға және қоғамдық өмірге қосқан зор үлесіне деген құрметтің айқын көрінісі.

2

Ғылыми шараға университеттің оқытушы-профессорлары, докторанттар мен магистранттар, ғалымның шәкірттері мен жары, туған-туысқандары қатысты.

Шара барысында университеттің Зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Д.Ы.Нұрмұханбет пен ғалымның жары Марита Болысбекқызы аудиторияның лентасын қиып, тұсаукесер рәсімін жасады.

3

 Ғалымның құрметіне арналған шараны Зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Д.Ы.Нұрмұханбет университет ректоры Т.І. Ешенқұловтың құттықтауымен ашып, профессор Еділ Әшімовтың еңбек жолына тоқталды.

Ғалымның құрметіне арнайы ашылып отырған дәріс залы болашақта өскелең ұрпақтың ғылымға деген қызығушылығын туғызып, шәкірттеріне үлгі-өнеге боларына сеніміміз мол. Отандық ғылымға өзіндік үлесін қосқан профессор Еділ Үртайұлы Әшімовтың ғылыми еңбектері мен игі істері студент-жастарымызға бай мұра болары сөзсіз.

5

4

Жексенбі, 28 Қараша 2021 14:34

VI УРКУМБАЕВСКИЕ ЧТЕНИЯ

В университете Дулати состоялась традиционная международная научно-практическая конференция «VI Уркумбаевские чтения», посвященная памяти доктора технических наук, профессора, академика Марса Уркумбаева.

В мероприятии приняли участие секретарь Жамбылского областного маслихата Махметгали Сарыбеков, ректор университета Талгат Ешенкулов, профессора Брагансского политехнического института Португалии Руи Педро и Мескита Гомез, из университета Западного Мичигана Сагин Жанай, профессорско-педагогический состав унитверситета, а также, ученые из Украины, Кыргызстана, России, Литвы, Узбекистана в онлайн формате.

6

В ходе конференции участники возложили цветы к памятнику Марса Фазыловича и была организована выставка фото, книг и достижений университета.

На пленарном заседании заслушаны 9 докладов, в рамках форума: «Дефицит энергии и пути решения» - 28 (Россия, Литва, Украина), «Эффективное совместное управление и использование водных ресурсов в адаптации к изменению климата» - 34, на секционном: Информационные системы и робототехника - 22, Экономика и право - 45, Естественные и социальные науки – 80.

2

5

7

Жексенбі, 28 Қараша 2021 14:29

VI ҮРКІМБАЕВ ОҚУЛАРЫ

Дулати университетінде академик, техника ғылымдарының докторы, профессор Марс Үркімбаев атындағы дәстүрлі «VI Үркімбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шараға Жамбыл облыстық мәлихатының хатшысы Махметғали Сарыбеков, университет ректоры Талғат Ешенқұлов, Португалияның Браганса политехникалық институтының профессорлары Руи Педро пен Мескита Гомез, АҚШ Батыс-Мичиган университетінен Сагин Жанай, университеттің профессор-оқытушылық құрамы, сонымен қатар, Ресей, Литва, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан ғалымдары онлайн қатысты.

6

Конференция аясында қатысушылар Марс Фазылұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, академикке арналған фотокөрме, университеттің жетістіктері мен кітапхана көрмесі ұйымдастырылып, өмірбаяны туралы фильм көрсетілді.

Сондай-ақ, пленарлық мәжілісте 9 баяндама, форум аясында: «Энергия тапшылығы және оны шешу жолдары» - 28 (Ресей, Литва, Украина), «Климаттың өзгеруіне бейімделе отырып, су ресурстарын тиімді бірлесіп басқару және пайдалану» - 34, секциялар аясында: Ақпараттық жүйелер және робототехника - 22, Экономика және құқық – 45, Жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар - 80 баяндама тыңдалы.

2

5

7

В рамках семинара по овладению технологиями обучения иностранным языкам обсуждались методы и приемы, необходимые для обучения компетенциям. В частности, особое внимание было уделено навыкам аудирования и письма, которые играют важную роль в обучении английскому языку.

Преподаватели кафедры «Мировые языки» поделились личным опытом. Кристина Мескита из Португалии подчеркнула ключевые предпосылки для обучения и преимущества использования навыков аудирования и письма. То есть каждому навыку было уделено особое внимание, самые важные из которых были учтены. Семинар был очень полезным, потому что система образования является сложным и постоянно развивающимся процессом.

3

По окончании 72-часового семинара преподавателям кафедры «Мировые языки» были вручены сертификаты. В результате преподаватели осваивают новые методы и вносят свой вклад в повышение качества образования подрастающего поколения. Одним из вопросов, обсуждаемых на семинаре была публикация научных статей в журнале Scopus.

4

Шет тілдерін оқытудағы технологияларды меңгеру семинары аясында оқыту құзыреттілігінде қажет етілетін әдіс-тәсілдер талқыланды. Соның ішінде ағылшын тілін оқытуда студенттерге, сондай-ақ оқытушылар үшін де маңызды рөл атқаратын тыңдалым және жазылым дағдыларына аса мән берілді.

«Әлем тілдері» кафедрасы оқытушылары өз алдына жеке тәжірибелерімен бөлісті. Португалиялық ғалым Кристина Мескита оқытудағы басты алғышарттарды атап өтіп, тыңдалым және жазылым дағдыларын қолданудың тиімді тұстарын көрсетті. Яғни, әр дағдыға жіті мән беріліп, олардың ішінде ең маңызды тұстары назарға алынды.

3

Алтын діңгек боп саналатын білім жүйесі, күрделі әрі әрқашан дамып отыруды талап ететін процесс болғандықтан, бұл семинардың пайдасы өте зор болды. Семинар аясында Scopus журналында ғылыми мақала жариялау жолдары қарастырылды «Әлем тілдері» кафедрасы ПОҚ-на 72 сағаттық семинар соңында Кристина Мескита тарапынан сертификат берілді.

4

Сейсенбі, 30 Қараша 2021 10:41

ЕРДІҢ ЖАСЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институты «Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының меңгерушісі экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Ахметов Ерғали Сейлбекұлы елу жасқа толып отыр.

Ахметов Ерғали Сейілбекұлы 1971 жылы желтоқсан айында Оңтүстік-Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Асық-Ата кентінде дүниеге келді. Абай атындағы орта мектебін 1989 жылы үздік аяқтаған.

1990 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтының «Жерге орналастыру» мамандығына оқуға түсті. Институт қабырғасында қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып, топ белсендісі, факультет комсомол ұйымының төрағасы болды. 1995 жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауылшаруашылық институтын бітіріп, «инженер - жерге орналастырушы» біліктілігін алды.

1995 жылдан бастап Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институты (қазіргі М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті), «Гидромелиоративтік жұмыстарды ұйымдастыру және технологиясы» кафедрадасында стажер-ізденуші, оқытушы, аға оқытушы, 2002 жылдың қыркүйек айынан «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» факультетінің тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары.

1999-2002 жылдары аралығында М.Х.Дулати атындағы ТарМУ аспирантурасында оқыды. 2006 жылы «Рациональное и эффективное использование земельных ресурсов в аграрных формированиях» тақырыбында диссертациялық жұмысын сәтті қорғап, 2007 жылы 30 мамырдағы шешімімен экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі, ал 2010 жылы экономика мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.

2008 жылдан бастап «Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының меңгерушісі.

Ерғали Сейлбекұлы жастардың қоғамдық қызметін жандандыру, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, рухани, интелектуалды дамуына ықпал етуге қажетті жағдай жасау және өмірлік көзқарасы бар тәрбиелі де саналы азамат ретінде дамуына ықпал етуде. Ол өз ұжымымен бірлесе отырып,студенттердің жетістікке жетуіне, спортта, шығармашылық, әлеуметтік салада белсенділігін арттыруына, салауатты өмір салтын насихаттау, дарынды жастарды іріктеп, оларға қолдау көрсетуде.

9 оқу-құралы мен 3 монографияның авторы және 76 ғылыми мақалалары алыс-жақын шет елдерде, республикамыздағы министрліктің бақылау комитеті ұсынылған басылымдарынан шыққан және 11 магистрлік диссертацияларға жетекшілік жасады.

«Жерге орналастыру және кадастр» мамандықтары бойынша Қазақстан Републикасының жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, оқу-әдістемелік кешендерді дайындауға қатысып, жетекшілік жасауда. Республика деңгейінде «Жерге орналастыру» және «Кадастр» мамандықтары бойынша оқу-әдістеме бірлестігінің мүшесі, институт, университет, қала, облыс деңгейінде қоғамдық іс-шараларына белсене қатысып, университет, қала және облыс әкімшілігі тарапынан бірнеше рет алғыс хаттармен марапатталды. 2020 жылы Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны “Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор”, “Құрметті картограф” төс белгісімен марапатталды.

2002 жылдан бастап қалалық сайлау учаскесінің төрағасы қызметін атқарып келе жатыр, ҚР білім және ғылым министрлі комиссиясы құрамында жоғары оқу орындарында мемлекеттік аттестациялау және халықаралық тәуелсіз аккредитациялау агенттігі комиссиясының жұмыстарын атқаруда.

Ерғали Сейлбекұлы отбасында жолдасы «Биология» кафедрасының аға оқытушысы Қуандықова Гулчехрамен үлгілі 4 ұл бала тәрбиелеп өсіруде.

Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Ерғали Сейілбекұлына ғылымның биік шыңдарына талмай өрлей беруіне және болашақта білімді де тәжірибелі ғалым-мамандарды дайындай беруіңізге тілектеспіз.

215 бет. Барлығы: 454
Top