Super User

Super User

Бүгін ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Дулати университетінің Кітапханалық-ақпараттық орталығында «Ашықтық, креативтік, жаңашылдық-2021» атты УНИВЕРСИТЕТТЕГІ КІТАПХАНА КҮНІ өтті.

Кітапхана – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз, өйткені өткен заман өрнектеріндей тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтері де содан табылады.
Айта кетейік, оқырмандар үшін университеттің 6 оқу кешенінде 22 кітап беру пунктілері, оның ішінде 4 абонемент 18 оқу залы бойынша қызмет көрсетеді.
Атаулы шарада университет ректоры Талғат Ілиясұлы қатысушылар мен әріптестерін құттықтады:
«Құрметті қатысушылар, бүгінгі ұйымдастырылып отырған атаулы күн құтты болсын. Сіздердердің Ұлттық құндылықтарды сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізіп, дамытуға қосып жатқан үлестеріңіз зор. Еңбектеріңіз жемісті болсын! Руханият игілігі жолындағы еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілеймін!».

WhatsApp Image 2021 10 15 at 22.26.36

Сондай-ақ, ҚР белгілі мәдениет қайраткерлері, қазақстандық кітап сауда баспаларының өкілдері, кітапхана ісі мамандары, студенттер қатысқан іс-шара аясында "АRT - Самғау-2021" сурет салу байқауы, «Читать Модно», «Библиоселфи челленджі» және «АРТ-вернисаж» жас суретшілер туындыларының көрмесі ұйымдастырылып, аймақтағы белгілі коммуникативті даму орталықтарының «Өз таңбаңды қалдыр» атты кездесу өтті.

WhatsApp Image 2021 10 15 at 22.26.38

Іс-шара соңында қатысушылар «Креативті маман-2021», «Белсенді оқырман-2021», «Ең көп оқылған автор-2021», «Кітапхана меценаты-2021», «Зейнеткер-2021», «Білікті маман-2021» номицациялар бойынша марапатталды.

WhatsApp Image 2021 10 15 at 22.26.37 1

WhatsApp Image 2021 10 16 at 00.07.11

WhatsApp Image 2021 10 16 at 00.07.46

WhatsApp Image 2021 10 16 at 00.07.46 1

Ректор университета Дулати побывал в горно-технологическом колледже в городе Каратау. После ознакомления с жизнедеятельностью учебного заведения был подготовлен предварительный план мероприятий направленных на повышение качества работы колледжа. Также было особо отмечено, что главной целью является оснащение материально-технической базы и подготовка кадров для работы в горно-технической отрасли региона.

 

 

14 қазан сағат 15.00-де. әскери кафедраның мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне әскери қызметке шақыру бойынша түлектермен үгіт-насихат іс-шарасы өтті. Іс-шараға Тараз қ. ҚІБ тәрбие, идеологиялық жұмыстар және ардагерлермен жұмыс жөніндегі бастығы майор М.Ә. Исенбаев, Тараз қ. ҚІБ әскери техникалық мектептің әскери дайындық және бастапқы әскери дайындық жөніндегі инспекторы Ю.А. Пак, тәрбие және идеологиялық жұмыс және ардагерлермен жұмыс жөніндегі инспекторы Н.Г. Аляева, әскери кафедра бастығы полковник С.А. Мұқышев және 86 түлек қатысты.

14 октября в 15.00 часов в актовом зале военной кафедры прошло агитационное мероприятие с выпускниками по призыву на воинскую службу в Вооруженные Силы Республики Казахстан. В мероприятии приняли участие: начальник по воспитательной и идеологической работе и работе с ветеранами УДО г. Тараз майор Исенбаев М.А., инспектор по военной подготовке военной технической школы и начальной военной подготовке УДО г. Тараз Пак Ю.А., инспектор по воспитательной и идеологической работе и работе с ветеранами Аляева Н.Г., начальник военной кафедры полковник Мукушев С.А. и выпускники в количестве 86 человек.

Қазақстан халқы жаһандану мен қоғамдық өзгерістер дәуірінде  этносаяси мәселелерді түсінудің алуан түрлі қадамдарын бастан өткізіп келеді.

Еліміздекез келген этнос санына қарамастан, біртұтас қазақстандық қоғамның маңызды әрі ажырамас бөлігі болып табылады.

Бүгінгі таңда Қазақстан бауырына басқан жүздеген ұлттар мен ұлыстардың  арасындағы тұтастық, татулық пен бірлік, жарасымды сыйластықтың берік сақталуына мемлекет тарапынанерекше мән беріліп отыр.

Осы ретте адами құндылықтар және оның қоғамдық дамуы мен ұлттың өркендеу жолындағы теңдесіз рөлі мен кемел келешегін, стратегиялық маңызын жете сезіне білуіміз керек.

Қазақстан-посткеңестік кеңістіктегі ерекше ел, онда жүзден астам түрлі этностар мен этникалық топтар бейбіт және тату-тәтті өмір сүруде. Олардың дәстүрлері мен мәдениетін дамыту мен сақтауға мүмкіндіктері бар.

Бүгінде университетте 15 836 студент оқиды, оның ішінде 2264 - 34 этностың өкілдері. Ең көп бөлігі, бұл өзбектер - 4,5% (708), түрікмендер - 4,4% (691), орыстар - 2,4% (377) және т.б.

2016 жылдан бастап университетте көпмәдениетті білім мен ұлтаралық қарым -қатынасты дамытуға бағытталған «Қазақстан халықтары Ассамблеясы» кафедрасы жұмыс істейді. Кафедраның негізгі міндеті -  мұғалімдер мен оқушылар арасында бейбітшілік пен қоғамдық келісім мәдениетін тәрбиелеу; ұлттық бірегейлікті және ұлттық бірлікті нығайту; «Рухани Жағыру» бағдарламасының негізгі түсініктерін насихаттау. «Рухани сабақтастық (әл-Фарабиден Хакім Абайға дейін)», «Ұлттық дәстүрлер», «Дулатитану», «Бауыржантану», «Аймақтану», «Қазақстанның қасиетті географиясы» деген пәндер келісімді, конфессияаралық толеранттылықты, туған жерге махаббат пен әртүрлі мәдениетке құрметпен қарауға бағытталған. Гуманитарлық бағыттың білім беру бағдарламаларына «Қазақстандағы этностар мен этностар тарихы» пәні кіреді.

2

Университетте жастар санасын этникалық ұлтшылдық  әрекеттерден сақтау мақсатында ғылыми-практикалық семинарлар, сауалнамалар, пікірсайыстар, дебаттар, мультимедиялық жобаларөткізіліп, алдын алу қызметінің негізгі теориялық-әдістемелік әзірлемелері жасалып, оған интерактивті сипаттағы тәсілдер мен технологиялар енгізілді.

Жыл сайын облыс тұрғындары мен студенттері арасында «Жамбыл облысының жастар арасындағы этносаралық байланыстар», «Жастардың құндылық бағдары»,«Мемлекеттік жастар саясаты: қалыптасуы мен даму перспективалары»,«Конфессияаралық қатынастар саласындағы студент жастардың құқықтық құзіреттілігін арттыру»тақырыптары бойынша әлеуметтік зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Барлық іс-шаралар студент жастардың бойында бейбітшілік пен этносаралық келісім мәдениетін тәрбиелеуге, студенттердің ұлттық, әлеуметтік, діни көзқарастарына, дүниетанымына, ойлау стилі мен мінез-құлқына қарамастан адамдармен және әртүрлі топтармен сындарлы өзара іс-қимыл жасауға қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруға бағытталған.

Университет мамандары жүргізген зерттеулер нәтижесі бойынша 2020 жылы студенттердің азаматтық бірегейлік деңгейі 83,7%-ға жетті,2017 (56,8%) жылмен салыстырғанда көрсеткіш 26%-ға өскен. 

WhatsApp Image 2021 10 14 at 20.02.56 2

Бұл қазақстандық патриотизмді нығайту және этносаралық қарым-қатынас саласындағы мемлекеттік саясаттың императивтерін дұрыс түсіндіру ісіндегі педагогтардың бірлескен күш-жігерінің нәтижесі болып табылады. 

Университет пен Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін биылғы жыл ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылуымен ерекшеленді. Оған сәйкес біздің облыстың көпұлтты қоғамдастығында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жұмыс одан да көп болады. Қазіргі таңда университеттепсихологиялық қызмет көрсету жұмыстары қолға алынып, студент жастардың психикалық ерекшеліктерін зерттеу, психологиялық сауаттылықты қалыптастыру, толеранттылық пен эмпатияны дамыту мәселелері негізгі бағытқа айналып отыр. 

Тарихы терең және 80 астам этнос өкілдерінің Отанына айналған Тараз өңірінде өткізіліп отырған осы іс-шара қатысушыларына алғысымды білдіре отырып, Еліміздің жарқын болашағы үшін жасалып жатқан елеулі еңбектеріңіздің жемісті болуына тілектеспін!

21.10.2021 в 15.00 по адресу Проспект Жамбыла 16, корпус 5.2 Университета Дулати, состоится открытое личное первенство по настольному теннису среди ППС и сотрудников университета.

Приглашаем всех любителей настольного тенниса.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған балалар мен жасөспірімдер арасында Каратэ-до Шотоканнан облыс біріншілігі өтті.

Аталмыш жарысты Жамбыл облысының Каратэ-до Шотокан федерациясының ұйымдастыруымен және Дулати университетінің қолдауымен өткізілді. Жарысқа облысымыздың 150 ден астам жас спортшыларымыз өз шеберліктерін тексеріп бақ сынады.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректор Талғат Ильясұлы Ешенқұловтың Жамбыл облысы Каратэ-до Шотокан федерациясының құрметті президенті лауазымындағы алғашқы жарысы жоғары деңгейде өтті.

 
 

 

Сонымен қатар, университет қабырғасында ұйымдастыру жұмыстарын "Сұңқар" спорт клубы мен "Дене шынықтыру мен спорт теориясы" кафедрасының тікелей ұйымдастыруымен өткізіліп отыр.

Каратэ-до Шотокан федерациясын төрағалық еткен, Каратэ-додан Қазақстан Республикасының спорт шебері Махамбетов Еріктің басқаруымен Иргашев Алишер, Жексенбаева Қасиет, Джумамуратов Нұрлан, Кетебаев Мырзабек, Сайлауов Абылайхан, Кетебаев Қайырамбек атты студенттеріміз облыс деңгейіндегі жарыста төрешілік жұмыстарын шеберлікпен атқарды.

 
 

 

Облысымызда салауатты өмір салтын насихаттау мен дамыту мақсатында Дулати университеті өз үлесін айқын көрсетіп келеді. Спорт саласын жан-жақты дамыту бойынша алға қойған мақсатқа жетуге бастаған қадам жеңісті болсын деген ниеттеміз. Болашақта спортшылардан үмітіз зор, сеніміміз мол!

Бейсенбі, 14 Қазан 2021 05:10

ХАБАРЛАНДЫРУ

Спорттық кешендердегі кезекшілік кестесі

Студенттер назарына!

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Студенттік жатақханаларында

№ 1 (Ниетқалиева көшесі № 2) - 182 бос орындар бар;

№ 2 (Сәтпаев көшесі № 25) - 33 бос орындар бар;

№ 3 (Жамбыл даңғылы № 16 А) - 50 бос орындар бар.

Жатақханаға орналасуға өтініш беру «Platonus» ААЖ арқылы өтінішті толтыру және қажетті құжаттардың электронды көшірмелерін тіркеу арқылы жүзеге асырылады.

Жатақханада тұру құны айына 4000 (төрт мың) теңгені құрайды. Төлем ЖСН арқылы Халық банкінің бөлімшелерінде жүзеге асырылады. Барлық сұрақтар бойынша СҚО (мекен-жайы: Төле би № 62) немесе  CALL – орталығына 55-67-20 хабарласыңыз.

Жатақханалардағы бос орындар туралы ақпарат 20.11.2021 ж. күнге ұсынылған.

Бейсенбі, 14 Қазан 2021 03:54

ОБЪЯВЛЕНИЕ

График дежурств в спортивных комплексах

Вниманию студентов!    

В студенческих общежитиях Таразского регионального университета им. М.Х.Дулати

№ 1 (ул. Ниеткалиева №2) - 182 свободных мест;

№ 2 (ул. Сатпаева №25) - 33 свободных мест;

№ 3 (Проспект Жамбыла №16 А) - 50 свободных мест.

Подача заявлении на предоставления места в общежитии оуществляется через АИС «Platonus», путем заполнения заявки и прикрепления необходимых электронных копий документов.

Стоимость проживания в общежитии составляет 4000 (четыре тысячи) тенге в месяц. Оплата производится по ИИН в филиалах Народного банка. По всем вопросам обращаться в ЦОС (адрес: Толе би № 62) или в CALL – центр 55-67-20.

Информация о свободных местах в общежитиях представлена на 20.11.2021 г.

Амиртаева.jpg

АБДРАХМАНОВА АЙГУЛЬ ТУРСЫНБАЕВНА

психолог

Байланыс: 87056145726, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Буйембаева Шынар Бакытжановна%20

БУЙЕМБАЕВА ШЫНАР БАКЫТЖАНОВНА

психолог

Байланыс: 87077632529,Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Психологиялық-педагогикалық қолдау орталығы өз қызметін студенттердің психикалық және жеке дамуы үшін ең қолайлы психологиялық-педагогикалық жағдайларды қамтамасыз ету, университет ұжымында қолайлы психологиялық климатты қалыптастыру, білім беру процесінің барлық субъектілеріне жан-жақты психологиялық қолдау көрсету мақсатында жүзеге асырылады.

Педагог-психолог жұмысының мақсаты:

– студенттерге жеке тұлғаны дамыту, позитивті әлеуметтену, кәсіби даму және өмірде болып тұратын мәселелері өздігінен уақытылы және жан-жақты шешіп үйретуге бағытталған психологиялық көмек көрсету.

Университет психологына хабарласуға болатын сұрақтар:

  1. Оқудағы қиындықтар. Кейбір студенттер өздері қалағандай оқи алмайды. Мұның көптеген себептері болуы мүмкін. Мысалы, есте сақтау қабілеті жақсы емес, шашыраңқы көңіл-күй, мотивациясының жоқтығы немесе мұғаліммен проблемалар, тағы да басқа мәселелер. Консультация барысында біз мұның себебі неде және оны қалай түзетуге болатынын анықтауға тырысамыз.
  2. Топтағы қарым-қатынастар. Өзгелермен оңай байланыс табатын, кез-келген, тіпті таныс емес компанияда оңай тіл табысатын адамдар бар. Бір-бірімен танысуға қиын болатын адамдар да бар, Психологтың көмегімен Сіз әртүрлі жағдайлардағы адамдармен үйлесімді қарым-қатынас құру тәсілдерін біле аласыз.
  3. Ата-аналармен қарым-қатынас. Кейде біздің ең жақын адамдарымыз – ата-аналарымызбен ортақ тіл мен жылы қарым-қатынас жоғалады. Жанжалдар, өзара түсінушіліктің болмауы – әдетте балалар мен ата-аналарға ауыртпалық әкеледі. Психолог Сізге ата-анаңызбен жаңа қарым-қатынас орнатуға және оларды түсінуді үйренуге, ата-анаңызды қалай түсінуге және қабылдауға болатын жолдармен бөліседі.
  4. Өмір жолын таңдау. Егер Сіз қай жолмен жүргіңіз келетінін білмесеңіз, психологпен сырласуға мүмкіндік бар. Бұл Сіздің армандарыңызды, тілектеріңізді және мақсаттарыңызды жүзеге асыруға, ресурстарыңызды, бейімділіктеріңізді және қабілеттеріңізді түсінуге көмектеседі.
  5. Өзін-өзі басқару және өзін-өзі дамыту. Біздің өміріміздің қызықты әрі көп қырлы болғаны соншалық, ол бізге үнемі көптеген міндеттер қойып отырады. Олардың көпшілігі керемет күш-жігер мен жеке қасиеттер мен дағдыларды дамытуды қажет етеді. Көшбасшылық немесе дауласу дағдыларын, логикалық ойлауды немесе шығармашылықты дамытуға болады. Сіз өзіңіздің өміріңізді басқаруды, мақсат қоюды және оларға тиімді жетуді үйрене аласыз. Психолог дегеніміз – белгілі бір сапалар мен дағдыларды дамыту технологиясының иесі және Сіздермен осы технологияны қуана-қуана бөлісетін адам.
245 бет. Барлығы: 460
Top