«ҚАЗАҚ ВАЛЬСІНІҢ КОРОЛІ» 90 ЖАСТА!

«Қазақ вальсінің королі», ҚР Әнұранының автороарының бірі – Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толуына орай, Түркістан облысының Түркістан қаласындағы жаңадан ашылған балалар саз мектебінің алдына ұлы композиторлың ескерткіші ашылу салтанатына облыс әкімі Өмірзақ  Естайұлы Шөкеев қатысып, гүл шоқтарының қойылуымен аталған іс-шаралар мәресіне жетті.

Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жылдығына арналған іс-шаралар композитордың туған күні 2020 жылдың 15 тамызынан басталған еді. Шәмші ауылында композитор атындағы «Шәмші саябағы» ашылып, ескерткіш қойылды. Саябақтың төрінде мұражай ашылды.

Толығырақ

БІЗ – ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰРПАҚТАРЫ...

     « Тәуелсіздік алу – қиын, ал оны сақтап қалу одан да қиын ». Осы бір сөзді еліміздің тұнғыш президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салтанатты жиын-дарда халықымыздың қаперіне салып келеді. Бұл тектен-тек айтыл-маған сөз... Егер Тәуелсіздіктің 30 жылында еліміздің басынан өткен түрлі жағдайларды сараптай қарасаңыз, бұған анық көз жеткізер едіңіз.

Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

2020 жылдың 14 және 15 желтоқсанында ZOOM платформасында қашықтықтан «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» тақырыбында онлайн-форматта әңгіме жүргізілді, оған әскери кафедрада оқитын екінші және үшінші курс студенттері қатысты.

Әңгімелесу барысында Қазақстанның мемлекеттілігінің тарихы, тәуелсіздік жағдайындағы елдің даму стратегиясы, жаһандану және өңірлік интеграция проблемаларының өзекті мәселелері талқыланды.

Әскери кафедраның офицерлері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған қабырға газетін шығарды.

Толығырақ

МАТЕРИАЛДЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ТҮГЕНДЕУ.

2020 жылдың 10 мен 15 желтоқсан аралығында басшылық құжаттарға сәйкес әскери кафедрада материалдық құралдарды түгендеу өтті.

Материалдық құралдарға түгендеу жүргізу барысында Комиссия құрамы техниканың, мүліктің және басқа да материалдық құралдардың бар-жоғын тексерді. Түгендеу 85395 әскери бөлімі өкілдерінің қатысуымен жүргізілді.

Түгендеу қорытындысы бойынша актілер жасалды ескертулер жоқ.

Толығырақ

«ОҢТҮСТІК» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНА - 20 ЖЫЛ

2020 жылдың 12 желтоқсан күні өңірлік қолбасшылық құрылған күнінен бастап өзінің жиырма жылдығын атап өтті.

Салтанатты шараға әскери кафедра өкілдері запастағы полковник   К.Ш. Сағымбаев және запастағы подполковник А.А. Дүйсенбаев қатысты.

Іс-шараны өткізу барысында С. Нұрмағамбетов пен Б. Момышұлы батырларымыздың ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды. Өңірлік қолбасшылық штабында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, оларға мерекелік медальдар мен естелік кәдесыйлар табыс етілді.

Толығырақ

АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДИКТАНТ.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында 2020 жылдың 10 желтоқсанында әскери кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері университет тарапынан ұйымдастырылған Абайдың 175 жылдық мерей тойына арналған жаппай диктант жазуға қатысты.

Іс-шараның мақсаты - сауаттылық деңгейін арттыру, Абайдың дүниетанымын кеңінен насихаттау, жастарды оның рухани мұрасына баулу.

Толығырақ

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ-АЙТУЛЫ МЕРЕКЕ

Құрметті М.Х. Дулати атындағы өңірлік университетінің ұжымына!

Сіздерді ел өміріндегі орны бөлек мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күнімен әскери кафедрасының ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймын.

Толығырақ

ӘСКЕРИ КАФЕДРА СТУДЕНТТЕРІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ҚАБЫРҒА ГАЗЕТІН ШЫҒАРДЫ.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ТАРИХИ РӨЛІ,СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ МЕН ҮЛЕСІ

2020 жылдың 19 мен 24 қараша аралығында әскери кафедра студенттерімен ZOOM платформасында қашықтықтан оқыту форматында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тарихи рөлі, сіңірген еңбегі мен үлесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Отставкадағы подполковник, аға оқытушы Ұ.Ж. Жұмабеков Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіз егеменді мемлекеттің қалыптасуы мен дамуына қосқан тарихи рөлі, сіңірген еңбегі және орасан зор үлесі туралы айтып берді.

Толығырақ

«МАСКҮНЕМДІК ЖӘНЕ НАШАҚОРЛЫҚ ОҚИҒАЛАР МЕН ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КӨЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СТУДЕНТТЕРМЕН ӘҢГІМЕ

2020 жылдың 12-17 қараша аралығында әскери кафедра студенттерімен маскүнемдік және нашақорлық оқиғалар мен қылмыстардың көзі, адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) - инфекциясын жұқтырудың ықтимал жағдайлары туралы әңгіме өткізілді.

Цикл бастығы запастағы подполковник Ж.П. Наурызбаев студенттерге есірткіні қолданудың салдары туралы айтып берді, сондай – ақ, ішімдіктің зиянды әсері туралы білімдерін айтарлықтай кеңейтіп, АИТВ инфекциясын жұқтырудың ықтимал жағдайларымен, оның алдын алу және пайда болу себептерін ашып берді.

Толығырақ

«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

2020 жылы 9 қарашада әскери кафедра студенттерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы тақырыбында цикл бастығы запастағы подполковник Д.Ж. Қалилаев парасаттылық пен адалдыққа тәрбиелеу негіздері, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың таралуымен этикалық мәдениет деңгейі жөніндегі мәселелерді талқылады, сондай-ақ парасаттылықты ілгерілету үшін пайдаланылуы мүмкін әзірлемелермен таныстырды.

Толығырақ

ПОЛИЦИЯҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖАСАҒЫН ІРІКТЕУ (ПККЖ)

28-30 қазан аралығында «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕАҚ әскери кафедрасында полицияға көмек көрсету студенттік жасағының жетекшісі запастағы подполковник А. А. Дүйсенбаев жасақ құрамына енгізу үшін екінші курс студенттері арасында іріктеу өткізді.

Жетекші студенттерге оқу жылы бойы полицияға көмек көрсету студенттік жасағының жұмысы бойынша негізгі ережелерді жеткізді.

Толығырақ

«СУИЦИД, ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰБЫЛЫС РЕТІНДЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА СТУДЕНТТЕРМЕН ӘҢГІМЕЛЕСУ»

Әскери кафедра студенттерімен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, «Суицид әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде, іс-әрекеттің себептері мен шарттары» тақырыбында әңгіме жүргізілді.

Әскери кафедраның аға оқытушысы отставкадағы подполковник У.Ж. Жұмабеков студенттерге күйзеліске төзімділікті арттыратын, психикалық денсаулықты нығайтатын және қолдайтын тиімді мінез-құлық стратегияларын, өзін-өзі реттеу техникасын ұсынды.

Толығырақ

СТУДЕНТТЕРДІ «ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ҚР ЗАҢЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫРУ

2020 жылғы 12 және 13 қазанда әскери кафедра студенттеріне қашықтықтан «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелері жеткізілді.

Цикл бастығы, запастағы подполковник Д.Ж. Қалилаев тыңдаушыларды әскери қызметтің негізгі ережелерімен және әскери қызметшілердің мәртебесімен таныстырды.

Толығырақ

«ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ӘРЕКЕТ ТУРАЛЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СТУДЕНТТЕРМЕН САБАҚ

2020 жылғы 5 және 6 қазанда әскери кафедра студенттерімен «Экстремизмге қарсы іс-әрекет туралы» тақырыбында қашықтықтан таныстыру дәрісі өткізілді.

Цикл бастығы, запастағы подполковник Ж.П. Наурызбаев студенттерге экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының негізгі талаптарын жеткізді.

Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТІЛДЕРІ КҮНІ

Қазақстан халықтарының тілдері күні аясында әскери кафедра студенттерімен 2020 жылдың 7 мен 9 қыркүйек аралығында қашықтықтан онлайн форматта әңгімелер өткізілді. Офицер-кураторлар Қазақстан Республикасының аумағында тұратын халықтардың мәдениеті мен тарихы, қазақ тілінің дамуы мен таралуы, балаларды барлық халықтардың мәдениеті мен дәстүрін құрметтеу рухында тәрбиелеу туралы айтып берді.

Толығырақ

ӘСКЕРИ КАФЕДРАДА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ БАСТАЛУЫ

Бекітілген сабақ кестесіне сәйкес әскери кафедрада 2020-2021 жаңа оқу жылы басталды.

Коронавирустық пандемияға байланысты дәріс сабақтары қашықтықтан өткізіледі, әскери кафедрада практикалық сабақтар санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып өткізіледі.

Толығырақ

2020-2021 жаңа оқу жылына дайындық

«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ әскери кафедрасының кеңесінде әскери кафедра басқарушысының орынбасары запастағы подполковник М.Ф. Әлібеков 2019-2020 оқу жылындағы студенттерді оқытудың қорытындысын шығарды. Әскери кафедра қызметкерлеріне келесі 2020-2021 оқу жылына оқу процесін ұйымдастыру және өткізу үшін оқу материалдық базасын, әдістемелік құжаттамаларды және оқытудың техникалық құралдарын дайындау міндеті қойылды.

Толығырақ
Top