«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» ФАКУЛЬТЕТІНІҢ 1-КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

 

2024 жылының 24 - қыркүйекте Әлеуметтік жұмыс басқармасының психологы С.Н.Момынова және дінтану бойынша бас маманы Б.Қ.Алпысбаев «Экономика және құқық» факультетінің 1-курс студенттеріне рухани-адамгершілік қасиеттерді дамыту, ойын құмаралықтың зияндылығы (лудомания) және діни экстремизм көріністерін алдын-алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аталған кездесуде құмар ойынға деген паталогиялық тәуелділіктен арылу және деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтану, жастардың бойында ұлттық тәрбие мен діни сауаттылықтың жоғары болу қажеттілігі айтылды. Көптеген сұрақтар қойылып, оларға тұшымды психологиялық және дінтанулық бағытта жауаптар берілді.

https://www.facebook.com/share/p/Xryr1koXiQSin4VT/?mibextid=K35XfP

 

Top